Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет12/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Негізгі тақырыпты анықтаудың екі жолы бар: Бірінші жағ- дайда, тақырып басты кейіпкердің айналасында өрбиді. Мысалы, Абай бейнесімен байланысты шығармашылық өнер адамының өмір жолы тақырыбы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо- пеясының басты тақырыбы болса, ол төрт том кітапқа арқау болған. Ал одан басқа - махаббат, достық, әке мен бала қарым- қатынасы т.б. қосымша тақырыптар басты кейіпкердің харак- терін ашуға қызмет етеді. Екінші жағдайда, негізгі тақырып бір- неше кейіпкерлердің тағдыры арқылы көрінеді – І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы тақырыбы шығарманың сюжеттік және тақырыптық желілерін біріктірген.
Көркем шындық - өмір шындығының жазушының ой-еле- гінен, шығармашылық елегінен өтіп, қорытылып, әдеби шығар- мада баяндалатын көркем суретке айналуы. Жазушының қиын- нан қиыстыру, метафоралық толғанысы - көркем ойлаудан туын- дайды. Ал осының негізінде көркемдік идея жасалады. Бірнеше шығармалардың тақырыптары ұқсас болғанымен айтар ойының, идеясының бір-біріне ұқсамауы заңдылық. Мысалы, қазақ әйелінің тағдыры, әйел теңсіздігі тақырыбына М. Дулатов, Б. Майлин, Ж.Аймауытов, С.Көбеев, М.Жұмабаев, С.Мұқанов т.б. жазушылар қалам тартты. ХХ ғасыр басындағы қазақ проза- сының алғашқы үлгілерінде әйел тағдыры басты темірқазыққа айналғанымен, айтар ойының күрделілігімен, психологиялық шеберлігімен, әйел затының жан иірімдерін, зар-қайғысын терең- нен толғаған көркемдік идеясымен бір-бірінен ерекшеленеді.
Тақырыптан идея, идеядан тақырып туындап та жатады. Көркемдік идея - шығармада суреттелетін өмір құбылысы тура- лы автордың айтқысы келген ойы, бағасы. Тақырып пен идея тығыз байланысты. Ой өзегі – тақырып пен идеяны жалғасты- рушы буын. Идеясыз шығарма болуы мүмкін емес. Тақырып- сыз идея да болмайды. Жазушы өмір шындығын образдар жүйесі арқылы жинақтап, идеялық-тақырыптық арна арқылы шығарма- сының көркемдік концепциясын айқындайды.
Әдетте әдеби туынды туралы әңгіме оның тақырыбынан басталады. Мектептегі әдебиетті оқыту тәжірибесінде шығар- мада бейнелеген өмір шындығына, яғни тақырып пен әдеби
қаһармандарды талдауға шектен тыс көп уақыт бөлінеді. Ал, негізінде, көркем туындыны мазмұндық талдауда суреткердің нені бейнелегеніне емес, сол бейнеленген дүниеге оның қандай салмақ артып, қандай мән-мағына бергенін ашу қажет. Әдеби туындыны талдауда көркемдік идеяны жекеленген сөздерден, ұтымды сөз тіркестерінен немесе үзінділерден іздеген дұрыс емес. Идея шығарманың көркемдік құрылымына тұтастай сіңіп, жинақталады. Туындыны түгел оқып, табиғатын түсінгенде ғана идеяны тани аламыз.
Суреткердің шығарма жазар тұстағы шығармашылық тол- ғаныстарының түпкі түйіні ой өзегінде жатыр. Шығарма жа- зылмастан бұрын туған ой өзегі авторлық идея деп аталады. Ав- торлық идеяда қаламгердің тақырыпты таңдаудағы мақсаты, шы- ғармашылық тұжырымдамасы жатады. Оның туындауы әр суреткерде әрқалай болады. Туындыға тақырып табу оңай емес, ол шығармашылық қиын еңбектің бір парасы. Жазушы әдеби шығарманы жазбас бұрын нысан етіп алған құбылысты жан- жақты зерттейді, яғни материал жинастырады. Суреткер өз дүниетанымын қызықтырған құбылысқа ғана тереңірек назар ау- дарады. Ол өз тақырыбын табуға ұмтылады. Мәселен, О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесін жазуына бір кездері шығар- мадағы жас жігіттердей ауылда тракторшы болып жүргенде өз басынан өткерген оқиға әсер еткен.. Бұл турасында жазушының өзі былай деп жазды: «Бұл өзі болған оқиға. Повестегі Нұржан - өзім. Қар қызын түсімде ғана көрдім, сыңсып салған әнін ес- тігендей болғанмын. Бір ойдан оқушы бұл оқиғаға сенбеуі де мүмкін, ал мен сенемін. Әлемді әлдилей алақанына салып, тоң- дырмай сақтап жүрген сақтаушы әлдекімнің бары рас, бірақ ол жерде ме, көкте ме, - әзірге ешкім білмейді. Білмегеніне қуана- мын да... Әйтпесе мазалап, ренжітіп алар едік.. Ал ол ренжісе жер бетінде адамгершілік, жарылқаушы жақсы азайып қала- тындай сезіледі» - деп жазады. Қаламгердің әуел баста өмірден түйгені мен бір тылсым күшке деген сенімі повестің тууына түрткі болған.
Объективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. О.Бөкеевтің «Қар қызында» тракторшылардың сапары жай шаруашылық сапар емес, үшеуінің рухының беріктігін,
қажыр-қайратының мықтылығын тезге салар сын болды. Өз туындысы туралы жазушы: «Менің айтайын дегенім трактор- шылар өмірі емес, кеңістік пен жалғыздық мәселесі, адамның кеңістікті түйсінуі, қабылдауы, кеңістіктің жалғыздыққа жа- сайтын ықпалы» - деген еді. Қаламгер үш жігітті табиғат кеңіс- тігіне шығару арқылы олардың рухани дүниесін сынаққа салады. Жалпы, О.Бөкеевтің шығармалары ертегі немесе аңыз-әңгіме сынды әсер қалдырғанымен, олардың негізінде нақты әлеуметтік ортада өмір сүретін қарапайым кейіпкерлер жайлы оқиғалар жатыр. Бірақ шығарманың объективті идеясы, айтар ойы қара- пайым емес, өйткені «Қар қызы» повесіндегі жай ғана шаруа- шылық сапар үш жігіт үшін адамгершілігі сыналар рухани сапар, әрқайсысының өзін-өзін тану, өзін-өзі табу сапары болып отыр.
Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы автордың ой тұғырының объективті идеяға ұласу тарихы да қызықты. Романда махаббаттың еш тосқауылға қа- рамас күшін көрсету үшін автор Ерболды Меңтайға «қосқан». Әуел баста романды жазу барысында автордың Меңтайды өл- тіргісі келмеген. Бұл турасында жазушы: «Шынымды айтсам, мен Меңтайды «өлтіремін» деп ойлаған жоқ едім. Алғашқы жос- парымда Меңтай Ерболмен қосылмайтын, Тұмажан опасыз боп шыққаннан кейін басқа біреумен тұрмыс құрып кететін. Содан жиырма жыл өткеннен кейін Жоғарғы Советтің сессиясы кезінде депутат Меңтай мен журналист Ербол екеуі астанада кездесетін. Бірақ Татьяна менің еркімнен тыс ерге шығып кетті деп Пушкин айтқандай, Меңтай да менің еркімсіз Ерболға шықты да, онымен аз уақыт қана тәтті дәурен сүріп, дүниеден қайтты» - деп жазады. Әрбір әдеби шығармада шешімін тапқан идея мазмұны суреткердің дүниені, әлемді тану ерекшелігіне, авторлық пози- циясына, саяси, әлеуметтік, қоғамдық, адамгершілік көзқараста- рына тығыз байланысты. Өмір сүрген дәуірі, қоғамдық ортасы бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ суреткерлер бір тақырыпқа қалам тартса да, идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы керек. Мысалы, ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі туралы шығармалар көптеп жазылды. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С.Көбеевтің «Қалың мал», Ш.Құдайбердиевтің «Әділ-Мария», Б.Майлиннің «Шұға», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»,
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» т.б. шығармалардың барлығы қазақ қызының бас бостандығын, азаттығын, әйел тағдырын қозғайды.
Сондай-ақ, қазақ әдебиетіндегі Абайдың өмірі мен шығармашылығын арқау еткен туындылардан М.Әуезовтің
«Абай жолы» роман-эпопеясын, Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасын, К.Оразалиннің «Абайдан соң» роман-трилогиясын, Д.Досжановтың «Абайдың рухы» романын атауға болады. Тақырып бір болғанымен, әр суреткердің айтайын деген ойы, оқиғаны суреттеу, баяндау тәсілі, көркемдік ізденістері, шығармалардың жанрлық ерекшеліктері түрліше.
Бір тақырыптан бірнеше идея туа береді. Қандай тақырып болсын маңызы идеясына қарай беріледі. К.Паустовский кешегі, бүгінгі дегендей тақырыптарды шартты деп біледі, «кез келген тақырыпты бүгінгі күндікі етуге болады, тек жазушының өзі өз ғасырының биігінде болу» қажеттілігін атап өтеді.
Қазіргі тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетте кеңестік дә- уірдің шындығын, төңкерісті жаңаша, бүгінгі күн тұрғысынан бағалаған Б.Мұқайдың «Өмірзая», Р.Тоқтаровтың «Бақытты құлдықтың ақыры», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», С.Елубайдың «Ақ боз үй» т.б. шығармаларының тақырыбы ортақ болғанымен, жазушылардың дүниетанымы, соған орай концепциясы, образдар жүйесі, тілі, әдісі алуан түрлі.
Шындық күрделенген сайын шығарма да күрделенеді. Демек, көлемді, күрделі әдеби шығармада бір ғана тақырып, бір ғана идея болуы шарт емес. Көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар көп болса да, олардың бәріне ортақ бірлік болады. Ол – идеялық бірлік. М.Мағауиннің екі томдық «Аласапыран» романындағы негізгі идеялық бірлік – Қазақстан мен Ресей ара- сындағы қарым-қатынастардың басталуы мен оның күрделі жағдайда өрістеуі. Орыс-қазақ қатынастары, қоғамдық шындық негізгі кейіпкер Оразмұхамедтің сезімдері, ойлары арқылы су- реттеледі.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Қуатты идея- ның өн бойында суреткер тенденциясы тамыр тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет