2.7 Бұзаудың өсіп даму кезеңіне сәйкес қоректік мұқтаждығының өзгеруі
Қазіргі кезде шаруашылықта бұзауларды азықтандырғанда бірнеше түрлі схемаларды қолданады. Арнайы бір шаруашылықта бұзауды азықтандыру схемасын жасағанда экономикалық тұрғыдан қарап, әсіресе сүт пен құнды жемді аз беру жағьш ойлаған жөн.
Бұзау өсірудің ең жауапты кезеңі — оның туғаннан кейінгі .10—15 күні. Бұл уақытта оның организмі сыртқы ортаға бейімделіп, ас қорыту жолдарынының қызметі қалыптасады, сондықтан осы кезде оларды дұрыс азықтандыруға қатты көңіл бөлу керек,
Туғаннан кейін жарты немесе бір сағаттай уақыт өткен соң, бұзауға 1,5:—2 литр мөлшерінде уыз береді. Уақытында берілген уыз бұзаудың асқазан—ішек жүйееінің қызметіне қолайлы әсер етіп, тоңғағыньщ түсуіне.көмектеседі. Бұзауға алғашқы 2—3 күн бойы — 4—5, 4—7 күнен бастап үш рет уыз беріледі, 7-күнге дейін тәулігіне 5—7 литрге дейін уыз ішуі керек. Мүмкіншілігі болса енесінің сүтімен бұзауларды 13— 20 күнге дейін бағып, одан.кейін ғана сиырлардың ара-ластырылған сүтіне көшірген жөн.
Қазіргі кездегі колданып жүрген бұзауларды азықтандыру схемасында әр бұзауға жүмсалатын сут 180—-350 кг, көк сүт 200—600 кг аралығында алынған. Бұзауларға сүтті 2—4 айлығына дейін береді.
Тұқымдық ұрғашы бұзауларды өсіргенде қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілерді беріп, ал жазда — көк балау- саны көбірек беріп, сүт пен құнды жемді шектеген дұрыс.
Алты айға дейінгі ұрғашы тұқымдық бұзауларды дұрыс азықтандырып өсіру үшін Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жасаған азықтандыру схемасының 2 түрі 61-кестеде берілген. Егер сауылатын сиыр рационының құрамында каротин мөлшері аз болса, жаңа туған төлге витамин жетіспейді, сондықтан бірінші уыз бергенде оған 100000 X. Ө, А витамині және 50000 ХӨ. Д витаминдерін майлы концентрат түрінде қосып береді. Егер дайындаған азықтарда бұл витаминдер болмаса, осы витамин концентраттарын бұзаудың рационына алдағы уақытта да енгізу қажет. Ең қолайлысы онысүтке эмульсия немесе құрама жемнің құрамына витамин түрінде, я болмаса арнаулы премикс түрінде қоса берген жөн. Бұзауға 3 айға дейін тәулігіне қосымша 10000—12000 ХӨ. А витаминін және 2000—35000 ХӨ. Д витаминін (20—30 X. Ө. 1кг тірілей салмаққа есептегенде) беру қажет. Әсіресе бұзауларға қаймағы алынбаған сүтті аз (60—120 кг) бергенде, витамин мөлшерін 1,5—2 есе кебейту керек. 4—5 аптадан кейін бұзауларды жоғары белокты құрама жем—стартер, пішек, тамыр жемістілерді, арнаулы сүрлекдерді жеуге үйрету керек. Картоп, қьізьілша, жақсы сүрлем, пішендемені азық қурамына 3—4 онкүндіктен бастап енгізеді. Кейде асқазандағы ас қорытуға жағдай жасау үшін бұзауларды 8—10 күннен бастап үйретеді. Тамыр—түйнек жемістілерді бермес бұрын жуып уатады. Ал пішенге, жемге бұзауды 3—4 аптадан бастап үйретеді. Пішеннің, шөптің тұнбасын 30 күн бойы тұндырып, пастерлейді. Бұл тұнбаны бұзауға 20—25 күн толғаннан кейін береді. Рацион құрамына пішен ұнын немесе пішен тұрандысын қосқан пайдалы. Жем қоспасына сұлы, ұн, бидай кебегі, бұршақ, дән, күнжара және минералдық қосымшаяар қосу керек. Қоспаның 1 кг-да 0,92—0,95 азық өлшемі және 150—170 г қорытылатын протеин болуы керек. Минералдық қоспаларды бұзауға 11-күннен бастап береді, ал пішен, сүрлемді жегенінше береді. Жазда рацион құрғанда 2 айға дейінгі бұзау үшін жайылым щөбін есешсе алмайды.
3-4 айға дейін бұзауға берілетін сүт пен жемнің мөлшерін
схемадағыдан кемітпейді, ал пішен мен сүрлемді жайылым
шөбімен араластырады. Егер жайылым шебі нашар, бұзау-
дың өсуі баяу болса, оларға қосымша көк азық немесе сүрлем
беру қажет.
Кек азықты бұзауға 2-айлығьшан бастап жегенінше береді. Берілетін жем мен сүттің мөлшеріне қарай әр жастағы бұзау тәулігіне көк азықтың төмендегі мөлшерін жей алады: 2-айлығында 3—4 кг, 3—4 айында 6—12 кг, 5—6 айлығында 14—18 кг.
Бұзауға берілетін сүт мөлшерін азайту үшін сиыр сүтін алмастыратын азықты қолданады. .
Сүт алмастырғыш рецебін жасағанда оның құрамының сүттің құрамына сәйкес келуін кездеу керек. Сүт алмастырғыштың негізі — қою қүрғақ көк сүт болуы керек. Бұзауды маймен қамтамасыз ету үшін сүт алмастырғыштың қүрамьіна . есімдік және жануар тектес майларды, протеин мен витамин-дерге бай азық ашытқысын, т. б. қоспаларды қосу қажет. Сүт алмастырғыштың рецептерініа бірі 62-кестеде берілген. Сүт алмастырғышты бузаудың рационына 11 күндігінен бастап қосып беруге болады. Бұзауға берер алдында алмастырғышты қгйнаған жылы суда (38—40°) жақсылап ерітеді. Еріту кон-центрациясы: 3:9—1,2—8,8 шамасы болып келеді. Яғни, 1 кғ ерітінді дайындау үшін бірінші жағдайда құрғақ алмастыр-ғыштың 100 грамын 90 мл. суға, ал екінші жағдайда 120г қүрғақ сүт алмастырғышты 880 мл суға араластырып ерітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |