Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет49/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Комедия (латынша сomoеdia - қызықты, көңілді ән) жанры ежелгі грек мәдениетінде Дионисті мадақтау, ұлықтаудан туын- дады. Аристотель «Поэтикада» комедияның тууын құнарлылық- ты мадақтайтын әндерді айтумен байланыстырды. Бізге шығар- маларының үзінділері ғана жеткен ең тұңғыш комедиограф Эпихарм (ҮІ ғ. 2 жартысы мен Ү ғ. 1 жартысы), сицилиялық ко- медияны тудырушы болды. Аттикаға келген жанр өзгерістерге ұшырап, Эпихармда болмаған хор пайда болды. Пролог, хор, белгілі тақырып төңірегінде айтыс-тартыс – агона, қорытынды бөлім сияқты комедияның негізгі белгілері б.э.д бесінші-төртін- ші ғасырларда өмір сүрген Аристофанда дамыған түрде көрінді.
Аристофан - «комедияның атасы» деп мойындалған антика комедиографы. Оның 40 шақты комедиясынан 11-і сақталған. Оларда Аристофан өз дәуірінің өзекті қоғамдық мәселелерін кө- тереді. «Салт аттылар», «Бұлттар», «Бақалар» комедияларында қоғамның саяси-әлеуметтік өміріндегі келеңсіз құбылыстар сы- налған. Аристофан антика дәуіріндегі комедия жанрын дамытуда шешуші роль атқарды. Оның бұл жанрға ықпалы, жаңалығы біздің заманымызда да елеулі.
Классицизм дәуірінде трагедия да, комедия да жақсы дамыды. Мольердің «Тартюф», «Сараң» комедияларында драма- тургия жаңа көркемдік биікке көтерілді. Ресейде А.С.Грибоедовтың «Ақылдан қайғы» әлеуметтік-сатиралық ко- медиясында орыс қоғамындағы надандық, қараңғылық, жағым- сыз өмір құбылыстары сыналады. Осы ретте Салтыков-Щедрин, А.П.Чехов комедияларын да атауға болады.
Қазақ әдебиетінде комедия жанры ХХ ғасырдың жиыр- масыншы жылдары пайда болды. Қазақ театры қалыптасуының алғашқы жылдарында Б.Майлиннің шағын комедиялары пайда болды («Шаншар молда», «Айша», «Неке қияр», «Көзілдірік» т.б.). Ол – комедия жанрының негізін салушылардың бірі. ХХ ғ. екінші жартысында жазылған Ш.Құсайыновтың «Алдар көсе» комедиясы, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!», Т.Ахтановтың «Сәуле»,
С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал», Ә.Таразидің «Күлмейтін комедия», С.Балғабаевтың «Бес бойдаққа бір той», т.б. комедия- лары бұл жанрды тақырыптық, көркемдік аясы тұрғысынан тың ізденістермен байытты.
Комедия - өмірдегі келеңсіз құбылыстарды, адам мінездегі мінді, кемшілікті сықақтап, қасиетсіздікті келекеге айналдыра- тын күлдіргі пьеса. Комедиядағы басты нәрсе - күлкі. Күлкінің күші шынайылығында жатады. Әдебиет философиясы мен поэтикасын сабақтастыра зерттеген ғалым Михаил Бахтин:
«Күлкі формасы арқылы байсалды түрде айтуға болмайтын көп нәрсенің кілті табылмақ» - дейді. Юмор – суреткердің дүниені көруі, қабылдауы мен авторлық бағасы. Комедияның сатиралық және лирикалық түрлері бар.
Драма – драматургиядағы жанрлық түр. Трагедиядағы оқиға желісі бас кейіпкер тағдырының қайғысымен аяқталса, ко- медияда сюжет әлеуметтік құбылыстарды сынаған күлкілі оқи- ғаларға негізделеді. Ал драма адамдардың мүдделері арасындағы қақтығыс, тартысқа құрылады. Бірақ қақтығыс сипаты қайғымен, трагедиямен аяқталуы шарт емес. Мысалы: Б.Майлиннің «Май- дан», М.Әуезовтің «Сын сағатта», «Түнгі сарын», Д.Исабековтің
«Әпке», О.Бөкеевтің «Құлыным менің», А.Сүлейменовтің
«Жетінші палата» т.б. драмалары. Тәуелсіздік жылдарындағы драматургиядағы көркемдік ізденістерді Д.Исабековтің «Актри- са», «Тор» пьесалары, Ә.Кекілбаевтың өлеңмен жазылған «Абы- лай хан» драмасы танытады. Зерттеушілер драманың қаһарман- дық, саяси-әлеуметтік, тарихи-ғұмырнамалық түрлерін ажыра- тады.
Жаһандық әдебиеттің көркемдік тәжірибесінде драма жанрының трагедия мен комедия, драмадан өзге мелодрама, фарс, трагикомедия, мистерия, моралите, миракль, водевиль, мим, феерия, флиаки, оперетта, мандзац, фьяба т.б. түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет