2.3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Бірінші әсер ететін фактор, яғни азықтандыру тәртібін мал түріне, жасына, жынысына, тұқымына, өнімділік бағытына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне сәйкес белгілейді. Онда қолда бар жем шөп қорын, оны тиімді жүмсау жолдарында ескереді. Белгіленген азықтандыру тәртібін сақтау қажет. Өйткені, мал оған тез арада үйреніп дағдыланатындықтан, организмі азық қабылдауға дайындалып, тәбеті ашылып, қортуын жоғарлататын динамикалық стеоротипі қалыптасады.
Онда олардын ас қорыту жүйесінің де қалыпты тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.
Азықтандыру мен суару да күшті әсер етеді, құрғақ жемнің мал қорасындағы ауаны тозаңдатып микроптың ластануын,ал ылғалды азық ауа ылғалдылығын жоғарлататынын ескеру қажет. Және де берілетін азықтарды белгіленген тәртіппен таратып,тәртібінің бұзылмауын сақтаган жөн. Азықтандыру тәртібінің бүзылуы стрестік фактор ретінде қалыптасып,мал өнімділігін төмендетеді,өнім бірлігіне жүмсалған азық шығымын үлғайтады. Жаңа азықты да біртіндеп енгізу керек, бұған әсіресе буаз малдың азықтандырылуына көңіл бөлу қажет. Дұрыс қолданылмаған азық тіпті іш тастатып,ал төлін емізетін бастардың сүт құрамын өзгертіп,сол арқылы төлді тышқақтатуы мүмкін. Жаңа азыққа және қысқы азықтан жазғы азыққа малды біртіндеп, 10-15 күнде үйрету қажет. Бұрынғы азықтарды бірте бірте азайтып,орнына жаңа азықты көбейтеді. Малдың азықтануына сыртқы орта температурасы да әсер етеді. Ыстықта малдың ас қорыту сөлдері аз шығып,ондағы ферменттер азаяды,ас қорту жолының жиырылуы бүзылып азық қортылымы төмендейді. Мұндай құбылыстар сыртқы ауада көмір қышқыл газы,аммияк көп жиналғанда да орын алады. Мал организмі көмір қышқылының көп мөлшерінен жиі тыныстану арқылы босауға тырысады. Босай алмаған жағдайда қорытылған органикалық заттардың ыдырауынан пайда болатын сутегінің екі тотығын тежеу үшін, зат алмасуы баяулайды. Осыдан барып селқостық, мал тәбетінің,ас қортуының бүзылуы орын алады.Мал азығының бөгде заттармен ластануынан,азықтандырудың дүрыс үйымдастырып,оның барысының дұрыс жүргізілмеуінен ас қорыту ағзаларының анатомиялық құрылымы зақымдалып, жекелеген мүшелерінің қызметі бұзылып, бүкіл жүйе зардап шегуі мүмкін. Азықтандырудың ондай зақымдаушылық әсерлері түрлі механикалық,физикалық,химиялық және биологиялық себептерден туындауы мүмкш. Айталық, азықпен бірге енген сым, шеге, әйнек, шыны, құм, қиыршық т.б секілді бөгде заттар мен малдың ас қорыту жолы механикалық түрде зақымдалса, бөгде заттардың ас қорыту жолының бөлімдерінде ұзақ мерзім жатып қалуынан ол мүше не бөлімнің қызметі бұзылу қаупі өседі. Кезінде біздің Алматы облысының Сарыбұлақ ауылында ірі қара мал бордақылау кепіенінде қатайып кеткен қамыс, сабан секілді ірі жем шөпті гидротермиялық әдіспен буландырумен қайнатудан өткен тәжірибеде, буланып жұмсарғандықтан ірі жем шөп желінуімен қортылуы жоғарылаған.
Мүйізді ірі қара мал телінің қоректенуін организмнің онтогенездік (жеке) даму заңдылықтарына сүйене отырып ұйымдастырады. Эмбрионалдық кезеңдегі дұрыс дамымай туылған бұзаудың кейінгі жеке дамуында эмбрионализм түріндегі даму ақаулықтары сақталады да, оның өнімділігі жете дамып туылған өз құрдастарынікінен (сверстники) кем тү-седі. Екінші жағынан, эмбрионалдық кезеңде жетіліп туылған бұзауды кейінгі постнатальдық кезеңінде дұрыс азықтандырмаса, инфантинизм түріндегі даму ақаулықтары сақталып, өнімділігі денесінің буаздық кезіндегі азықтандыруына тәуелді өтетін эмбрионалдық даму кезеңінен кейін жаңа туылған бұзау сыртқы орта жағдайларына бейімделетін алғашқы аптадағы уыздық кезеңін, одан кейінгі сүт бағытындағы тұқым бұзауының — 6, ал ет бағытындағы тұқым бұзауының 8 айлығына дейінгі сүттік кезеңін ажыратады. Сүттік кезеңнен кейін жынысы бойынша жетілген таналарды өнімдік бағытына, яғни өсіру мақсатына (сүтті сиыр өсіру немесе жедел жетілдіріп, бордақылап етке сою) сәйкес азықтандырады.
Бұзау азықтандыру. Шаруашылықтың табиғи-экономикалық жағдайы мен қалыптасқан жемшөп қорын ескере отырып, бұзау өсіріп-жетілдіру жоспары (план выращивания телят) құрастырылады да, соған сәйкес бұзау өсіру әдісі белгіленеді:
Енесіне теліп, иіген сиырды сауу әдісі (подсосно-поддойный ме-
тод);
Бір мерзімде туылған 3-4 бұзауды арнайы бөлінген сиырға теліп
өсіру әдісі (метод выращивания под коровами-кормилицами);
3) Уыздық кезеңнен кейін бұзауларды жалпы жиналған сүтпен емізу әдісі (метод групповой выпойки сборным молоком).
Бұзаулар қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды туылғаннан кейін міндетті түрде өз енесінің уызына қандыру шарт. Жаңа туылған Бұзаудың кіндігін кесіп, кесілген жерін өңдеп, танауын тазартып, денесін буланған сабанмен ысқылағаннан кейін енесіне жалатады. Бұзауын жалаған сиырдың ас қорытуы дұрысталып, шуы тез бөлініп, йіиді.
Бұзаулаған сиыр желінін жылы сумен жуып, шүберекпен сүртіп, құрға-тып тазартады да, емшек үрпісіне жиналған сүттің алғашқы, микробтармен ыластануы мүмкін бөлігін жеке ыдысқа сауады. Содан кейін бұзауды енесіне теліп, уызымен ауыздандырады. Мұның оның иммундық жүйесін қалыптастырып, өміршендігін жетілдірудегі маңызы зор екенін ескеріп, өмірінің алғашқы күндері өз енесінің уызына қанығуын қадағалайды. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда бұзауға жаңа бұзаулаған басқа сиыр уызын ішкізеді.
Бұзауын жалаған сиырдың шуы тез арада бөлініп, жатыры жиырылып, ас қорытуы қалыптастырылады да, желіні йіиді. Иіген желіннен алғашқы екі тәулікте бұзауға ішкізілетін 1—2 л уызды аз-аздап, 5—6 рет бөліп емізеді. 3-4-ші күні бұзауға уызды күніне үш рет бөліп емізіп, 5— 6-шы күнінен құрамы біртіндеп сүтке айналған уызды тойғанынша емізеді де, сүттік кезенде бұзау өсіруге белгіленген азықтандыру жобасына көшеді.
Достарыңызбен бөлісу: |