35
Эпитет (грекше: epitheton-қосымша, қоса тіркеу) бір заттың,
құбылыстың көзге ұрып тұрған бедерлі суретті сипатын, заттың,
құбылыстың атына қосақтап айту.
Мысалы:
Тәкәппәр таудың етегі туған өлкеміз...
(Таңсық қой таудың ұлына тулаған теңіз).
Түсімде мені қол бұлғап шақырады ылғи,
Толқынға қарап, толықсып тұрған ерке қыз. (Қ. Сарин)
Өткен шақтағы есімше арқылы жасалатын эпитеттің түрлері де кездеседі.
Мысалы:
Соны ұмытқан астамға
Сөз сүңгісіп түйреп көр.
¥ша алмайтын аспанға
Майға бөккен үйректер.
Дәстүрлі эпитеттер:
Арман берер ерулік
Алыс емес арғы бет.
Арқан тұса керулі,
Ақ бөкендей қарғып өт!
Ардақтайтын аймағың
Ақын болсаң бір өжет,
Асқар тауды айналып,
Ағайыннан бұрын жет.
Күрделі эпитеттер:
Күбірткідей сыздап қайың бездері,
Күндіз-түні дірдектейтін кездері.
Жасқа толы
Жаураған көп ақ үйдің
Кірпігі жоқ
Төрт бұрышты көздері.
Эпитетті теңеу:
Мұхитжан біздің
Қызыл шоқты күніндей түздің:
Қабағы қалың,
Таппайсың бабын.
Жылаймын десе,
Толады кесе.
Достарыңызбен бөлісу: