Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет54/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Футуризм (латынша futurum – болашақ) – ХХ ғасырдың басында Италияда кеңінен қанат жайған авангардтық ағымдар- дың бірі. Филиппо Томмазо Маринетти - «Футуризмнің бірінші манифесі» (1909), «Мафарка-футурист» (1910), «Футуристік әдебиеттің техникалық манифесі» (1912) шығармаларының авторы.
Футуризмге антигуманизм («жалпылық бақыт» меха- низмінде адам болмашы бір бөлшек), антипсихологизм («ыстық металл... мен ағаш жаңқасы бізді әйелдің көз жасына қарағанда көбірек толқытады), антирационализм («ақылға жиренішпен қарауға» шақыру) және эстетикаға, философияға, адамгершілікке қарсылық («біз музейлерді, кітапханаларды құртамыз, мора- лизмге қарсы күресеміз»), мәдени дәстүрлерге, әдеби мұраларға қарсы шығу, тұрпайылық, агрессия («агрессия, тұрпайылық жоқ шығарма кемел туынды бола алмайды»), тілдік бейнелеу тәсіл- деріне («сөзге қарсы шығуға» үндеу) т.б. тән болды. Футуристер тілдік бейнелеу тәсілдерінің жаңа үлгілерін іздестірді, жанды әңгіменің орнына тоникалық өлеңдерге ден қойды, фонетикалық ырғақтар туындатты.
Олар қозғалысты, қазіргі өмірдің динамикалық, сәт сайын өзгеріп тұратын қозғалмалы күйін мадақтады. Басты идеалы – мотоциклдағы адам, «жаңа кентавр». Футуристер дәстүрлі мә- дениеттен қол үзуді көздеді, оның есесіне урбанистік эстетиканы орнықтыруға күш салды, техницизмге душар болған «интенсивті өмірдің» бей-берекет ағысын өз санасында жаңғыртқан «өзгеше жанның» сезім-күйлерін беруге тырысты. Сондықтан өздерінің
сөздік қорларында дара диалектикалық сөздер жасауға құлшын- ды, өлең графикасына эксперимент жасады.
Ресейде футуризм итальяндық футуризмнен тәуелсіз дамыды. Кубофутуристер В.Хлебников, В.Каменский, В.Маяковский, Б.Пастернак, К.Лившиц т.б. Кубизм субъектив- тiлiктi дәріптейді. Олардың пікірінше, көркем шығармашылық табиғатты бейнелеу, оған еліктеу емес, табиғаттың жалғасы, ол адамның шығармашылық еркі арқылы «жаңа, бүгінгі, темір әлемді» жасайды. Осыдан келіп, әдеби жанрлар мен стильдердің шартты жүйесін бұзу етек алды.
Қазақ әдебиетінде футуризм өз бағдарламасы бар әдеби ағым деңгейіне көтерілмесе де, футуристік элементтер С.Сейфуллин шығармаларында арагідік кездеседі. Сәкен шығар- машылығына орыс футуристі В.Маяковскийдің әсері болғаны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет