байқалатын əр халықтың өзіндік атау беру дəстүрі бар. Антропонимдерді
ономастиканың арнайы бөлімі - антропонимика зерттейді.
Əр халықтың өзіне тəн атау
беру семантикалық модельдері бар. Антропонимдердің жеке түрлері үшін əр
түрлі болатын семантикалық модельдер лексика-семантикалық
таптастыру
арқылы ажыратылады.
Кісі аттарын бірнеше түрде таптастырады. Мысалы В.А. Никонов кісі аттарын
үш топқа бөлген:
а) анықтамалы есімдер (дескриптивтер).
ə) тілек-есімдер (дезидеративтер),
б) арнау-есімдср (меморативтер).
Қазақ антропонимдерін зерттеуші Т. Жанұзақов В.А. Никонов классификациясы
негізінде есімдердің төртінші тобын мəдени-тарихи немесе əлеуметтік,
негізінен діни наным-сенімдерге. тотем, табу жəне қазақ халқының мəдени
дəстүрлеріне байланысты есімдерді бөлу арқылы қазақ кісі аттарының толық
лексика-семантикалық таптастырылуын жасаған.
Т. Жанұзақовтың бақылауы бойынша, қазақ кісі аттарының семантикасы анық.
Себебі олардың көбі қазақ халқына түсінікті қазіргі лексикалық жүйедегі
қолданылып жүрген сөздерден жасалған (Асылжан, Арман, Қайрат, Талғат,
Ұлпан, Нұрсұлу, т.б.). Қазіргі кезде балаларға əдемі, сəнді
есімдерді беру
көрініс алып келеді. Сонымен қатар ата-ана мазмұны жағынан ғана көркем
емес, естілуі жағынан да жағымды есімдерді тандайды.
Қазіргі атаулардың
интернационалдық тенденциясы да қызыкты: балаларға ағылшын тіліне оңай
өзгертілетін интернационалды есімдерді береді (Дана - Dana. Жанна - Janna.
Jane, Жанат - Janet. Ерик - Erik т.б.).
Антропонимдер шығу тегі бойынша, негізінен, екінші текке жатады. Яғни олар
тілдің апеллятив лексика негізінде жасалады. Түркі, үнді-еуропа халықтарының
антропонимдері негізінен үш түрде - күрделі, туынды, апеллятивтік (соңғысы
күрделі жəне туынды болуы мүмкін) берілген.
• Күрделі есімдер (композита) екіден кем емес түбір морфемалардан жасалады
(каз. Айгүл, Жансая, Мейрамгүл, Бақытгелді, Ақжол, Еламан;)
• Туынды есімдер əр түрлі ономастикалык
форманттар арқылы, сөздерді
қысқарту жəне арнайы аффикстер жалғау арқылы жасалган есімдер (қаз.
Маркс+Энгельс+Ленин+Сталиннен Мэлс; Дана+ Элеонорадан Данэль;)
• Апеллягив есімдер - шартты түрдегі атау,
себебі есімдер көбінесе
апеллятивтерден жасалады. Кісі есімдерінің бұл түріне мағынасы жалпы есім
лексика мағынасына сай келетін есімдер жатады (қаз. Бақыт, Асқар, Арман,
Асылжан, Үміт, Маржан;)
Достарыңызбен бөлісу: