Әбуова Гауһар ономастика



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата23.12.2023
өлшемі144.38 Kb.
#487762
1   2   3   4   5
Әбуова Гауһар ономастика

Топонимдердің жіктелуі 
Ороним - жер үсті қабатындағы нысандарының: тау, қырат, шың атаулары. 
Мысалы: Алатау, Хан Тəңірі, Қаратау, Айрақты, Шерқала, т.б. 
Спелеоним - жер асты қабатының нысандарының: үңгір, құдық, жар, лабиринт, 
сифон, жер асты өзен атаулары. Мысалы: “Құман үңгір”, “Балбұлақ” құдығы, 
т.б. 
Хороним - кез келген территория, аймақ, облыс, аудан атауы. Мысалы: 
əкімшілдік, қалалық, табиғи хоронимдер, Шығыс Қазақстан, Орта Азия, 
Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы. 
Агроним - жер бөлімшелерінің атауы. 
Гидроним - су нысандарының атауы. 

Потамоним - өзен атауы. Мысалы: Есіл, Ертіс, Шу, т.б. 



Лимноним - көл, көлшік, тоған атаулары. Мысалы: Балқаш, Сасықкөл
Алакөл, Жалтыркөл. 

Гелоним - саз, батпақ атауы. 

Океаноним - мұхит не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Атлант мұхиты, 
Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты. 

Пелагоним - теңіз не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Каспий теңізі, 
Арал теңізі. 

Пегоним - бұлақ атауы. Көкбұлақ, Ақмыш, Аманбұлақ, Жымпиты бұлағы. 
Топонимика нысан ерекшеліктеріне байланысты келесідей бөлінеді: 
Ойконим - елді мекен атауы. 

Астионим - қала атауы. Мысалы: Алматы, Ақтау, Ақтөбе, т.б. 

Урбаноним - қалаішілік нысан атаулары. Мысалы: агороним - алаң 
атаулары, годоним - көше атаулары, эмпороним-дүкен атаулары. 

Комоним - ауылдық елді мекен атауы. Мысалы: Шайыр. Нарыңқол, Қарасу, 
Жыңғылды. 
Дромоним - кез келген байланыс жолдары, жер үсті, су, жер асты, əуе қатынас 
атаулары. Мысалы: Жібек жолы, Қасқа жол. 
Некроним - жерлеу орындары: зират, бейіттер мен молалардың атауы. Мысалы: 
Қараман ата, Шақпақ ата, т.б. 
Дримоним - орман, алқап, тоғай атауы. 
Инсулоним - арал атаулары. 
Экклезеоним - ғұрыпты өткізу орындары мен кез келген дінге бағну орындары 
монастырь, шіркеу атаулары. Мысалы: Орталық мешіт, Никольская церковь. 
Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне 
қарай макротопонимдерге, мезотопонимдерге, микротопонимдерге бөлінеді. 
Макротопоним - ірі физикалық-географиялық объектілерінің: тау жоталары
үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б. атаулары. Мысалы: Сарыарқа, Ақжайық, Нарын, 
Бетпақ дала, Қызылқұм. 
Мезотопоним - жеке таулар, теңіздер, т.б. атаулары. 
Микротопоним (шағынтопоним) - кең қауымға беймəлім географиялық 
объектілердің:көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б. атаулары. 
Пайда болу жағынан эндоним жəне экзонимдерге жіктеледі. 
Эндоним - жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық нысандарға 
берген атаулары. 
Экзоним - сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген 
атаулары. 
Этнотопоним - этнонимдердің қатысымен қалыптасқан жер-су атаулары. 
Мысалы: Қалмаққырған, Қоңырбұлақ, Базар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет