Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет10/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:


  1. Түркі дүниесіне ортақ алғашқы эстетикалық пайымдаулар қай кезеңнен бастау алады?

  2. Әл-Фарабидің көркемөнерге қатысты трактаттарын атаңыз.

  3. Ш.Уәлихановтың «Қазақ поэзиясының түрлері» атты мақала- сындағы поэзияны қалай жіктейді?

  4. Абайдың өз дәуірінің сыншысы болғанын мысалдар арқылы дәлелде.

  5. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» туралы қазіргі әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлерін дәптерге жазу.

  6. «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» мақаласындағы әде- биеттің жанрға, көркемдік әдіске қатысты пікірлерін дәптерге жазу, талдау.



    1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ПІШІНІ. ТАҚЫРЫП ПЕН ИДЕЯ


      1. Мазмұн мен пішін

Мазмұн мен пішін – түрлі ғылым салаларында қолда- нылып жүрген философиялық категориялар. Антикалық фило- софияда пішін материяға қарсы қойылып, материя пішін арқылы ғана ретке келіп, бір жүйеге түсетін бейберекет құбылыс ретінде ұғынылды. ХІХ ғасыр философиясында «материяны» біртін- деп «мазмұн» ұғымы ығыстырды да, өзіндік рухани мәні бар ай- қын ұғымға айналды.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін ұғымдарына шекара қою, ажырату ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда немістің классикалық эстетика- сында жүзеге асты. Гегель «Эстетика» еңбегінде мазмұн катего- риясын әдебиетке енгізді. Бұл әдебиеттің табиғатын түсіндіруде үлкен қадам болды, алайда мазмұн мен пішінді бір-бірінен бөліп қарау қаупі де туды. Бұл жұп ұғымдар қазірге дейін әдеби-тео- риялық еңбектерде жүйелі қолданылуда.
Әдебиет теориясының даму тарихында әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні турасында айтыс-тартыстың толастамаға- нын айта кету қажет. ХІХ ғасыр әдебиеттануының назары маз- мұн мәселелеріне бағытталса, ХХ ғасыр әдебиеттануында, кері- сінше, әдебиеттің пішіндік талдауы (формализм), кейде мазмұн- ды да жеке, бөлек талдау жиірек кездесті.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары конструктивистер мен фор- малистік мектеп өкілдері мазмұн мен пішіннің бірлігіне, көр- кемдік тұтастық ұғымына күдікпен қарады. Олар әдебиеттану- дағы «мазмұн» ұғымы артық, ал көркемдік тұрғыдан тәуелсіз
«пішінді» өмірлік материалмен қатар қою керек деп есептеді. Ю.Н.Тынянов «форма - құты болса, мазмұн – сұйықтық» деген дағдылы ұғымдарға кекесінмен қарады1. М.Бахтин мазмұн мен пішіннің бірлігін әдебиеттің бұлжымас көркемдік заңдылығы ретінде қабылдады.
Қазіргі «структуралистік» әдебиеттану тұсында осы тер- миндерді басқа ұғымдармен ауыстыру туралы ұсыныстар туды. Ю.М.Лотман мағыналары кері әсер ететін дағдылы «дуалистік» терминдерді «монистік» «структура мен идея» терминдерімен ауыстыруды ұсынады2. Зерттеуші Е.Г.Эткинд те осы сипаттағы ойын ортаға салады, алайда қандай терминдермен ауыстыруға болатынын нақтылы айтпайды3. Сондықтан дәстүрлі ұғымдар әлі де ғылыми айналымда.
Әдебиеттің мазмұны мен пішіні – көркем шығарманың ішкі және сыртқы қасиеттері туралы түсінікті жинақтайтын не- гізгі әдебиеттану ұғымдары. Олар бірінсіз-бірі өмір сүре ал- майтындай тығыз бірлікте және нақты өмірдегі кез келген зат пен құбылысқа, болмысқа тән. Көркем шығарманың киелі қа- сиеті мазмұн мен пішіннің бірлігінде жатыр. Мазмұн мен пі- шіннің ішкі сабақтастығы, үйлесімі, жоқ жерде көркемдік тұтас- тық жоқ. Ал көркемдік - өнердің басты шарты. Мазмұн мен пі- шіннің бірлігі әдеби шығармаға тән спецификалық ерекшелік

1 Тынянов Ю.Н. Проблема стихотворного языка: Статьи. -М., 1965. - С. 27.


2 Лотман Ю.М. Анализ поэтического текста. - Л., 1972. - С.37-38.
3 Культура русского модернизма: Статьи, эссе и публикации. -М., 1993. - С. 96.
екенін ескерсек, оларды бір-бірінен бөлек қарастыру арқылы тү- сіну мүмкін емес. Әдеби шығарманың мазмұны - суреткердің өз дүниетанымы тұрғысынан суреттеген өмір шындығы, пішіні – осы өмір шындығын суреттеу, бейнелеу тәсілдерінің жүйесі. Қарапайым сөзбен айтсақ, жазушы өз шығармасы арқылы не айтқысы келсе ол – мазмұн, оны қалай жасауы – пішін болады. Мазмұн мен пішін ұғымдарын әдебиеттің теориялық түсінік- теріне сәйкестендірсек: шығарма мазмұны – тақырып пен идея, авторлық концепция, пішін – образдар жүйесі, сюжет, компози- ция, көркем шығарманың тілі. Зерттеушілердің көпшілігі көр- кем пішіннің үш қырын атап өтеді. Біріншісі, шығарманың көр- кемдік әлемі, яғни, көркем бейнелер жүйесі, портрет, пейзаж, заттық детальдар, диалог пен монолог, уақыт пен кеңістік, сюжет пен тартыс. Екіншісі, көркем тіл (поэтикалық тіл, стилистика, мәтін). Үшіншісі, композиция немесе құрылым.
Мазмұн мен пішін туралы философиялық пайымдауларға сүйенсек, бір мазмұнның бірнеше пішіні болады. Қазақ әдебие- тінде қай жанрда болсын тақырыптық тұрғыда жан-жақты ашыл- ған, көп суреттелген Ұлы Отан соғысына қатысты туындыларды тізбелесек: прозада - Бауыржан Момышұлының «Артымызда Москва», Ә.Нұршайықовтың «Аңыз бен ақиқат» романдары, поэзияда - Ә.Тәжібаевтың «Майданнан хат», Ә.Сәрсенбаевтың
«Ақша бұлт», Ғ.Ормановтың «Қаһармандар кескіні» т.б. өлеңдері, драматургияда - М.Әуезов пен Ә.Әбішев жазған
«Намыс гвардиясы» драмасы. Шығармалардың тақырыбы бір болғанымен, қаһармандардың түрлі қарым-қатынасына, тарты- сына негізделген оқиғаны суреттеу тәсілдері, тілдері, әдістері ал- уан түрлі. Солай болуы заңдылық та.
Мазмұн мен пішін – тарихи категория. Мазмұн мен пішін мәселесінің маңызды бір тұсы – жаңа мазмұнды беруге жаңа пішін қажет. Алайда пішін қуу да көркемдіктің басты шарты емес. Қазіргі қазақ әдебиетінде формалық ізденістер туралы көп айтылып жүр. Шығарма қандай пішінде жазылмасын, ол қолдан құрастырылмай, табиғи көңіл-күйдің көрінісі болуы қажет. Туындыдағы көркемдік ізденістер пішіндік жағынан ғана емес, мазмұндық тұрғыдан да табиғи шығып, екеуі өзара үйлесімде, бірлікте болуы шарт.
Қандай жағдай болса да, әуелі мазмұн туады да, өзіне лайық пішін іздейді. Сондықтан мазмұнға қарағанда пішін өзгер- мелі. Мысалы, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы тақыры- бын қазақ прозасында алғаш көтерген шығармалардың бірі – М.Әуезовтің «Көксерек» повесі. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары әдебиетте бой көрсеткен табиғат тақырыбы 1970 жылдары күн тәртібіне шықты. Бұл тұста адам мен табиғаттың қарапайым қарым-қатынасынан гөрі күрделірек мәселелер (О.Бөкеев, Т.Әбдіков, М.Мағауин т.б. жазушылардың әңгіме-повестерінде) адамның табиғатқа тұтынушылық көзқарасы, ғылыми-техника- лық прогресстің, техникалық дамудың қоғамдағы залалды зар- даптары, өркениеттің табиғатқа әсері көбірек бейнеленді. Осы- ған сәйкес мазмұнның күрделенуіне байланысты пішін де өзге- ріп, күрделене түсті.
Мазмұн - заттың негізі, ішкі мағынасы, мәні, оның анық- тайтын жағы. Пішін дегеніміз – заттың жасалған сыртқы түрі, кескін-кейпі, оның анықталатын жағы. Осы мағынасында пішін – екінші, ол мазмұнға тәуелді, сонымен қатар сол мазмұнның өмір сүруінің шарты. Алайда мазмұн мен пішіннің бірлігінде маз- мұнды пішіннен басым, үстем деп қарамаған дұрыс, өйткені маз- мұн мен пішін – болмыстың, құбылыстың, заттың өзара тең дә- режедегі қажетті екі жағы.
Мазмұн мен оны бейнелейтін пішіндердің байланысы әр салада түрліше болады. Ғылым мен философияда пішін өзгерсе де мазмұн өзгере қоймайды, бір ойды түрлі тәсілмен жеткізуге болады. Мысалы, формула түрінде берілген математикалық, хи- миялық қағидаларды сандармен, атаулармен қатар сөзбен де өрнектеуге болады. Ал әдебиетте бәрі мүлдем басқаша. Қайта- ланбас даралықпен, бейнелілікпен ерекшеленетін көркем шығар- машылық түрінде мазмұн мен пішін бір-біріне тәуелді: бірі өз- герсе, екіншісі де өзгереді.
Басқаша айтқанда, шын мәніндегі көркем шығарманың мазмұнына нұқсан келтірмей, бір сөзін де өзгерте алмаймыз. Мысалы, М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» романының үлгіге айналған ең бірінші жолын алайық: «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды». Осы сөйлемге жай ғана синтаксистік өзгерту енгізіп: «Бала шәкірт үш күндік жолдың
бүгінгі, соңғы күніне барын салды» десек, үлкен суреткердің өзіне ғана тән қаламының құпиясы, әуезді әдемі тілінің сыры кетеді.
Шығарма мазмұнының көркемдігі оның пішініне қатысты. Пішіннің әсемдігі суреткер шеберлігіне байланысты. Мазмұн мен пішіннің эстетикалық үйлесімі олардың бірлігінде, өзара ықпал-әсерінде, жаңа байланыстар түзе алуында жатыр. Бір маз- мұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. Қай ха- лықтың әдебиетінде болсын көп жырланған мәңгі тақырыптың бірі - махаббат тақырыбын алсақ, қазіргі заманғы махаббатты Ғайша мен Қожаш арасындағы сезім үлгісінде суреттеу қисын- сыз болар еді.
Әдеби шығарма өмір шындығынан туады. Өмір шынды- ғынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау - қиын да азапты еңбек. Әдеби шығарма арқауы тарихи өткен дәуір шын- дығына құрылғанда жазушы еңбегінің азабы мен бейнеті арта түседі. Тарихи өткен өмір шындығы көбінесе көлемі үлкен шы- ғарма түрінде пайымдауды қажет етеді. Тасқа қашалып жазылған көне түркі ескерткіштерінің көлемі, жанрлық даралығы осыны аңғартады. Күлтегін, Тоныкөк туралы эпикалық шығармалар- дың өзегін түзеген өмір шындықтары қаншалықты күрделі, қай- шылықты болса, олардан әдеби шығарма тудыру соншалықты қиын болғаны анық.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет