Әдеби жанрлар Эпикалық жанрға


Жығылғанды тұрғызсаң,  Жылағанды



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата10.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#494835
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Көркемдегіш құралдар (1)

Жығылғанды тұрғызсаң, 
Жылағанды уатсаң, 
Қисайғанды түзетсең, 
Сұлтан ием жасапты.
(Шалгиіз) 
Мұндағы «жығылған, жылаған, қисайғандар» - жәбір көріп, жапа шеккендер. 
Ақ сақалдар мен қара сақалдар тегіс жиналды. Дудар бас шауып келді. Шегір көз әлі 
отыр екен. «Ақ сақал,қара сақал, дудар бас, шегір көз» деген сөздер сипатына қарай 
адамды меңзейді. 
«Сәкенді оқыдым» дегенде «Сәкеннің кітаптарын оқыдым» деген ой айғақ болып тұр. 
 
Гипербола – затты, нәрсені өз шамасынан ұлғайтып, асыра суреттеу. 
Келбетіне қараса, 
Омырауы даладай, 
Жолбарыстай жон түзген 
Аш күзендей бүгілген, 
Ор киіктей жүгірген, 
От басы орны отаудай, 
Қабырғасы жонсаудай 
Ор қояндай қабақты, 
Қиғаш қамыс құлақты, 
Тарланды мінер ме екенбіз? 
( Ақтамберді ) 
 
Литота - затты, нәрсені өз шамасынан төмендетіп, кішірейте суреттеу. 
Астына мінген Тарланның 
Тұрпатына қараса, 
От орнындай тұяқтан 
Оймақтайы қалыпты 
Етектейін еріннің,
Екі елісі қалыпты 


Қиған қамыс құлақтан, 
Жалбыраған жалыннан 
Жалғыз қарыс қалыпты. 
(«Ер Тарғын» жырынан) 
Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы 
құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу.
Сары ала туы салбырап, 
Қабағы тастай түйіліп, 
Аллалап Тарғын шабады. 
Ай бетіне кіреді, 
Күн бетінен шығады. 
Қойға бір бөрі 
Бөріктіре қырады. 
Талай қалмақ құлады, 
Ер қайратын сынады. 
Сүйіп мінген Тарланға 
Басты келіп дойырды, 
Тарлан салды мойынды, 
Толып жатқан қалмаққа 
Тарғын салды ойынды, 
Талай қалмақ жойылды. («Ер Тарғын» жырынан) 
 
Ирония - келеңсіз жайттарды, ұнамағанды жеңіл, астарлы кекесінмен айту. 
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз, 
Артқыға қандай егін еккеніңіз! 
Жусақ та денемізден кетер емес, 
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз» 
(С.Торайғыров) 
 
Сарказм - ащы мысқылмен, мазақ ете суреттеу. 
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың!
Достарың келіп табалап, 
Дұшпаның сені басқа ұрсын! 
(Махамбет) 
 
 
Антитеза (Шендестіру) – екі нәрсені не екі құбылысты екі жағдайда бір біріне қарама-
қарсы қойып суреттеу.
Сен алтынсың – мен пұлмын, 
Сен жібексің – мен жүнмін, 
Сен сұлтансың – мен құлмын, 
Сен сұңқарсың – мен қумын(Шалкиіз) 
Бұқар барсаң қолаң бар, 
Қолаңды көр де шашым көр. 
Зергер барсаң қасында 
Алтыннан соққан түйме бар. 
Түймені көр де басым көр. 


Молаға барсаң қасында 
Қиюлы жатқан қалам бар, 
Қаламды көр де қасым көр. («Ер Тарғын» жырынан) 
 
Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу, яғни көзге көрінбейтінді 
бейнелер арқылы беру. Мысалы, «Түлкі мен ешкі» ертегісінде түлкі қулық, зорлық; ешкі - 
аңқаулық бейнелерінде берілген. 
Анафора – айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында 
бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы. 
Отан – менің ата-анам, 
Отан – досым ,бауырым 
Отан - өлкем, астанам, 
Отан – туған,ауылым,- деген өлең жолдарында «Отан» сөзі әр шумақ басында қайталанып 
келіп тұр. 
Эпифора - өлеңнің әр тармақтарының соңында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бір 
сөздің қайталанып келуі. Ақындар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың басты 
қасиетін өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталап, оқиғаны үдете,дамыта көрсетеді.
Кетеген болса,түйең жау
Тебеген болса, биең жау
Ұрысқақ болса, ұлың жау
Керіскек болса, келін жау
(Үмбетей) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет