Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет5/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:


  1. Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасы қандай?

  2. Әдебиеттану ғылымының қандай салалары бар?

  3. Әдебиеттану салаларының зерттеу объектісі, ерекшеліктері туралы әдебиеттер тізімін пайдалана отырып, дәптерге конспект жасау.

  4. Қазақ әдебиеті тарихының бастау-көздері қандай?

  5. Әдебиет сынының эстетикалық-қоғамдық қызметтеріне сипат- тама беру. Әдеби сын жанрларына анықтама жасау.

  6. Әдебиет теориясы қарастыратын мәселелерді неше циклға бөлеміз? Негізгі мақсат-міндеттері қандай?

  7. Текстологияның, атрибуцияның зерттеу объектісі не?

  8. Әдебиеттану ғылымының тіл білімімен байланысы қандай?

  9. «Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы» тақырыбында өздік жұ- мысын жазу.

3. ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТУУ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ


3.1. Антикалық дәуір ойшылдарының эстетикалық ой-толғамдары
Әдебиеттану ғылым ретінде ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Алайда бүкіл әлемдік деңгейде қарастырсақ, сөз өнері жайлы алғашқы ой-пікірлердің басы біздің заманымызға дейінгі көне дәуірлерден басталады. Адам баласының көркемдік талғам- дары б.з.б. 3-2 мыңыншы жылдары көне халықтардың өнері мен әдеби мұраларынан бастау алады. Сөз өнерінің сыры мен си- паты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның ал- ғашқы белгілері Эллада эстетикасынан, яғни грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын ежелгі Шумер мен Вавилонның мәңгілік өмірді іздеген «Гильгамеш туралы» эпосы, көне Египеттің
«Пирамидалар кітабы», «Осирис туралы миф», ежелгі парсы- лардың «Авеста», көне Қытайдың б.з.б. 14-5 ғғ. «Ши цзин» («Ән кітабы»), «И Цзин» («Құбылу кітабы»), үнді халқының он кі- таптан тұратын «Ригведасы» (б.з.б.10-2 ғғ.), он тоғыз кітаптан тұратын «Илиада» мен «Одиссеяны» қосқанда сегіз есе артық
«Махабхарата», қаһармандық «Рамаяна» жырлары сияқты адам баласының жер бетінде туғызған әдеби ескерткіштерінде пайда болып, келе-келе эстетикалық ұғымға көшті. Көне жазба мә- дени ескерткіштерінің көркемдік құны әлі де өз биігінде.
Антика дәуірі эстетикасының әлем мәдениетінен алар орны ерекше. «Антика» термині Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің мәдениетін сипаттайды. Эллада эстетикасында әдебиет жайлы алғашқы пікірлер грек ойшылдарының философиялық- эстетикалық категория ретінде әдемілік туралы түсініктерінен бастау алады. Байырғы дәуірлерден бастап-ақ әдебиет, өнер ту- ралы әңгіменің түп-төркіні сұлулық, әсемдік мәселесіне келіп тіреледі. «Өнер дегеніміз не?» деген сұраққа бар дәуірдің ой- шылдары сарыла жауап іздеді. Олардың барлығы өнердің таби- ғатына тән басты ерекшелікті – оның әсемдіктің, эстетиканың бастауы екенін атап өтті. Әсемдікті Пифагор мен пифагоршылар
(б.э.б. 6 ғасыр) - сандық жүйемен, Гераклит - сапамен, Демокрит мөлшермен байланыстырады.
Замандастары «Тәңірі философы» атаған Платон өзінің фи- лософиялық ойларын хатқа түсірмей, шәкірттерімен сұхбат құруды ұнатқан Сократтың шәкірті болды. Б.з.б.427-347ж.ж. әдебиетінде Платонның философиялық диалогтары маңызды орын алды. «Федон», «Федр», «Критий» «Үлкен Иппий» диалог- тарында философиялық ойларын жеткізуде көркемдік бейнелеу тәсілдерін кеңінен қолданады. Біздің заманымызға ойшылдың 41 шығармасы жетті, оның 13 диалогының авторы Платонның өзі емес (кейбіреуін Платонның өзі құрған Академияның шәкірт- тері жазған).
Платон поэзияны тұрмысқа келтіретін практикалық пай- дасы тұрғысынан бағалады. Өйткені объективті идеалист Платонның түсінігінде, адам ең алдымен - өз үкіметінің азаматы. Үкіметтің өркендеуіне, өзіңмен жасасқан адамдардың тұрмы- сына пайдасы жоқ зат туралы қиял қылып керегі жоқ. Платон көркемөнерге шабуыл жасап, «поэзия – тек ғана ермек» деп сыңаржақ пікір білдірсе де, өнерді өмірмен байланыстыра қара- ды. Платон эстетика мәселелерін, оның ішінде әсемдікті, өнердің гносеологиялық табиғатын қарастырды. Өнер мен әдебиеттің теориясы туралы жалпы түсінік берді. Әдебиетті эпос, лирика, драма деп түрлерге жіктеуінің өзі бағалы пікір болатын.
Эстетика мәселесіне негіз болып, көркемөнер туралы тұң- ғыш жазылған көлемді, философиялық-эстетикалық трактат - Аристотельдің «Поэтикасы». Аристотель Стагирит (б.з.б. 384-
322 жылдар) – Эллада эстетикасының ең ірі философы, энциклопедиялық білім иесі. Ол - антикалық әдебиет теориясын, поэтика негіздерін тұңғыш жүйеге келтірген ғалым. «Поэтика»,
«Риторика» атты трактат-тарына поэзияның теориялық мәселелері, трагедияның жанр-лық табиғаты мен шешендік өнер туралы әдеби-эстетикалық тұжырымдары енген.
Оның «Поэтика» еңбегінде (бізге 26 тараудан тұратын трагедия жанрын талдауға арналған бірінші бөлімі жетті, ко- медияға арналған екінші бөлімнен тек үзінділері сақталған) әде- би жанрлар, оның ішінде трагедия мен комедияның жанрлық та- биғаты теориялық тұрғыдан қарастырылады. Аристотель алғаш-
қы болып жанрлар теориясы мен әдебиеттің тектері (эпос, лирика, драма) теориясын негіздеді. «Поэтика» - өз кезінде біршама жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Трагедия аристотельдік концепцияның басты терминдері: мимесис (еліктеу) және катарсиспен (тазару) ұғым-дарымен байланыста алынған. Өнер дегеніміз, Аристотелъдің пікірінше, өмірге, болмысқа еліктеу, бейнелеу («подражание жизни»). Оның соңғы нәтижесі, көрерменді түрлі сезімдерге (қорқыныш, қайғыру) берілу арқылы катарсиске жеткізу. Еліктеу теориясы (мимесис) көркем шығармашылықты таным деп қарастырудың тарихи тұңғыш тәжірибесі болды. Бастапқыда адамның қимыл- қозғалысын бимен бейнелеу еліктеу деп аталса, кейіннен кез келген заттарды бейнелеу осылай аталды. Аристотель бойынша,
«адам басқа тірі мақұлықтардан еліктеуге бейімділігімен ерекшеленеді»; еліктеу арқылы жинақталған ал-ғашқы таным нәтижесі «барлығына ләззат береді»1. «Поэтика» еңбегінде Аристотель поэзияны тарихтан ана-ғұрлым биік қояды, өйткені тарих көрген фактілерді ішкі бай-ланысының бар-жоқтығына, күрделі-ұсақтығына қарамай, хронологиялық тәртіппен жаза береді, ал поэзияға адам өмірін жал-пы көзқараспен суреттейтін философиялық қасиет, үлкен талғам-паздық тән. Поэзия өмірдің болымсыз, ұсақ көріністеріне көңіл бөлмей, философия жолымен
«жалпы сурет» береді. Аристотель поэзияны тарихтан гөрі тереңірек, күрделірек деп таниды. Та-рихшы - болған нәрсе туралы, ақын – алдағы уақытта болатын мүмкін нәрсе туралы жинақтап баяндайды. Поэзияда мазмұн, ішкі түйіннің байланысы зор. Өйткені «поэзиялық суреттің ең мағыналы түрі оның мазмұны мен ішкі байланысында».
Аристотель грек ақындарының шығармашылығы туралы толғана отырып, онда драмалық образдардың жиі кездесетінін жазады. Шығармалардың жанрлық құрамы мен ерекшеліктерін зерттей отырып, эпикалық поэзия да трагедиядай драмалық сипатқа ие екенін жазады. Яғни, көне дәуір ойшылы драма-

1 Аристотель. Поэтика// Аристотель и античная литература. -М., 1978. - С. 116.


тизмнің көркем шығарманың негізі екенін көрсетіп отыр.
«Поэтикада» әдебиеттің теориялық мәселелері: поэзияның маңызы мен мәні, мазмұны, пішіні, фабула, характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, метафора, гипербола, аналогия т.б. қарастырылады. Ол көркем шығарманың композициясы туралы бағалы пікірлер айтты. Аристотельдің өнер туындысының өзекті мәселелері туралы толғамдары әлі күнге дейін теориялық ма- ңызын жойған емес. Аристотельдің «Поэтикасы» уақыт өткен сайын нормативті сипатқа ие болған поэтика туралы жазылған арнайы трактаттардың көпғасырлық дәстүрінің дамуына ұйытқы болды.
Ежелгі Римнің ұлы ақыны Квинт Гораций Флакк (біздің дәуірімізге дейін 65-8 жылдар) – «Пизондарға хат», «Эподтар»,
«Сатиралар», «Арнаулар», «Одалар» еңбектерінің авторы. Эпод- тар – дактиль және ямб диметрларының кезектесе қайталанатын ырғақта жазылған шығарманың түрі. 17 эподтан тұратын жи- нақтан кейін сатира туралы екі кітап жазды. «Пизондарға хат» гекзаметрмен жазылған. Бұл еңбектегі Горацийдің нормативті поэтикасы кейінірек классицизм поэтикасын қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Гораций мазмұн мен пішіннің бірлігін сақтауды талап етеді. Сонымен бірге ақындықтың қыр-сырына бойлап, суреткер шеберлігіне жоғары кәсіби, эстетикалық талаптар қойып, таңдап алған стилінің қарапайым, тұтастық қасиеттерін сақтау қажеттігін жазады. Гораций осы еңбегінде ақындарды екі түрге, типке бөлді. Бірінші топ-тағы ақындар
«қалай сөйлесе, солай жазады». Олар комедия, сатира тақырыбындағы шығармаларды тудырады. Екінші ақындар
«құдіретті рухтың, ерекше күштің иесі» және олар «жоғары жанрларды», оданы, поэманы тудыратынын жазды. Горацийдің бұл ойлары ХҮІІ ғасырда классицизмдегі жанрлар иерархиясы теориясына тірек болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет