Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет55/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Социалистік реализм әдеби дамудың жаңа кезеңін айқын- дады. Термин алғаш рет 1932 жылы «Әдебиет газетінде» пайда болып, 1934 жылы М.Горькийдің кеңес жазушыларының съезін- де жасаған баяндамасынан кейін тұрақты сипат алды. Осы әдіс- тің тууына негіз болған М.Горькийдің «Ана» романы басқа ел- дердің жазушыларына зор әсер етті. Социалистік реализм ұста- нымдары бойынша жазылған кеңес әдебиетінің әлемге әйгілі озық үлгілері - М.Горькийдің «Клим Самгиннің өмірі»,
«М.А.Шолоховтың «Тынық Дон», «Адам тағдыры», Н.А.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты», Л.М.Леонов, А.А.Фадеев, Ч.Айтматов, С.Ерубаев, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин т.б. шығармалары болды.
Жаңа эстетикалық бағдарламаның батыс жазушыларына да ықпалы қомақты болды. Батыс әдебиетінде социалистік реализм үлгісінде жазылған алғашқы шығарма ретінде француз жазу- шысы Анри Барбюстың «От» атты романы танылды. Сонымен бірге Францияда - Р.Лефевр, П.Вайяна-Кутюрье, Р.Роллан, Германияда - Б.Брехт, АҚШ-та - Д.Рид, Чехословакияда – Ю.Фучик, Түркияда – Н.Хикмет, Қытайда – Лу Синь, Чилиде – П.Неруда т.б. соцреализмнің көрнекті өкілдері болды. Социа- листік реалистердің адамды, қоғамды, дүниені суреттеудегі
жаңашылдығы, тарихилық ұстанымы әлем әдебиетінің дамуы үшін аса бағалы болғанын мойындауымыз қажет.
Сонымен қатар Кеңестер одағының жеке басқа табынып, тоталитарлық жүйеге айнала бастауымен социалистік реализм жемісті құбылыстан әдебиетке күштеп таңылған «жалғыз дұрыс көркемдік әдіс» принциптерінің догмалық жүйесіне айнала бастады. Соцреалистік парадигманың негізінде кемшілік болды. Ол тұлғаны әлеуметтік функцияға әкеліп тіреді, эстетикалық идеалды әлеуметтік құндылықтар әлемімен ғана шектеді. Социа- листік реализм шынайы адамзаттық құндылықтармен ұштасқан бүкіләлемдік, метафизикалық көкжиектен көз жазып қалды. Социалистік реализм әдісі мемлекеттің мүддесіне орай дүниенің үлгісін жасады, оның қозғаушы күші – таптық қайшылықтар мен идеологиялық мазмұн еді, ондағы жағымды кейіпкер – мүлтік- сіз, мінсіз эстетикалық идеал. Соцреализмнің эстетикалық бағ- дарламасы көркемдік сананы идеологияны бағдар тұтқан нор- мативтілікпен шектеді.
Ол қатаң талаптары тұрғысынан классицизмнің нормативті эстетикасынан да асып кетті. Әдебиетке көркем шығармашы- лықты эстетикалық табиғатынан айыра бастаған философиялық
«диалектикалық-материалистік» әдіс телінді. Социалистік реализм жүйесінен нағыз реализм мен романтика жоғала бас- тады, соцреализм классицизмнің жаңа бір түріне ауысты. Алай- да классицизмнің негізінде әсемдік арқылы жүзеге асқан эсте- тикалық идеал туралы түсінік жатса, социалистік реализм бірте- бірте партияның, саясаттың құралына айналды. Эстетикалық принциптердің орнына саяси принциптер келіп, олардан ауытқу қатаң жазаланды.
Социалистік реализмнің кеңес әдебиетінде үстемдігі айқын болды. Сондықтан басқа көркемдік процестер белгілі бір дәре- жеде социалистік реализмге резонанс жасады: оны жетілдірді, оның арнасына сыймай, бұзып шықты, онымен айтысқа түсті, оны теріске шығарды. Әрине, социалистік реализмді «моно- мәдениет» деп тануда және соцреалистік догмаға ермегендерді қудалауда социологиялық диктат пен саяси террор өз қызметін атқарып шықты. Алайда, дамуына қолайлы жағдай тумаса, ди-
рективалық әдебиеттің көркемдік санада ұзақ уақыт бойы тұ- рақтауы мүмкін емес еді.
Кеңес үкіметін ыдыратқан «қайта құрумен» байланысты (1985 жылдардан кейін) социалистік реализмді болмаған құбы- лыс, миф деп жариялаған, оның көркемдік табысын жоққа шы- ғарған еңбектер көбейіп кетті. Социалистік реализм эстетикасы догмалығымен өзін-өзі жоққа шығаратын схоластикалық теория- ға теңестірілді. Қазіргі батыс әдебиеттануында реализм әдісінің өзіне күмәнмен қарайды. Социалистік реализм күйрегеннен кейін жалпы реализмге, кейіннен тіпті көркемдік әдіске де шабуыл жасалды. Нәтижесінде қазіргі әдебиеттануда көркемдік әдіс терминін қолданудан қашатын да түсінік қалыптасуда. Алайда социалистік реализмге қара бояу жағып, сынап-мінеу тағы да эстетикалық тұрғыдан емес, саяси ұстаным тұрғысынан іске асты. ХХ ғасырдың реалистік әдебиетінде бұл бағыттың көркемдік жетістіктері эстетикалық, адамгершілік құндылығын сақтап қалады және уақыт өте келе оған деген көзқарасымыз, қарым-қатынасымыз өзгеруі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет