Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір 
құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін 
анықтау, аңғару, елестету.
«Ep Тарғын» жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа: 
Қара жерге қар жауар 
Қарды көр де, етім көр. 
Қар үстіне қан тамар 
Қанды көр де, бетім көр,-


45 
деп тақпақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен 
бүркіттің арпалысын суреттеп: 
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы, 
Адам үшін батысып қызыл қанға. 
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,
- деп жазған жақсы жолдары шендестірудің 
үлгісі. 
Дамыту, градация (латынша бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы 
сөзбен соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы 
құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Тұлпар жүрек бір ысып, бір суынып, түршігіп, 
Тулағанда кеудеде, аунап түсті тіршілік. 
Төмендеп кеп көк аспан, қайта кетті биіктеп, 
Түсті орнына қара жер, көк аспанға бір шығып! 
Таулар тұрды енді сен бұлтым болып сөгіл деп, 
Бұлтын тұрды енді сен нөсерім боп төгіл деп. 
Градациялық мұншалық қызық әсерлі өлеңдегі секілді прозалық 
шығармаларға да өзгеше рең береді. М.Әуезов өз эпопеясында дамытудың дәл 
осы қасиетін біліп қолданған: 
«...Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп 
жатталып, әуендеп толқып, тарап жаты... Ақшоқыда туған өлең мен ән 
жатталып, көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, 
өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жаты. Даланың 
қоңыр желіндей, жай соққан самалындай лүпіп-толқып, тобықты жайлауларын 
түгел шарпып өтті. Сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесекке
Қуандыққа да кетті. Аягөз, Тарбағатай, Алтай, Наймандарына да жетіп жатты». 
Профессор Е. Ысмайлов градацияны 2 түрге бөледі: түйдектету және 
баяулату. 
Түйдектетуге мысал: 
Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз, 
Жиіркенімпаз, сүйенімпаз, уанымпаз. 
Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз. 
Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз. 
(С.Мұқанов)
Баяулатуға мысал:
Әм жабықтым, әм жалықтым, 
Сүйеу болар қай жігіт, 
Көңілден кеткен соң тынным? 
Әм сүйіндім, әм түңілдім, 
Үнемі неткен үміт, 
Өткен соң бар жақсы жылым?
(Лермонтов - Абай) 
Кейде бұл екеуі қатар жүреді: 
Соқ, жігіт! Соқ! Соқ, жігіт! Күйіңді тарт! 
Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт! 
Безілдет! Сарнат! Зарлат!.. Үздіктірші! 
Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт! 
(І. Жансүгіров) 


46 
Инверсия (латынша орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе 
поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматиклық түзілу тәртібінен 
тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Жазылар естеліктер мен туралы, 
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. 
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, 
Бүтінделмей кеткен бір ep-тұрманы. 
(М. Мақатаев) 
Осы өлеңді әдеттегі заңды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар еді: 
Мен туралы естеліктер жазылар, біреулер өр тұлғалы жан еді дер, біреулер, 
мүмкін, ep-тұрманы бүтінделмей кеткен тұлпар еді дер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет