Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Орыс әдеби сынының дамуы және сөз өнері жайлы толғамдар



бет9/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

3.2. Орыс әдеби сынының дамуы және сөз өнері жайлы толғамдар


Батыс Европа мәдениеті орыстың философиялық, эстети- калық ой-пікірлерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың, әдебиеттану ғылымының даму тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Белгілі сыншы, әрі әдебиет тарихын зерттеуші В.Г.Белинский 1834 жылы жарияланған алғашқы

1 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.–Алматы, 2003. - Т.1. 410-б.


2 Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы // Байтұрсынұлы А. Шығармалар жинағы. - Т.1. –Алматы: Алаш, 2003. 26-б.
іргелі мақаласы «Әдебиет армандарынан» бастап алдыңғы қатар- лы орыс қоғамының назарын бірден аударды. Сыншы өзі «проза- дағы элегия» деп атаған мақаласында Ломоносовтан бастап бүкіл орыс әдебиетінің даму жолын қамтып, өз дәуірінің өзекті мәсе- лелерін қозғайды. «А.С.Пушкин шығармалары» туралы топтама мақалаларында, «Біздің заманымыздың кейіпкері»,
«М.Лермонтов өлеңдері», «Орыс повестері және Гоголь м. по- вестері туралы», «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу»,
«Гогольге хат» т.б. сыни мақалаларында әдеби шығарманың орыс өмірі үшін қажет мәніне қарай бағалады. Сыншы позиция- сы оның бүкіл әдеби өмірінің бағдарына айналды.
ХІХ ғасырда Л.Н.Толстой В.Г.Белинскийдің А.С.Пушкин туралы мақалаларын оқығаннан кейін ақынның шығармашылы- ғын терең түсіне бастағанын мойындаған. В.Белинскийдің
«А.С.Пушкин шығармалары» туралы сыни мақалалары - әде- биетті танудың, ақын өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық табиға- тын дұрыс түсінудің озық үлгісі және оның іргелі зерттеуі (сын- шы ақынға ортақ тақырып бойынша он бір мақала арнады). Ол ақын шығармашылығына толық және тұтас әдеби-тарихи талдау жасады. Сөз өнерінің халықтық, шыншылдық, қоғамды өзгерту- ші қасиетін жоғары қойды, әдебиеттің мақсаты қоғамға қызмет ету деп түсінді. Ол нағыз көркем шығармашылық әдебиеттің ха- лықтығынан ажырай алмайды деп есептеп, әдебиеттің ұлттық си- паты туралы түсінікті қалыптастырды. Орыстың әдеби көркем сыны мен әдебиеттану ғылымында бүкіл бір дәуір болып қалған эстетикалық әрі философиялық ең-бектерінде В.Белинский әдебиеттің дәуірдің «ұлы мақсаттарына» қызмет етуін, адамды құлдық бұғаудан босатар, күрес пен бос-тандыққа шақырар құдіретті күш болуын талап етті. Ол әде-биеттің реалистік сипатын теориялық тұрғыдан пайымдады. Со-нымен қатар осы кезеңде орыс әдебиетінде орын алған роман-тизм теориясы туралы да байыпты толғамдар жасады.
В.Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» мақа- ласында әдеби жанрлар, көркемдік әдіс мәселелерін қарастыра- ды. Үш жанрды: эпос, лирика, драманы бөліп алып, әрқайсысына анықтама береді. Көркемдік әдіс хақында поэзияда өмірді өнерге айналдырудың екі түрлі тәсілі бар екенін айта келіп, жалпы
поэзияны екіге бөледі: идеалды және реалды поэзия. Бірі – қиял- ға, арманға негізделсе, екіншісі – шындықтан тамыр тартқан тә- сіл екендігін жазады. Өзі өмір сүрген дәуірде қалыптасу үстін- дегі әдебиет пен болашақ әдебиеттің мазмұнын романтизм мен реализмнің синтезі ретінде қарастырды. Соңғы жазылған «1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас» атты мақаласында В.Белинский бүкіл саналы ғұмырын қорытындылағандай болды, тағы да әдебиеттің қоғамға қызмет етуін, «таза өнер» «өнер тек өнер үшін» болмауы керектігін баса айтты.
Орыс ғалым-сыншысы Н.Г.Чернышевский – «Не істеу керек» және «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» еңбегінде өнердегі әсемдіктің мәнін пайымдады, көркем әдебиет- тің мақсаты мен қоғамда атқарар қызметін белгіледі. Оның эс- тетикасы бойынша: «әсемдік – адам, адамның бақыты, адам өмі- рінің рахаты не болса, соның бәрі адам үшін әдемі». Жазушының көркемдік әдісі реализм болуы қажет, әдеби шығарманың әсемдігі оның шынайылығында. Ғылым әлемді зерттеп, шыңдық- ты адамдарға қалай танытса, өнер де солай етуі қажет. Өнер бұл жолда жинақтау, типтендіру тәсілін қолдануы шарт. Өнер – объективті болмыстың көркем бейнесі. Ол адамға қажет дүние- лерді толық қамтып, дұрыс көрсетуге міндетті. Көркемөнердің мән-маңызын танытатын басты ерекшелігі - өмірді реалистік тұрғыда бейнелеу, өмірді түсіндіру. Адам өмірді тек танып біл- мейді, оны өзіне лайықтап өзгерткісі келеді. Демек, суреткер өз шығармашылығы арқылы адамның осы мақсатына ат салысуы керек, «суреттеліп отырған өмір құбылысына үкім шығаруы ке- рек». Орыс сыншысы, публицист Н.А.Добролюбов «Орыс әде- биетінің дамуындағы халықтық сипат деңгейі», «Обломовшыл- дық дегеніміз не», «Қараңғы түнектегі жарық сәуле» т.б. мақа- лаларында әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесіне, әдеби сынның қызметіне, әдебиеттің қоғамдағы күрескерлік рухына, қозғаушы, тәрбиелеуші күшіне басты назар аударды. Сынның мақсаты - көркем шығарманың жазылуына негіз болған өмір құ- былыстарын анықтау, соның негізінде өмір құбылыстарын тү- сіндіру деп білген. Шынайы халық ақыны болу үшін суреткерді халық өмірін танып, халықпен бірге өмір сүруге шақырды. Орыс әдебиеттанушыларының жалпы көркем әдебиет туралы пікірле-
рі қазіргі кезге дейін өзектілігі мен құндылығын жойған емес. Бағалы пікірлердің уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, жалғасын тауып отыратыны заңдылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет