Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері
Мал жеген жепшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорыту барысында механикалық, физикалық, химиялық жэне биологиялық факторлар әсерінен азықтығы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңіріледі. Ыдырап үлгермеген қоректік заттар асқорыту жолында сіңірілмей, қорытылмағаы қалдықтар түрінде нәжіспен тік ішектен сыртқа шығарылады. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады.
Желінген жемшөп қоректік заттарының қорытылуы ауыз қуысынан басталады. Онда енген азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (алдымен, амилаза) мен минералды затгар оның құрамына сіңіп, әСер ете алатын қосындыларын ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық ферменттерінің әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктенген азық жыны онекі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Оған өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен және бауыр өтімен араласады.
Өттің қосындылары азық майының ішек сөлі ферменттерімен ыдыратылуына көмектеседі. Аш ішекке өткен химус қоректік заттары ішек сөлі ферменттерінің эсерімен жай қосындыларға дейін ыдыратылады. Химиялық түрғыдан қарапайым қосындылар болып келетін амин және лимфа құрамына сіңіріледі. Толық ыдырап үлгермеген Қосындылар тоқ ішекке өтіп, тік ішекке жылжу барысында химус суы қайта сіңіріліп, бүтіндеп нәжіс қалыптысады.
Жасунықты өсімдік жемшөппен қоректенетін мал түлігінің қарын сыйымдылығы мен ішек ұзындығы жасунығы ас азыкпен қоректенетін жануардікінен анағұрлым басым болып келеді. Тіпті күйіс кайыратын малдың қарны бөлімденіп, бірнеше алдыңғы қарын бөлімінен түрады. Оның алдыңгы месқарын, жалбыршақ және тақия қарыннан тұратын үш бөлімі желінген жемшөпті мейілінше көп сыйғызып, ондагы микроорганизмдер көмегімён қорілтылатын жоғарылату үшін жаратылган азық қоймасы ретіндс қызмет атқарады. Бір қарынды малдың қарынындағыдай нағыз қорыту кел бөлімді қарынның тек төртінші бөлімі- ұлтабарда өтеді. Бір бөлімді қарынның да ішкі қабаты біркелкі кілегей қабығынан тұратын карапайымы жэне кілегей кабығының әр жерінің күрылысы меи бсздері әр түрлі болып келетін кардиалдық, фундальдық және пилорикалық бөлімдерге бөлінетін күрделісі болады. Бұл тұрғыдан ит қарыны қарапайым, ал жылқы мен шошқа қарыны күрделі болып келеді.
Ауыз қуысының сілекейімен ылғалданып, сілекейдегі амилаза ферменті мен көмірсуы ыдырай бастаған, шайналған азыққа қарын қүрамында тұз қышқылы бар қарын сөлі эсер етеді. Ондағы қышқыл ортада пепсин ферменті әсерленіп, азық протеиннің ыдырата бастайды. Онекі елі ішекте құйылатын өт азык майның қорытылуына көмектесіп, нбгізгі қорыту аш ішекте қарын асты безі мен ішек бездерінің сөліндегі ферменттермен ыдыратылады. Тоқ ішекте химус суы сіңіріліп, тезек қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |