50
Қазақ өлеңі – силлабикалық, яғни буынға
негізделген өлең екенін
аңғардық. Олай болса буын мәселесі – қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы
басты мәселе.
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі,
оның ішінде қазақ өлеңіндегі,
поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңдегі өлең ететін ырғақ
болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес.
Қазақ поэзиясының бүкіл дамуының
кезең-кезеңдерінде қалыптасып,
уақыт сынынан сіңген буын түрлері: он бір
буынды өлең, он буынды өлең,
тоғыз буынды, сегіз буынды, жеті б, алты буынды, бес буынды, аралас буынды
өлең.
Достарыңызбен бөлісу: