Романтизм әдеби бағыт ретінде ХҮІІІ ғ. аяғында бірнеше елдерде қатар дамыды. Германиядағы Йена романтиктері, Францияда Шатобриан де Сталь, Англияда «Өзен мектебінің» өкілдерінің эстетикалық манифестері, трактаттары романтизм эс- тетикасын қалыптастырды.
Нақты тарихи құбылыс, тұтастай әдеби бағыт ретінде ро- мантизм өтпелі дәуірде, тарихи-әлеуметтік себептердің нәтиже- сінде қалыптасты. Романтизмді дүниеге әкелген әлеуметтік жағ- дайларды жалпылама айтсақ, қоғамдағы төңкерісшілдік рухтағы өзгерістер, яғни аумалы-төкпелі кезең деуге болады. Батыс Еуропа әдебиеттеріне романтизмнің орнығуы ХҮІІІ ғасырдағы Ұлы Француз төңкерісіне байланысты болды. Буржуазиялық тәр- тіпке наразылық, бостандық идеясы, төңкерісшілдік рух, төң- керіс жеңілгеннен кейінгі болмысқа көңілі толмау сезімі Еуропа әдебиетіне романтизмді алып келді. Ресейде романтизм бағыты ХІХ ғасырда Отан соғысына, декабристер қозғалысына байла- нысты өрледі.
Романтизмде биік рухани бастау, философиялық тереңдік, эмоционалдық қанықтық, күрделі сюжет, табиғатқа деген ерекше қатынас және ең алдымен, адамның, жеке тұлғаның шексіз мүмкіндіктеріне деген берік сенім табиғи үйлеседі. Романтиктер көркемдік форманы жаңартты. Тарихи роман, фантастикалық по- весть, лиро-эпикалық поэма, баллада жанрларының дамуы – ро- мантиктердің табысы. Романтизм дәуірінде лирика жанры қар- қынды дамыды. Поэтикалық сөздің мүмкіндіктері ассоциатив- тілік, көп мағыналылық, метафоралық сипат есебінен кеңейді. Романтиктер әдеби тектер мен жанрлардың араласуын, өзара
кірігуін, өнерлердің өзара байланысын, өнер, философия, діннің синтезін насихаттады. Олар әдебиеттің әуезділігі мен бейне- лілігіне көп көңіл бөлді, асқақтық пен күйкілікті, трагедиялық және комикалық дүниелерді, жай нәрсе мен таңғажайыпты батыл араластыра білді.
Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде романтизм әдеби бағыт ретінде ХҮІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қарышты даму жолын өткерген әлемдік мәдениеттегі ең арналы бағыттардың бірі болды. Романтизм тарихына жіті көз жіберсек, бір-біріне жақын келетін сілемдерімен қатар өзара мүлде ұқсамайтын әр- тектіліктің, жеке ерекшеліктердің болатынын байқаймыз.
Романтизм әдеби бағыт ретінде Германияда ерте дамыды. Йена романтиктері ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ға- сырдың басында Йена қаласында құрылған неміс романтик- терінің үйірмесіне топтасты. Йена романтиктері ең алғаш- қылардың бірі болып романтикалық теориясының негізін салды және әлемге әйгілі, атағы жер жарған романтикалық шығарма- лар тудырды. Йена қаласында құрылған үйірмеге ағайынды Фридрих Шлегель мен Август Шлегель, Новалис, Вильгельм Ваккенродер, Людвиг Тик т.б. кірді.
Йена романтиктерінің шығармашылығында проза, поэзия, драматургияны қамтыған романтикалық жанрлардың толыққан- ды жүйесі қалыптасты. «Халықтық» пен «тарихилық» ұғымдары романтиктердің жаңалығы болды. И.Фихте мен Ф.Шеллинг философиясына сүйене отырып, бүкіл Европада резонанс ту- дырған романтизмнің философиялық, эстетикалық және әдеби теориясын (сонымен қатар романтикалық ирония теориясын) жасап шығарды.
«Өзен мектебі» (ағылш. lake - өзен) - Англияда да ро- мантизм қарқынды дамыды, әсіресе бұл поэзияда айқын көрінді. Ағылшын романтизмінің алғашқы кезеңі «Өзен мектебінің» қызметімен байланысты. «Өзен мектебіне» Вордсворт, Колдридж, Саути т.б. романтиктер кірді. Олар өзендер көп орна- ласқан аймақта өмір сүрді, сондықтан оларды лейкистер (ағыл- шынша өзеншілер) деп атады.
Еуропа халықтарының әдебиетінде де, орыс әдебиетінде де романтизм нақтылы қоғамдық өмір шындығына романтикалық
арман-мұратты қарсы қояды. Мұның өзі, бір жағынан, қиял- шылдық, күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрған жарқын өмірді аңсау, алға ұмтылу десек, екінші жағынан, өз ортасын олқы көріп, өз кезіндегі қоғамдық тәртіпті қабылдамау, оған на- разылық білдіру деуге болады. ХІХ ғасырдағы романтизм та- рихын зерттеуші С. Әшімханова: «Романтизм бағытында жазыл- ған шығармалардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, теңдік, бақыт, азаттық үшін талмай күресетін рухы күшті жандар болып келеді. Адамның бас бостандығын, адами- қоғами мәні бар, құлшынысқа толы жағымды іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау – романтизм туындыларына ортақ қасиет»1 – дейді.
Психологизм, адам жанының терең иірімдері еуропалық романтизмнің басты жетістіктерінің бірі екені әлемдік әдебиет тарихынан белгілі. Алайда Рудаки мен Жәми, Хафиз бен Саади, Науаи мен Хайям сынды ұлы шығыс ақындарының шығарма- ларында адамның, лирикалық кейіпкердің психологиялық ішкі жан әлемін терең суреттеу еуропалық әдебиеттен асып түспесе, кем емес. Шығыс лирикасы қаһарман көңіл-күйінің нәзік нюанс- тарын психологиялық тұрғыда шеберлікпен бейнелей алды. Ро- мантикалық теорияға сәйкес, шығыс өнері – еуропалық роман- тизмнің өз алдына бір «атақонысы», көп тұстарда романтикалық поэзияның мазмұндық ерекшелігімен қатар, формалық ерекше- ліктерін де анықтаған көркемдік жүйе. Шығыс әдебиетінде ро- мантикалық мазмұндағы асқақтық айқын аңғарылады.
Романтизм әдеби бағыт ретінде белгілі дәуірмен, нақты тарихи жағдайлармен байланысты қарастырылса, көркемдік әдіс ретінде ол әлдеқайда кең мағынаға ие. Бұл тұрғыдан романтизм- ді әдеби бағыт, ағым ретінде ғана қарастырмай, нақты тарихи кезеңнің бағанына байламай, кеңірек ауқымда аламыз. Роман- тизм поэтикасына тән бейнелеу тәсілдері, негізгі ұстанымдары (романтикалық кейіпкер, романтикалық көтеріңкі леп, қақтығыс сипаты, қиялшылдық, қоғамға сын көзімен қарау, болмысқа на-
1 Әшімханова С.А. ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 6 б.
разылық білдіру т.б.) көркемөнердің табиғатына сай болған- дықтан нақтылы тарихи дәуірдің шеңберінен тыс уақытта да болады. Барлық кезеңге ортақ романтикалық өнер тарихи уақыт- қа бағынбайтын тұрақты қасиетімен, типологиялық белгілерімен анықталады. Бұл жағдайда романтикалық бейнелеу тәсілі көр- кемдік танымның субъективті жағы, көркем шығармашылықта
«мәңгілік» болады.
Романтизм мен реализм көркем әдебиеттің даму тарихында әр дәуірде әр түрлі сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан шығармашылық әдістер. В.Г.Белинскийдің өзі поэзияда өмірді өнерге айналдырудың екі түрлі тәсілі бар екенін айта келіп, жалпы поэзияны екіге бөледі: идеалды және реалды поэзия. Бірі
– қиялға, арманға негізделсе, екіншісі – шындықтан тамыр тартқан тәсіл.
Л.Тимофеев, А.Гаджиев, Н.Гуляев те романтизм ұғымын екі түрлі қолдануға болатынын айтады. Қазақ әдебиеттануында Т.Кәкішев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды көрнекті ғалымдар да романтизм мен реализмді екі көркемдік әдіс ретінде қарастырып, романтизмнің әдеби бағыт ретінде ғана емес, тарихи кезеңнен тыс уақытта сөз өнерінде мәңгілік сақталатынын жазады.
Романтизм деген әдіс пе, әлде бағыт па деген мәселелер тө- ңірегінде де қызу айтыстар жүрді. Әдеби бағыт, әрі нақты тари- хи-әлеуметтік құбылыс ретінде классикалық романтизм Еуропа елдерінде XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қа- лыптасып, өрлеу дәуірін кешірді. Ал «әдісті ағыммен алмас- тыруға да, стильмен шатастыруға да болмайды. Неге десеңіз, – стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес; стиль мен ағым – қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс – қайта- ланып отыратын құбылыс; стиль мен ағым құбылмалы нәрселер болса, әдіс – тұрақты нәрсе»1 – дей отырып, З.Қабдолов роман- тизмді көркемдік әдістің біріне жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |