Әдебиетке шолу


Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері



бет3/15
Дата19.05.2022
өлшемі110.9 Kb.
#457920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
аналақ төлдер

2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері


Малды азықтандыруды ұйымдастыру кезінде азықты үнемді жұмсап, жануарлардың өнімділігін арттыруды, олардың денсаулығын нығайтып, ширақ төл алуды, оның дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды: малдың түріне, жасына, жынысына және олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасына байланысты қоректі заттарға деген мұқтаждығын; азықтандыру типін; рационды, оның құрылуы және қоректі заттармен байланысын білуді ескерген жөн. Малдың жоғары өнімділігі мен олардың денсаулығын сақтау азықтың сапасына ғана емес, азықтандыруды дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. Физиологиялық толық құнды және экономикалық жағынан тиімді келетін азықтандыру - дұрыс азықтандыру деп аталады.
Академик М. Ф. Иванов организмге малдың тұқымы мен ата-тегінен тері азық және азықтандыру үлкен әсер етеді деп көрсетті. Биологиялық толық құнды азықтандыру дегеніміз — малдың жасын, тірілей салмағын, өнімдік дәрежесін және физиологиялық жағдайын (сиырдың суалуы, буаздығы, мегежіннің буаздығы т. б.) ескере отырып, организмнің қоректі заттарға мұқтаждығын толық қанағаттандыра азықтандыру.
Азықта белгілі бір қоректік заттардың жетіспеуі немесе шамадан тыс артық болуы малдың физиологиялық қызметін бұзады, соның салдарынан малдардың өнімділігі төмендеп, ауруға шалдығады. Мысалы буаз малдарды тапшы және сапасыз азықтармен азықтандырғанда олардан нашар, тіршілікке қабілетсіз төл алынады.
Төлге азықты аз беру, оның тек тірілей салмағын жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар өсуін де тежейді. Малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы арнайы жүргізілген баланс заттар мен энергиясын анықтайтын физиологиялық тәжірибелерде тексерілді. Сонымен қатар жан-жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының, нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың төлі дұрыс жетілуі т. б. үшін олардың организміне қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы дегеніміз — малдың тәуліктік тіршілік мұқтаждығын қанағаттандыру, денсаулығын сақтау, бір қалыпты өсіп отыруы және азықты үнемдеп жұмсай отырып, жоспарланған өнім алуға жұмсалатын қажетті қоректі заттар мөлшері. Мал организміне негізгі қажетті қоректі заттарға протеин, амин қышқылдары, көмірсу, май, макро және микроэлементтер мен витаминдер жатады.
Малдың қоректі заттарға деген мұқтаждығы екіге бөлі-
неді, оның біріншісі малдың тірілей салмағына қарай, тірші-
лігін қамтамасыз етуге, яғни организмдегі физиологиялық
процестерде: қан айналу, тыныс алу, бұлшық еттерінің жиы-
рылуы, басқа да қажетті процестерді бір қальшты үстау үшін
керек.
Л. Г. Гофмаин мен Р. Шиманның мәліметі бойынша орта-
ша сүтті сиыр (яғни 15 литр сүт беретін) тіршілігі үшін бар-
лық азықпен енген энергияның 40 процентін, тәулігіне 1000 г
салмақ қосатын бордақыдағы бұқашықтар — 59, тәулігіне
600 г салмақ қосатьш бордақыдағы шошқа — 59, жұмыртқа
бағытындағы мекиендер — 70, жұмыртқалап жүрген мекиен-
дер — 58 процентін пайдаланады.
Сүтті сиырлар сүті аз сиырға қарағанда әр килограмм сүтіне аз энергия жұмсайды, есеп бойынша бірдей тірі салмақты сиырлардың тіршілігін қамтамасыз етуге және 1 кг сүтке бірдей энергия жұмсалады.
Салмағы 500 кг 10 литр сүт беретін сиырдың тіршілігін қамтамасыз ету үшін 54 МДж алмасу энергиясы немесе 4,7 азық өлшемі қажет, майлылығы 4 проц. 1 кг сүт алу үшін — 5,7 МДж немесе 0,5 азық өлшемі қажет. Барлық энергиялық мұқтаждық III МДж АЭ (54 МДж + 5,7 МДж-10) неміесе 9,7 АӨ (4,7 АӨ + 0,5 АӨ-10) тең. Егер 20 кг сүт беретін болса онда барлық энергияға деген мұқтаждық 168 МДж (54МДж + 5,7МДж-20) немесе 14,7 АӨ (4,7 АӨ + 0,5 АӨ-20), яғни 1 кг сүт үшін 8,4 МДж АЭ немесе 0,73 АӨ қажет. Тәулігіне 30 кг сүт берген жағдайда энергияға деген мұқтаждық 225 МДж (54 МДж + 5,7МДж-30) немесе 19,7 АӘ (4,7 АӨ + 0,5 АӨ-30). 1 кг сүт үшін 7,5 МДж АЭ, болмаса 0,68 АӨ жұмсалады.
Бұл тәжірибенің біріншісінде тіршілікке өнім алу үшін жұмсалатын алмасу энергиясы 1:1, ал екіншісі бұл көрсеткіш — 1:2, үшіншісінде - 1:3-ке тең, яғни алатын өнім өскен сайын, оған жұмсалатын энергия шығыны да, кемиді. Соңғы жылдары өмірлік маңызы зор бірқатар қоректік заттардың ашылуына және өнімділігі мен физиологиялық жағдайы әр түрлі малдар организміндегі алмасу ерекшеліктерін зерттеуге, сондай-ақ мал шаруашылығын жеделдете өркендетуге
байланысты малдың қоректік заттарға деген талабын тек
энергиямен, протеинмен, кальций және фосформен қамтамасыз етумен бірге көптеген басқа да көрсеткіштер қажет емені
байқалды.
1985 жылы күйіс қайыратын малдар рационында 22—30, шошқа, құс рационында — 50 шақты көрсеткіш есепке алынған. Көрсеткіштер санына көбейту малдан алынатын өнімді арттырып, жемшөп шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
А. П. Демитроченконын, деректеріне қарағанда малды азықтандырған кезде мына көрсеткіштерді міндетті түрде қадағалаған жөн.
Күйіс қайыратын малдар үшін: шакі протеиннің су мен тұзда еритін фракциялары 40—50 проц., қант пен протеин. ара қатынасы буаз сауылмайтын сиырлар рационында 1:0,8—1,0, сауьш сиырлар рационында — 1:1,1—1,3; крахмал+қант, қорытылатын протеин ара қатынасы 1:2, 5—3 болуы тиіс. Қойдың рационында бұл көрсеткіштер Л:0,&—0,9; 1:2,7—3.
Малдың рационында целлюлоза протеиннен 1,5—2 есе
көп балуы тиіс (орта есеппен құрғақ заттың 22—25 процен-
ті). Күйіс қайырмайтын малдар мен құстар рациондағы
қышқыл, сілті элементтерінің катынасы (1:1—0,8) шамасында болады.
Ірі қара малын Д, Е, қойды; — каротин және Д витаминдері, ал шошқаларды — Е витаминімен, шошқаларды — каротин, А, Д, Е витаминдері және В — витамин тобымен, жылқыны — каротин, А, Д, Е витаминдері және В витамин тобымен, құсты — каротин, А, Д, Е, К, С витаминдері және В витамин тобымен нормалайды.
Азықтандыру нормасын біле тұрып, шаруашылықта бар.
мал азықтарынан азықтық тәуліктік рацион түзуге болады.
Азықтық рацион деп азықтандыру нормасына сәйкес малдың
барлық қоректік заттарға деген тәуліктік мұқтаждығын
қанағаттандыра алатын мөлшердегі әр турлі азықтың құрамын айтады. Малды типтік азықтандыру дегеніміз әрбір географиялық, климат жағдайында жақсы өнім беретін жемшөп
дақылдарын белгілі тәртіппен, өзара қатынаста дұрыс пайда-
лану. Азықтандыру типті белгілі бір немесе екі жемшөптен
гөрі басымырақ болады. Мысалы, рационда сүрлем басым
болса, сүрлемді тип, шырынды азық мол болса, шырынды тип
деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет