Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


қоюлату (сгущение мысли) процесі деп атауға болады», - деген (Потебня А.А.  Теоретическая поэтика. –М., 1990). Бұл жерде троп-образдың



Pdf көрінісі
бет30/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

қоюлату (сгущение мысли) процесі деп атауға болады», - деген (Потебня А.А. 
Теоретическая поэтика. –М., 1990). Бұл жерде троп-образдың танымдық 
қасиеті меңзеліп тұр. Троптың танымдық қызметі деген мынау: балық басынан 
шіриді, ауызбен орақ opy, оқу инемен құдық қазғандай деген сияқты сөз 
орамдарын осы істерді біліп, көріп, таныған адамдар ғана айта алады. 
Потебняның айтатыны да осы. Бағалаушылық қасиет те осы үш мысалдан 
көрініп тұр: сөз сыңайынан перде сыртында тұрған автордың осы істерге деген 
жеке бағалаушылық көзқарасын байқаймыз. Ал даралаушылыққа келсек: оны да 
осы үш мысалдан табуға болады, яғни әр істің басынан айнып, бұзылатындығы, 
боссөзділіктің жанды бейнесі, қандай да бір іс қиыншылығы нақты қырларымен 
айшықталып, айтылып тұр. 
Метафора (грекше: metaphora-ауыстыру) шығармадағы заттың яки 
құбылыстың суретін күшейту үшін оны ұқсас, басқа зат яки басқа бір 
құбылыспен балап, мағынасының өңін айналдырып айту.
Қиындықты қонағымдай тоса алам. 
Болса деймін ошақ аман, 
Бас аман. 
Бала – өлең, 
Өлең – бала, 
Осынау 
Балалардан бір кезім жоқ босаған. 
Тіршіліктің таңы – бақыт, кеші – құт... 
Деп жүргенде қалды халық кешігіп. 


38 
Тума-туыс берді жиі садақа,
Түнде көрген түстерінен шошынып. 
Бұл үзінділерде баланы өлеңге, тіршіліктің таңын бақытқа, ал кешін 
кұтқа, яғни екі нәрсені бір-біріне тікелей балайды. 
Метафораның негізінде теңеу сықылды екі нәрсені бір-біріне 
салыстырушылық болады. Бір қарағанда метафора теңеудің қысқарған түрі 
тәрізді. Өйткені басқа сөз қоспай-ақ теңеу жұрнақтарын жалғап, метафораны 
оп-оңай теңеуге айналдыруға болады. Мысалы: 
Жел сөзді кұлаққа ілмейсің. 
Жігіт – от, 
Аруды – гүл дейсің. 
Домалақ арыздан домалап 
Жатасың... 
Кім жазды білмейсің
,- деген үзіндідегі от, гүл деген сөздерге -тай, -дей 
жұрнақтарын жалғап теңеуге айналдыруға болады. Бірақ олар метафораның 
мағынасын бермейді, теңеу мағынасын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет