Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет52/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Әдеби ағым, бағыттар – тарихи категория. Олар қоғамдық жүйенің, тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде саяси-әлеуметтік сипатқа байланысты туады да, дамиды, тарих сахнасынан кетеді.

1 Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. - Т.2. – Алматы: Жазушы, 1983.


350-б.
Әрбір суреткер шығармашылығындағы ұқсастықты олар өмір сүрген дәуір ерекшеліктері дарытады. Әдеби ағым, бағытты әр қоғамдағы ірі құбылыстар, саяси, әлеуметтік, қоғамдық жағдай- лар туғызады. Әдебиет теориясында бағыт пен ағым ұғымдарын шатастыру, кейде осы екеуін бір деп қарастыру көзқарасы кез- деседі. Екі ұғымның өзіндік ерекшеліктері бар.
Көркемдік бағыт – нақты тарихи дәуірдегі бірнеше сурет- керге тән шығармашылық, типологиялық бірлік. Ол ағымға қарағанда анағұрлым ірі, кесекті. Ағым - бір бағыт ішіндегі, шеңберіндегі (өтпелі кезеңдердегі) жазушылардың анағұрлым кішілеу дифференциациясы. Мысалы, романтизм – әлемдік әдебиет тарихында ұзақ уақыт дәурен құрған арналы бағыттар- дың бірі болса, ол өз ішінде бірнеше ағымдарға: философиялық романтизм, төңкерісшілдік романтизм, элегиялық романтизм, гротескілік романтизм, неоромантизм т.б. деп жіктелді.
Көркем мәдениеттің, әдебиеттің даму тарихында көптеген әдеби бағыттар болды. Классицизм (лат. үлгілі) -Еуропа әде- биеті мен өнерінде 16-17 ғасырлар белесінде дамыған көркемдік стиль мен эстетикалық бағыт. Классицистер антика өнерінің озық үлгілерін, антика теоретиктері (ең алдымен Аристотель мен Гораций) белгілеген нормаларды бағдар тұтты. Классицизмнің тууы Еуропада абсолюттік монархияның дәуірлеуімен тығыз байланысты болды. Қоғамдағы осы хал әдебиетке де әсер етті. Классицизм Францияда қарқынды дамыды. Жан Расин, Мольер, Пьер Корнель т.б. француз драматургтері әдеби шығармаларын көне классиктердің, антика әдебиетінің нормаларына сүйене жазды. Н.Буало «Поэтикалық өнер» трактатында классицизмнің теориялық негіздемесін, эстетикасын жасап, бейнелеу принцип- терін айқындады. Бұл еңбек осы бағыттың әдеби манифесі, бағ- дарламасы ретінде танылды.
Классицизм эстетикасы өнерде жанрлар иерархиясын ор- натты. Олар жанрлар теориясына көп көңіл бөлді. Жанрларды
«жоғарғы» (трагедия, эпопея, ода) және «төменгі» (комедия, сатира, мысал) деп жіктеді. «Жоғарғы» жанрлар жалпы мемле- кеттік проблематиканы қамтыды, кейіпкерлері де ақсүйектер, патшалар болды, ал «төменгі» жанрлар жеке мәселелер мен адам табиғатының (қоғамның төменгі тап өкілдері) абстрактылы
кемшіліктерін (сараңдық, екіжүзділік, атаққұмарлық) арқау етті. Классицизм өнерінде негізгі назар жекеге, кездейсоқтыққа, жалқыға емес жалпылыққа, жинақтауға ауды. Негізгі қаһарманы
– қолбасылар, патшалар, корольдер. Сондықтан әдебиеттегі кейіпкер характерінде жеке тұлғалық ерекшеліктер жоқ. Ол – тұтастай адамдар типінің жинақтық бейнесі. Кейіпкерлері - не мінсіз жақсылар, не іске алғысыз жамандар. Шығармалардың тақырыбы да – қоғамдағы елеулі, ірі тарихи оқиғалар. Тілі – көне антика үлгілерінде сияқты көтеріңкі, пафосты және шешендік, көсем сөздер молынан.
Ақыл категориясы классицизм ашқан көркемдік конфликт- тің жаңа түрін қалыптастыруда елеулі роль атқарды. Тартыс ақыл, мемлекет алдындағы парыз, қоғамдық мүдде мен сезім, жеке мүдде арасында өтті. Қақтығыс қалай шешілсе де, мемлекет алдындағы парызын жеке өмірінен жоғары қоятын азамат тұлғасы классицистердің эстетикалық идеалына айналды.
Классицизм жазушылары трагедияға көп көңіл бөлді. Бұл жанрдың заңдылықтары қатаң болатын. Трагедия сюжеті тарихи немесе аңыздық желіге құрылғанмен, шындық негізі бар. Көне дәуірлерді, алыс мемлекеттердің тарихын (Ежелгі Грекия мен Римнен басқа шығыс елдері де кірді) арқау етеді. Шығарма идея- сы туындының тақырыбынан-ақ аңғарылады. Бұл турасында Н.Буало: «Пьесаның алғашқы жолынан бастап-ақ ойы айқын болу қажет» - деді.
Трагедия теориясында «үш бірлік» ұстанымы басым орын алды. Ол ХҮІ ғасырда ортағасырлық театр өнерімен күресте Аристотельге сүйенген итальян және француз гуманистерінің ең- бектерінде көрініс тапты. Классицизм эстетикасы ХҮІІ ғ. (әсі- ресе Н.Буало) әдеби шығарманың «үш бірлік» тұрғысынан жа- зылу қажеттігін ұсынды (уақыт бірлігі, оқиға бірлігі, сюжет бір- лігі). Әдеби шығарманың мазмұны мен пішініне қояр талабы осы қағидаға негізделді. Оқиға бір тәулік ішінде, бір кеңістікте, яғни бір орында өтіп (мысалы, бір патша сарайының ішінде), оқиға бірінен кейін бірі тізбектеле жалғасып, бір сюжеттік желі бойын- да дамуы тиіс және пьесадағы қосымша сюжеттік желілер бұл бірлікті бұзады деп есептелді.
Тұтастай алғанда, нормативті классицизм эстетикасы өнер- дің дамуына тосқауыл болды. Классицизмнің барлығын бір қа- лыпқа бағындырып, ережеге салу заңына кейіннен романтиктер мен реалистер қарсы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет