Астарлау, символ (грекше symbolon - белгі) – әдеби шы- ғармада ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасала- тын балама бейне. Символ бір нәрсені не құбылысты тура сурет- темейді, бұларға ұқсас бір нәрсеге, не құбылысқа құпия телиді, ойды ашық айтпай, тұспалмен, ишарамен түсіндіреді.
А.Пушкиннің «Анчары», Ю.Лермонтовтың «Жалғыз желкені», М.Жұмабаевтың «Тоқсанның тобы» мен «Қойлыбайдың қобызы» - символмен жазылған шығармалар. Абайдың «Масғұт» поэмасында сары, қызыл, ақ түстері символдық қызмет атқа- рады. О.Бөкеевтің «Бура», «Мұзтау», «Қар қызы», «Жетім бота» шығармааларында да символдық бейнелер молынан. Қаламгер туындыларындағы қыз бейнесі – тазалықтың, пәктіктің символы. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында да болашақ қайшылықты оқиғаны, жағдайды мегзейтін тұспал, ишара, сим- волдық белгілер жеткілікті. Жойқын дариядан өтерде ханның қолындағы сұқ саусағынан «зұлыстар елінен ғана келетін аса си- рек тарғыл-тарғыл мысық көз тас орнатқан күміс жүзігінің» сусып түсіп кетуі де алдағы оқиғалардан хабар береді. Билігінің белгісіндей болған сақинаны жоғалтуы оның осы сапардан тірі қайтпасына көрінеді. Бұл жағдайды автор: «Әміршінің жүрегінің басын суық қармағандай жайсызданып қалды. Әлгіні неге жо- рырын білмей дал боп келеді. Ол оны сұқ саусағынан еш уақ тастап көрген емес-ті. Қуғын-сүргінде де, талай-талай алыс жо- рықтарда да қылп етпеген киелі жүзіктің бүгін кеп аяқ астынан өз-өзінен сусып түсіп қалғанын ішінен жақсылыққа жорыған жоқ. Мынадай алыс сапар алдында тап болған бұл тағы қай
тұспал?» - деп суреттейді.
Метонимия, алмастыру (грекше metenymia – жаңадан атау) – бір-біріне ұқсайтын заттар мен құбылыстарды бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.
Түн. Қала.
Үйлер үнсіз, көше дүбір, Көшеден толассыз үн еседі кіл. Өшеді күн, артынан көшеді іңір, Қашаннан уақыттың есебі бұл.
М.Мақатаев қала үйлеріндегі үнсіз ұйықтап жатқан адам- дарды түгел тізбелемей, атамай, ойды ықшамдап, үй деп алмас- тырады, ал түнгі көшедегі улап-шулаған, ағылған көліктерді атамай, көше деген сөзбен ауыстырады. Мысалы, М.Шаханов
«Әйелдер» өлеңінде еркек деген ұғымды бөрікті сөзімен алмас- тырып қолдану арқылы нұсқалы бейне, тың түйін жасайды.
Бөрік кигеннің бәрі нағыз еркек бола бермеуі мүмкін. Ақын қол- дануындағы қарапайым сөздер тың мағынаға, эмоционалдық мәнге ие болған.
Нағыз сұлу әйел үшін қажет кезде жан қию,
Бұл – моральдік кодекстің жазылмаған тармағы. Бірақ, бірақ талайлардың бақыты алыс, сорынан, Бұл кез келген бөріктінің келе бермес қолынан, Тіршілікте анау жүрек, мынау бас,
Сая бағып, сірә, тыныш тұра алмас, Желік көңіл,
Жетім ойлар тұрғанда,
Тыншып бейқам сауық-сайран құра алмас.
Бұл өлеңдегі жүрек, бас сөздері метонимия арқылы жасал- ған. Бас сөзі бір жағынан синекдоха, бүтіннің бөлшегін, адамды тек басы арқылы суреттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |