Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар



бет6/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

2.2. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар


Әдеби-эстетикалық ілімнің дамыған тұсы – Қайта өрлеу, яғни Ренессанс дәуірі. ХҮ және ХҮІІІ ғғ. Батыста географиялық жаңалықтардың көптеп ашылуына байланысты гуманизм кең
қанат жая бастады. Әлемдік тарихта ХІҮ ғасырда Италияда, ХҮ- ХҮІІ ғасырларда Испанияда, Францияда, Германияда, Голландияда, т.б. Еуропа елдерінде өрістеген Ренессанс гума- нистік идеялардың алдыңғы қатарға шығып, өнер мен әдебиеттің жаңғыру, даму дәуіріне айналды. Қайта өрлеу дәуірінде адамдар ерте дүние әдебиетін жаңаша тани бастады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда осы дәуірдің ұлы тұлғасы Рене Декарттың (1596-1650) философиялық идеяларының әсерімен болмыс категориялары туралы түсінік өзгеріп, бұрынғы концеп- цияларды қайта бағалау орын алды. Ренессанс эстетикасындағы адам туралы жаңа концепция бойынша, «жан дүниесі күрделі, сан қырлы адам – табиғаттың ең жоғарғы туындысы». «Мен ой- лаймын, ендеше, мен тірімін» деп пайымдаған Р.Декарт өнер туындыларындағы әсемдік мазмұн мен пішіннің бірлігінде, үйлесімінде деп білді. Декарттың түсінігінде, адамның ақыл- ойы тумысынан идеяларға ие, оның ақиқаттығы еш күмән ту- ғызбайды. Сондықтан ақыл рационализм философиясының, кейіннен классицизм өнерінің басты ұғымына айналады.
Никола Буало (1636-1711) «Поэтикалық өнер» атты басты теориялық еңбегінде осы дәуірде Еуропада қанат жайған класси- цизм бағытының әдеби принциптерін белгіледі. Оның Горацийдің «Поэзия ғылымы туралы» шығармасына еліктеп, поэма формасында жазылуы да тегін емес. Поэтикалық өнер» классицизмнің бағдарламалық шығармасы болды. Классицистер өнердің мақсаты ақиқатты тану деп ұқты. «Поэтикалық өнер» эстетиканың басты үш категориясын бағдар тұтты. Олар: ақыл, үлгі, талғам. Классицистердің пікірінше, ұлы шығармалар – табиғи дарынның, шабыттың, көркемдік қиялдың жемісі емес, олар – көне дәуірдің классикалық шығармаларын оқудың, талғам тәртібін білудің және ақылға сүйенудің нәтижесі. Осыдан келіп, олар әдеби шығармашылықты ғылыммен тікелей байланыстыр- ды. Сондықтан Н.Буало француз философы Рене Декарттың классицизмдегі көркемдік танымның негізі болған рационалистік идеясын тірек етті. Дегенмен Буало «шындықтан асқан сұлу жоқ», «сөз аяғын ұйқастырғанның бәрі ақын емес» деген өмір- шең ойларын да қалдырды. Ол өнер туындысын абсолютизм дә-
уірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің сая- си талап-тілегін қанағаттандыру мақсатына пайдаланбақ болды.
Иммануил Кант (1724-1804 ж.ж) - субъективті идеалистік эстетиканы жасаған философ, «Таза санаға сын» (1781), «Прак- тикалық санаға сын» (1788), «Пайымдау қабілетіне сын» (1790) еңбектерінің авторы. Ол барлық затты «өзіндік затқа» және
«өзіміздік затқа» бөледі. Әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа» жатқызып, «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды дейді. Олардың құпия сырын әшейін болжаммен пайымдамаса, сурет- керден басқа адам оны түсіне алмайды деп тұжырымдады. Өйт- кені Канттың ойынша, суреткер «ерекше жаратылған адам». Кант «Практикалық ақылға сын» еңбегінде: «Дүниеде көп ойла- ған сайын, адамды таң қалдыратын екі нәрсе бар. Олар жұлдыз толы аспан мен біздің ішіміздегі адамгершілік заңы» - деп жаза- ды. Кант эстетикасының негізгі арналары – субъективті идеа- лизм, формализм және агностицизм. Канттың «өнер өнер үшін»,
«таза өнер» деген эстетикасы ХХ ғасырда декаденттердің тәжі- рибесіне азық болды.
Дени Дидро (1713-1784 ж.ж) - ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушылық дәуірінің өкілі. Ол осы кезеңнің ең үлкен оқиғасы - 35 томдық «Энциклопедия немесе ғылым, өнер мен кәсіптердің түсіндірме сөздігі» (1751-1772) еңбегін жарыққа шығаруға бас- шылық жасады. Энциклопедияда жарияланған «Әдемілік» т.б. мақалаларында оның эстетикалық көзқарастары танылады. «Ак- тер туралы парадокс», «Драмалық поэзия туралы» очеркте-рінде суреткер еңбегіндегі шыншылдықты дәріптеді, эстетикаға реа- лизм ұғымын енгізді. Дидро материалистік дүниетанымды негіз- дей отырып, реализмнің қиялға, ойдан шығару мен көркем жи- нақтауға арақатынасын белгіледі.
Готхольд Эфраим Лессинг – ағартушы реализмнің ірі теоретигі. Г.Лессинг «Лаокон немесе живопись пен поэзияның шекаралары» (1766) еңбегінде кескін өнері мен поэзияның арақатынасы, шекарасы туралы пайымдайды және шынайылықты өнердің басты заңы деп біледі. Зерттеушілер оны
«жаңа неміс әдебиетінің әкесі» деп бағалады. «Не ақиқат болса, сол сұлу» - «Лаокон немесе живопись пен поэзияның шекаралары» эстетикалық трактатының негізгі идеяларының
бірі. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістіктің көркемдік синтезі туралы тұңғыш рет пікір айтты. Физик И.Ньютонның концепциясын өнерге, әдебиетке бейімдей келе, ол «кеңістіктік» пен «мезгілдік» өнер түрлері бар деген қорытындыға келеді. Лессинг Лаоконның абжыландар тістеп, балаларымен бірге ажал құшағында қалған ежелгі грекиялық мүсінін осы оқиғаны сурет- теген Вергилийдің «Энеида» шығармасымен салыстыра отырып, ақын мен суретші өнеріне эстетикалық талаптар қояды. Кемел туынды тудыру үшін суреткердің, ақынның кеңістіктік және мез- гілдік өнер түрлерінің шекараларын сақтай білу қажеттігі туралы ой толғайды. «Гамбург драматургиясы» (1767-1769) еңбегінде Г.Лессинг неміс ұлттық драмасының теориясын жасайды.
Немістің тағы бір атақты идеалист философы Георг Фридрих Гегель (1770-1831ж.ж.) «Эстетика» атты еңбегінде дү- ниенің түп діңгегі – «абсолюттік идея, абсолюттік рух» деп қа- растырды. Гегельдің теориясы немістің классикалық идеалистік философиясын қорытындылады. Гегельдің диалектикалық әдісі- нің философиялық ойдың әрі қарай дамуына әсері орасан бол- ғаны белгілі. Гегель философиясының маңызды бөлігі өнер кон- цепциясына арналды. Ол өнер түрлерін: архитектура, скульп- тура, кескіндеме, музыка, поэзия – деп беске бөліп алып, әр- қайсысына сипаттама береді. Неміс философы өнерді диалекти- калық және тарихи көзқарас тұрғысынан зерделеп, өнердің эво- люциясын дүниенің шығармашылық бастауы абсолюттік идея- ның өзгеруімен түсіндірді. Гегель өнердің дамуындағы үш саты- ны бөліп алады. Олар: символикалық, классикалық, романти- калық сатылар. Бір сатыдан екіншісіне өту, оның ойынша, та- рихи тұрғыдан заңды және қажеттіліктен туды. Гегель эстетика мәселелерін өзі ұсынған тезис-антитезис-синтез тұрғысынан байыптады. Ол неміс романтизмінің өркендеген тұсында өмір сүрді. «Эстетика» еңбегінде Ренессанс дәуіріндегі, яғни Жаңа заман әдебиетіндегі романтикалық өнер түрінің тәсілдерін талдайды. Гегель лиризмді романтикалық көркемөнердің негізгі стихиялық белгісі ретінде қарастырған. Романтикалық көңіл-күй көп жағдайда адамның өз ішінде тұйықталып, ойға кетуімен және сан алуан қайшылықты, күрделі әлемнен жекеленуімен, рефлексиямен ұштасады. Гегель романтизмнің осы қасиетіне
сүйене отырып: «Романтикалық өнер қайшылықтар билігінде, адам ішіндегі шексіз субъективтілік сыртқы әлеммен басы біріге алмайды. Адамның өзінің ішкі әлемінде қалуы романтизм мазмұнын құрайды» - деп жазды. Оның романтизм туралы ой- лары әлі де құндылығын жойған жоқ. Гегельдің «Эстетикада» Шығыстың шынайы келбетін тереңнен танып, гректердің өрке- ниетінен қаншама ғасырлар бұрын үнділік «Ведалардың» бұрын туғанын және «Махабхарата», «Рамаяна» эпостарының әлемдегі теңдесі жоқ туындылар қатарында екенін мойындағаны, шығыс- тың поэзиясы туралы сүйіспеншілікпен жазуы оның көреген- дігін, кемеңгерлігін танытады1. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының көз тіккен әдеби-эсте-тикалық мәселелерінің ауқымы кең. Олардың маңызды эстетика-лық тұжырымдары ғасырлар белесінен асып, біздің заманымыз-ға жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет