Әбуова Гауһар ономастика


Космонимдер мен астронимдер



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата23.12.2023
өлшемі144.38 Kb.
#487762
1   2   3   4   5
Әбуова Гауһар ономастика

Космонимдер мен астронимдер 
Ономастикада ғарыш денелерінің атауларын космонимдер мен астронимдер деп 
белу қалыптасқан. 
Космонимдер дегеніміз, ғарыш кеңістігі, галактика, жұлдыздар жүйесін немесе 
оның бөлшектерін, жұлдыздар шоғырының атауларынан тұратын жалқы 
есімдердің бір түрі. Астронимдер дегеніміз - жеке, бір нүктедегі аспан 
денелерінің (планеталардың, кометалардың, астероидтардың, метеороид) жалкы 
есімдері. Осыған сəйкес космонимдер мен астронимдерді космонимика мен 
астронимика зерттейді. Ономастиканың бұл бөлімі əлі де зерттеулерді қажет 
етеді. Сол себептен терминге байланысты бірізділіктің болмауы кездеседі. Ю.А. 
Карпенко, В.Д. Бондалетов, Т. Жанұзақов, К.Г Аронов секілді бірқатар 
ғалымдар космоним жəне космонимика деп атауды жөн көрсе, М.Э. Рут 
астронимика деп атауды жөн көреді. Бұның өзі бұл салаларды терең зерттеу 
қажеттігін алға тартады. ХХ ғасырдың 70-80-жылдары ғарыш обьектілерінің 
атаулары бірыңғай зерттеле бастады. Н.В. Подольскаяның сөздігінде космоним 
(космонимика) жəне астроним (астронимика), селеноним (айдағы кез 
келгенобьект атауы), марсионим (Марстағы кез келген обьект атауы), 
меркурионим (Меркурийдегі кез келген обьект атауы), венусоним (Шолпандағы 
(Венера) кез келген обьект атауы) т.б. терминдерінің анықтамалары берілген. 
Құралсыз көзге көрінетін аспан денелерінің атауын ғалымдар халықтық деп 


есептейді. Таным-түсінігі шеңберінде адамдар өз өмір сүрген кезеңінде оларға 
атау берген. Қазақ космонимдерінде де халықтық атаулар бар: Іңір жұлдыз 
(Венера), Сары жұлдыз (Юпитер), Үшарқар (Пояс Ориона), Жетіқарақшы 
(Большая медведица), Темірқазық (Полярная звезда) деген секілді. 
Космонимдер регоиналды ономастикада белгілі бір территориядағы, дəлірек, 
аспан кеңістігіндегі жалқы есімдерді зерттейді. Осы ономастиканың шеңбері 
негізінде бірнеше аспектіден қарастырылады: ономасиологиялық аспект- 
ономастикалық кеңістікте перифериялық шектеріндегі атау мен беру 
приницптерін қолданады. Этнолингвистикалық аспект-ұлттық таным негізінен 
пайда болған космонимдер мен астронимдердің халықтық атау мəселесінде 
маңызды рөл атқарады. Бұл атаулар ұлттық көзқарас, наным-сенім негізінде 
туындаған. 
Қорытындылайтын болсам, ономастика ғылымының əр бөлімі адамзат өмірінің 
ажырамас бөлігі. Олар ұлттық тарихты, мəдениетті жеткізуде айрықша рөл 
атқарады. Ономастиканың аталған бөлімдері ғылым мен адамзат өркениетін 
алдыға жылжытуда елеулі үлес атқаруда. Сондықтан, бұл саланы жаңғырту, 
жандандыру, терминдік жүйесін бағамдай түсу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет