Сюжеттік даму –адамдар арасындағы қақтығыстың біртін- деп дамып, шиеленісе бастауы, түрлі жағдайларға ұласуына қа- тысты өрбиді. Поэмадағы дүмше молданың анасына баланы
«аққудың қанатымен аластау» арқылы аман алып қалуға бола- тынын айтуы оқиғаның ары қарай дамуын тездетті.
Шарықтау шегі, кульминация (латынша culmen - шың) - оқиға дамуының ширығып, ең жоғарғы нүктеге жетуі, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен
жері. Мысалы, поэмада драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі - ананың баланы өлімнен арашалап қалу үшін түн жамылып айдын көлге аттанып, аққуды жайратып салуы. Қарттың анамен әңгімесі.
Көркемдік шешім – шығармадағы оқиғаның бітуі, нәти- жесі, соңғы түйіні, адамдар арасындағы күрделі күрестің, тар- тыстың аяқталуы, суреткердің өмір шындығына үкімі. Поэманың шешімінде ана зор қайғыға ұшырап, баласынан айырылады. Аққу мен баланың өлімі қатар суреттеледі. Қайғырған ана есінен де адасады. Шығарма сюжетінің шешімі оның идеялық-көркем- дік шешіміне ұласқан.
Сюжеттің жоғарыда аталған әр бөлігін бір бүтінге тұтас- тырып, оларды шығармадағы оқиғаның даму барысына қарай жүйелі орналастыратын компонент - композиция. Алайда күр- делі «композиция» ұғымының ауқымы әлдеқайда кең. Мек- тептегі әдебиетті оқыту тәжірибесінде композицияға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Көп жағдайда композиция сюжет пен оның элементтері туралы түсінікпен ғана шектеледі. «Композиция – көркем шығарманың құрылысы» деген хрестоматиялық анықта- маны да оқушы жатқа білгенімен, оның мәнін терең түсіне бер- мейді.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құ- рамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-реті- мен, жүйелі орналасуы. Әдеби туындыларға қатысты «компо- зиция» ұғымының түрлі деңгейдегі синонимдері ретінде кейбір жағдайларда «архитектоника», «құрылым», «диспозиция» тер- миндері де қатар жұмсалады. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүм- кін емес. Композиция – көркем шығарманың пішіндік құрылы- мын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді.
«Нағыз кемел туындыда, - дейді Л.Н.Толстой, - бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа жерге ауыстыра алмайсыз»1. Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен, шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.
1 Толстой Л.Н. Полн. собр. соч.: В 90 т. -Т. 30. - С. 131.
Кең мағынасында композиция – көркем пішіннің құры- лымы және оның ең бірінші қызметі - бір бүтіннің барлық бөл- шектерін біріктіру. Екінші қызметі – шығармадағы образдарды жүйе-жүйесімен орналастыра отырып, белгілі бір көркемдік ма- ғына жүктеу.
Композицияны шартты түрде сыртқы және ішкі деп жік- теуге болады. Шығарма композициясын талдау барысында жиі кездесетін кемшілік - студенттер көбінесе оның сыртқы құрылымына: томдарына, бөлімдеріне, тарауларына көп тоқта- лып жатады. Туындыны тарауларға бөлудің көмекші сипаты ғана бар, ол композициялық құрылымның ішкі қабаттарына бағына- ды. Алайда сыртқы композицияның барлық шығармаларда бола бермейтін: арнау, эпиграф, пролог, эпилог, күнделік, хаттар т.б. сияқты белгілерін назардан тыс қалдырмау қажет.
Әсіресе, шығармадағы негізгі ойды түсіну үшін эпиграф- тарды талдау маңызды. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» рома- нындағы «Әйел тұрмай, еркек оянбайды» мәтелі, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының эпиграфына алынған «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық мол жылдар? Ақырын-ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау, құрғырлар» деген Абай өлеңі туындының идеясын айқындай түсетін көркемдік кілттің қызметін атқарған. Кейде бір шығар- маға бір емес, бірнеше эпиграфтар берілуі мүмкін. Т.Әбдіковтің
«Парасат майданы» шығармасында концепциясы бір-біріне қа- рама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі эпиграф по- вестің екіұдайылық мазмұнына, жақсылық пен жамандықтың бітіспес тартысы тақырыбына айқын бағдар береді. О.Бөкеевтің
«Атау-кере» повесіне берілген екі эпиграф - Матерлинктің «Ара жасаған қоғамдық өмірдің деңгейіне жету үшін, адам баласының алдында екі талай ұзақ жол жатыр» және «Көптен безген көмусіз қалар» деген халық нақылы шығарма композициясында концеп- туалдық қызмет атқарған.
Эпиграф нақты мәтіндік және мәдени парадигмадан (үлгіден) дайын күйінде алынып, мақал-мәтел, белгілі шығарма- лардан, өлеңдерден үзінді, өнегелі және қанатты сөздер т.б. үл- гісінде беріледі. Ол шығарманың көркемдік әлемінде түрлі қыз- мет атқарады: жазушының шығармашылық нысанынан хабар бе-
реді, шығарманың сюжеттік, концептуалдық және стилистика- лық бояуын айқындайды, автордың позициясын танытады, оқырманды эпиграф болған мәтінге бағыттап, ассоциация қалып- тастырады.
Арнау автордың шығарманы кімге және не себепті арнап отырғанын көрсетеді. Оның да кейбір жағдайда туынды компо- зициясын түсінуге септігін тигізетін жағдайлары бар. Мысалы, М.Мағауиннің «Көкбалақ» романын Сүгірбай күйшінің, Жүнісбай домбырашының ізгі рухына, халқымыздың музыкалық мұрасын қастерлеп, сақтаған қария атаулыға бағыштауы, А.Алтайдың «Прописка» әңгімесін Желтоқсанда із-түзсіз кет- кендердің рухына бағыштауы туралы арнаудың туынды идея- сына тікелей қатысы бар.
Композицияның сюжеттен тыс бөлігі: пролог (грекше prologos – кіріспе сөз) – әдеби туындының алғы сөзі. Мұнда не- гізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Ол оқыр- манды енді болатын оқиғаға дайындап, назарын аударып, сюжет- тің кіріспесі қызметін атқарады. Ежелгі Грекияда пролог көрер- мен көңілін сахнаға аудару, арнау, жарлау мағынасында да қол- данылған. Қазақ әдебиетінде С.Ерубаевтың «Менің құрдаста- рым» романының алғашқы тарауларын пролог деп бастаған.
«Менің құрдастарым» романы - жазушының тұңғыш әрі соңғы романы. Автордың роман жанрындағы өзіндік ізденістерін көреміз. Роман композициясы қызғылықты. Ол прологтан, кірме әңгімелерден, шегіністерден, тараулардан тұрады. Оқиға бастал- мас бұрын автор прологта оқырмандарымен сырласып, роман- ның жазылу тарихы туралы, шығармаға қалай кіріскені, оның жанына, сезіміне не әсер еткені туралы әңгімелейді. Тұтастай социалистік реализм үлгісінде жазылған романның әсерлі тұсы да – пролог. Ол романтикалық пафосымен, өмірге құштарлығы- мен, эмоциялық қуатымен ерекшеленеді. Мұнда жазушының ба- лалық шағы жайында естеліктері де бар. Автор оны «Роман ту- ралы әңгіме» немесе романның увертюрасы деп атаған. Бірінші жақтан «Мен» деп баяндалатын алғы сөзде С.Ерубаевтың жасқа тән жалынды сезімі, рухани максимализмі, қиялшылдығы, кеңес заманына қалтқысыз сенімі бейнеленген. Бұл бөлім романның барлық тарауларына ортақ өзекті ойды романтикалық арнада
баяндап, лейтмотив қызметін атқарады: «Өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі – менмін... Міне, бұл әңгіме сезімнен басталып менің бастан кешірген аса тәтті минуттеріме, өмірім- нің беталған бағытына арналмақшы» - деп ойын сабақтаған автор өміріне, бала қиялына әсер еткен кітаптарды сөз етеді.
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының кіріспесі, Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесінің басы, С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы автордың таптық идеяны уағыздаған алғы сөзі, Ә.Таразидің «Жаза» романындағы қолжазбаның қолына қалай түскендігі туралы автордың түсінік- темесі, Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесіндегі күнделікпен таныстыратын алғы сөзі т.б. прологтардың аталған шығарма- лардың жанрлық сипаттарына орай қазақ әдебиетіндегі үлгілері де әр түрлі. Ж.Әбдірашевтың «Арманым – алыс күндерім» ли- рикалық шегінісінде прологпен қатар эпилог та бар. Прологқа автордың ақындық өнердің азабы мен өлең дерті туралы алғы сөзі енсе, эпилог ақынның елегізген көңілі жайындағы сырдан тұрады. Р.Тоқтаровтың романдарында да («Абайдың жұмбағы»,
«Тұлпардың сыны») пролог пен эпилог шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымында аса ұтымды қызмет атқарып тұрады.
Сюжет шешімінен кейін кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара тартысы аяқталған соң, олардың одан арғы хал-жағдайына қысқаша мәлімет беру эпилог деп аталады. Эпилог (грекше epilogos – соңғы, кейінгі сөз) – шығарма шешімінен кейінгі қо- рытынды бөлім. Мысалы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықта- ғанда» поэмасының эпилогында бала мен аққудың өлімінен кейінгі көлдің қазіргі жетімсіреген жағдайы, аққулардың бұл араға мүлде оралмай кетуі суреттеледі:
Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің.
Аққулар...
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніндей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды. Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты, Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты.
М.Әуезовтің «Абай жолы», С.Мұқановтың «Ботагөз», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романдарын- дағы эпилогтың арқалаған көркемдік қызметі зор.
Ішкі композиция компоненттеріне кіріспес бұрын компо- зициялық тәсілдермен танысқан жөн. Олар: қайталау, күшейту, қарама-қарсы қою, монтаж.
Достарыңызбен бөлісу: |