Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет56/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Модернизм - (французша modern - жаңа, қазіргі, дәстүрге қарсы) – ХХ ғасырда көркем шығармашылықтың жаңа моделі ретінде көрінді. Модернизм - буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әде- биет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Модер- низмнің философиялық және психологиялық негізіне А.Бергсонның интуитивизмі, Ф.Ницшенің философиясы, З.Фрейдтің психоанализі, К.Т.Юнгтің аналитикалық психоло- гиясы, М.Хайдеггер, Ж.Сартрдың, К.Ясперстың, Н.Бердяевтің экзистенциализм концепциясы енді.
Модернизмде адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмде бірыңғай, бірдей поэтика жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да емес. М.Пруст шығармашылығында («В поисках утраченного времени») «сана ағымы», психологиялық хаттар мен баяндаудың күрделі формалары, Д.Джойста («Улисс») мифологияның ерекше детализациямен байланысы көрінеді. Ф.Кафка прозасында («Процесс», «Замок» новеллалары мен тәмсілдері) модернизм поэтикасы түстер мен абсурд эстетикасы арқылы айқындалады.
Кафканың Прусттан ерекшелігі - стилінің қарапайымдылығы мен нақтылығында.
Модернистік әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенден- циялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Қо- ғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақ- тануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің аб- сурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Франц Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст сынды модернист-жазу- шылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғ. буржуазиялық қоғамның даму өзгешелік- терін, ерекшеліктерін ашып берді. Осы әлемнің абсурдтығын өз танымымен көре білді. Модернизм қазақ әдебиетінде қалып- тасқан ұғымдағы бағыт дәрежесіне көтеріле алған жоқ.
Әлемдік әдебиет тарихында ол ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, тенденцияларда, әсіресе символизмде (оның ішінде орыс және француз символизмінде), неороман- тизмде, импрессионизмде, абстрактиционизм т.б. көрінді. Модернизм белгілері – жазушының барынша ашық және еркін түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді барынша жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы. Осы қа- сиеттерімен модернизм классикалық реализмнен гөрі ро- мантизмге анағұрлым жақын тұрады. Зерттеушілер романтизм эстетикасынан поэтикалық екіұдайылық пен қосәлемділік идея- сын өзіне мұраға алған модернизмде суреткер идеалды әлем мен реалды әлемнің арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады.
Романтизмді реализммен қатар қарастырудан гөрі модер- низммен бірлікте қарастырған жөн. Романтизмнің модернистік таныммен кей мәселелерде тамырласып жатқан тұсы бар. Екі бейнелеу тәсілінде де жазушылардың дүниетанымдық аңсарынан кейіпкердің өзін жалғыз сезінуі, пенденің ортамен қарама-қай- шылығы, тоқтамас арынды заманның технократиялық болмысы- нын сескену, рухани ізгіліктердің тапшылығынан зардап шегу сарыны аңғарылады.
Модернизм ХХ ғасыр басында қаламгерлердің әлемдік со- ғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм жеке тұлғаның санасын рухани ауытқулармен бай- ланыста алып қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғам- дық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Жалғыздық қасіреті қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің шығармаларында айрықша көрініс тапты. Қоғам мен адам арасындағы қайшылық сарыны тұрғысынан романтизм эстетикасымен ұқсас тұстары болды. Қазақ прозасындағы адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы бей- неленген, адамның панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін шығармаларда романтикалық сипат пен модернистік ұстаным- ның берік байланысы жатыр. Қазақ әдебиетінде де модернизм ХХ ғасырда орнығып, өз дәуірінің мәдени қажеттіліктерінен туды. Экзистенциализм (лат. exsistentia - өмір сүру, болмыс) – нақты болмыстағы жеке тұлғалық адам тірлігіне негізделген фи- лософиялық ілім, өмiрдiң мәнiн мансұқ етушi, құндылықтарды жатсынушы тенденция. Экзистенциализмде болмыстың негізгі модустары - адам жалғыздығы, қорқыныш, ар-ұят азабы, өз ортасын «жатсыну», оны жау көру, күдіктену, өзін оғаш сезіну т.б. Философиядағы иррационалистік бағыт ретінде ХХ ғасыр- дың 20-шы жылдарынан бастап Батыста әдеби процестің да-
муына орасан әсер етті.
Алғаш рет экзистенциализм ұғымын М.Хайдеггер 1927 жылы өзінің «Болмыс пен уақыт» деген еңбегінде ұсынды, оны К.Ясперс «Философия» еңбегінде әрі қарай дамытты. Бұл ағым- ның Франциядағы өкілдері ретінде Ж.Сартрды, А.Камюды атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет