Зооним түрлеріне қарай жасалған зерттеулер бойынша фелисонимдер (мысық
аттары), фелисонимика - фелисонимдерді зерттейтін зоонимия түрі.
Зоонимдерді зерттеу этногенетикалық байланыс пен халық қоныстанған
территорияны анықтауға мүмкіндік береді, Жалқы есімдердің басқа да түрлері
сияқты зоонимдерге де экстралингвистикалық факторлар ықпал етеді.
Қазақ
жалқы есімдерін зерттей отырып, Т. Жанұзақов былай деп жазады: "Зоонимдер
тілдің əр дəуірі бойынша бай материал береді. Олардың кұрамынан көне
грамматикалық
формалар, шет тілдік, тарихи, диалект
сөздерді кездестіруге
болады". Мəселен Т.В. Линконың байқауынша,
Талдықорған облысында улкен
сөзін дəу сөзімен алмастыру жиі байқалады: Дəукөк, Дəубас, Дəуқабақ т.б.
Жамбыл облысының Мерке ауданында жеке сөздерде ш-ның орнына ч əрпінің
қолдануы көбірек кездеседі: Алчақ. Ақчолақ, Чунақ. Чуйкетай т.б.
Жануарларға атау тағудың семантикалық моделінде мынадай уəждер қатысады:
Жануарлардың түсі (Бозат. Торыат. Керқұла, Ақтөс, ):
Жануарлардың сыртқы белгілері (қаз. Ұзынқұйрық, Қисық, );
Жануардың
жүріс, мінез ерекшеліктері (Саққұлақ. Жорға. Алыпсоқ, Желаяқ,)
Жануардың туу мезгілі (орыс. Ночка. Вечерка. Декаврина;);
Бəйгеге қатысып, жүлделі орын алған сəйгүліктерді Бəйгекүрең, Бəйгеторы,
Бəйгежирен т.б.
• малдың сұлу, əдемілігін көрсететін атаулар: Сұлу, Асыл, Əдемі, Сүлікқара т.б.;
• табиғат құбылыстарына қарай аталған: Найзағай, Жаңбыр, Сарықар)
Жəй атаулар: Қыран, Арыстан:
• күрделі атаулар: Ешкібас, Аққұс, Ақпағым, Сарытебеген.
• Құрамды атаулар: Шолақ құйрық, Қайқыбел Көк қасқа.
Достарыңызбен бөлісу: