Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


 Әдеби тілді ажарлау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

 
8 Әдеби тілді ажарлау тәсілдері 
 
Әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болады.
Әр сөз адамның көңіл күйімен тығыз байланысты. А.П. Чеховтың 
айтуынша, «әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар». 
Интонация (латынша дауыс ырғағы, яғни әр сөздің айтылу мәнері ) - 
сөзге ажар беріп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсіл.
Ол көркем шығарманы оқығанда ғана емес, жазу үстінде де қатты 
ескеріледі. Жазушы кейіпкерді сөйлеткенде, оның әр сөзін көңіл-күйіне лайық 
мәнерде айтқызып, оған өзі қалаған сыр ғана емес, сымбат та береді: 
Масқара ғой –


34 
Кейбіреулер елірді. 
Тезегің не?! 
Менсінбейді көмірді… 
…О, зұлым-ай, зұлым-ай! 
О, ант атқан, ант атқан! 
Осал жерін ерлердің қалай ғана дәл тапқан! 
Әдеби тілге дыбыс қайталаулары арқылы да ажар бітіруге болады. Бұл 
тәсіл екі түрлі: аллитерация (латынша - дыбыстас) – біріңғай дауыссыз 
дыбыстарды қайталау және ассонанс (французша – үндес) – біріңғай 
дауысты дыбыстарды қайталау. Бұл тәсілдер прозада да, поэзиялық 
шығармаларда да кездеседі. 
Қызыл түлкі жас етпенен бір тілім 
Қарынының жамар енді жыртығын. 
Кадалады тұмсығына инесі 
Құдай атқан жайра менен кірпінің! 
Қарақұмда,
Қызылқүмда – 
Қысылса - 
Кесірткелер тастай қашар құйрығын.
Бізге қашан бос уақыт ауысады? 
Бұл жөнінде шыққан жоқ дауыс әлі.
Бойжеткендер асыққан
Балмүздақты 
Безіп бара жатып - ақ тауысады.
Келтірілген шумақтарды оқысақ, осында ылғи Қ әрпін және Б әрпін 
қайталау арқылы жасалған аллитерация бар. Енді мына өлеңдерді оқиық:
Айлалас және кесірлес
Ағайын сені өсірмес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет