Гипербола құбылысты шамадан тыс ұлғайта, әсірелеп су- реттеуге құрылады. Ж.Әбдірашев «Бір түйір дән» өлеңінде бір
түйір дәнді бүкіл жердегі тіршіліктің қозғаушы күші, алтыннан да, атомнан да артық нәрсе ретінде әсерлеп суреттейді. Мұнда өмір дәнін жеп, жұмақтан қуылған Адам ата мен Хауа ана туралы аңызға арқа сүйеген ақынның бір түйір дәннің сиқырлы күш-құдіретіне таңырқауы литота арқылы өрнектелген:
Бір түйір дән! Бір түйір!
Бір түйір дән!
Қауызынан ғажайып нұр құйылған, Көзісің сен,
Өмірдің өзісің сен, Тым әріден басталған, Тым қиырдан...
Бір түйір дән!
«Алланың» атындайсың! Алтынға да,
Басқаға... сатылмайсың! Бір түйір дән.
Соқтырған Жер жүрегін, Атомнан да қызулы атомдайсың!
Гротеск (фр. grotesqure – оқыс, өзгеше сөздер, ғажайып нәрсе) - дағдылы қалыптан тыс әсірелеуге құрылған көркемдік бейнелеу тәсілі. Әдеби шығармада фантастикалық сипаттағы таңғажайып құбылыстардың, күнделікті өмірде мүмкін емес нәрселердің басын қосады (адам санасында мүмкін емес, бір- біріне қайшы келетін ойларды біріктіру парадокс деп аталады). Гротеск адам тіршілік ететін ортаның шындығын әдейі өсіре не әдейі кеміте суреттейді. Гротеск концепциясы Ренессанс дәуірінен бастау алады. М.М.Бахтин оны карнавалдық мәдениетпен байланыстырды және бұл көркемдік тәсілдің Рабле шығармашылығынан бастап, гротеск аса маңызға ие болған романтизм дәуіріне дейінгі даму тарихын зерттеді. Қайта өрлеу кезеңіндегі карнавалдық дәстүрде өлім мен өмір, асқақтық пен надандық, сұлулық пен қорқыныш-тылық, яғни қарама- қарсылықтар «өлетін және қайта жаңғыра-тын дүниелердің қарама-қайшы бірлігі» ретінде түсіндірілді. Франциядағы осы
кезеңнің көрнекті өкілі Франсуа Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» шығармасында гротеск оның басты гуманистік идеяларын бейнелеу тәсілін атқарады. Гротеск романның түрлі деңгейлерінде жүзеге асады. Мысалы, Гаргантюаның туылуы. Анасы оны 11 ай көтереді, егер 16 үлкен бөшке, 2 кішілеу бөшке және 6 қазан ішек-қарынға сылқия тойып алмағанда, әлі де жүре берер ме еді. Анасының қары-нының үрленгені соншалық, баласы құлағынан туылады.
ХҮІІІ ғ. басындағы ағылшын жазушысы Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары» романында басты көркемдік тәсілдің бірі ретінде гротеск көрінеді. Мұнда гротеск памфлетті, яғни сатиралық сипатқа ие (ол өз кезегінде романды кари- катурамен жақындастырады). Дж.Свифттің памфлет жанрын да- мытуда да орны елеулі. Дж.Свифттің романындағы гротеск сыртқы сипаттамасы жағынан да Ф.Рабленікінен мүлде бөлек. Рабледегі гротесктің ауқымы кең, шекарасы жоқ, мөлшерсіз. Ал Свифтте гротеск ақылға сыйымды, өлшемді. Лилипуттер мен Гулливердің сыртқы өлшемдерінің қатынасы 1:12, ол лилипуттер патшасының өкшесін суреттеуде де, алыптар мен Гулливердің өлшемінде де, тіпті алыптар патшасының бетіндегі тері тесік- терінің мөлшері де (нақтылықты қараңыз) осы қатынасты, яғни 1:12 сақтайды.
Гротеск өмір құбылысын жаңа бір өзгеше қырынан сурет- теп, қисынға қайшы келетін сипатын ашып көрсетеді. Гротеск шындық пен фантастиканың түйісуінен, күнделікті өмір мен таңғажайып оқиғалардың қабаттасуынан тұратын жақсы мен жаманды, қайғы мен күлкіні т.б. шендестіруге құрылады, сар- казмға, мысқылға, өткір ажуаға ерекше мән беріледі. Орыс мәде- ниетінде гротеск эстетикасын қалыптастыруда Н.Гогольдің үлесі зор. Оның «Мұрын», «Шинель», «Ескі дүние помещиктері» по- вестерінде гротеск стиль деңгейіне көтерілген. А.Чеховтың
«Шенеуніктің өлімі» әңгімесі де гротескке тола туынды. Адам жағымпаздығын, құлдық психологияны әшкерелеу әсірелеуге құрылған.
Қазақ әдебиетінде гротеск элемент ретінде Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Жұманның портретінде бар. Д.Исабеков шығармаларында да юмор мен сатира кей тұста
гротескілік сипат алады. Мысалы, «Ескерткіш» әңгімесінде Әштеннің тас ескерткіш болып «қатуы», оған басқалардың сеніп қалуы, араққа құмар «ескерткіштің» қалтасындағы бөтелке ши- шасының жалт етіп шағылысуы. М.Мағауиннің «Жармақ» атты жаңа романында басты кейіпкердің екіге жарылуында осы тәсіл элементтері кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |