Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

6. Егіз ұйқас: аабб 
Өсіреді күн нұры, көктем сайын жерге гүл. - а 
Мен іздеген сағыныш сарғалдақ боп сенде жүр. - а
Мен бақытсыз әйелмін, жүрегі жас, өңі ескі, - б 
Менің жырым, мұңым да тарихтай көмескі. - б 
 
7. Аралас ұйқас: абвввггдв 
Кебеже қарын кең құрсақ, - а 
Артық туған Абылай, - б 
Көтере көр бұл істі. - в 
Көп Қытайдың жылқысы, - в 
Тұрымтайдай құнысты - в 
Жау жағадан алғанда, - г 
Ит етектен алғанда, - г 
Ep Абылай қорыққан жоқ, - д 
Әншейін еңкейіс бере жылысты. - в 
8. Осы күнгі ерікті ұйқас: абабвгдгжд 
Далама біткен биігім. - а 
Қабіріңді жасырған ба қу жазық? - б 
Мүрдеңе келіп иілдім, - а 
Өр даусыңды іздеп кеудем құлазып. - б 
Сен,в 
Елімнің жапан шөлінде - г 
Ақырай аққан сел едің. - д 
Кегін де, жұрттың шерін де - г
Нажағайлы жырыңмен - ж 
Көк нөсерге бөледің. – д 
 


52 
?!
Тапсырмалар
 
1) А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіңде ырғақ туралы 
айтқан ойымен танысып, оны кесте, сызба түрінде бейнелеп жеткізуге 
тырысыңдар. 
2) 5 өлеңге ұсынылған үлгі бойынша талдау жасаңыздар: 
 
Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша 
талдау үлгісі 
1. 
Авторы: Мұқағали Мақатаев. Шығарма атауы: «Аққулар 
ұйықтағанда».
2. Тақырыбы: ана махаббаты мен аққу құсына қатысты халықтық 
наным-сенім, әдемілік пен өзімшілдік.
3. Жанр түрі – поэма.
4. Идеясы: киеліні қастерлеу. 
5. Шумақ. Алты-сегіз шумақты.
6. Тармақ – қазақ поэзиясында өлең ырғағының негізгі бөлшегі, буын 
саны тұрақты келетін өлең жолы. Ең жиі қолданылатын тармақтар жеті 
буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды. 
7. Бунақ. Үш бунақты.
Өзен де жоқ // сыймаған// арнасына//, 
Жылға да жоқ// даламен //жалғасуға//. 
8. Буын. Он бір буынды.
9. Ұйқас. Қара өлең ұйқасы.
Канша ғасыр өтті екен, қанша заман? - а 
Қанша ұрпак кетті екен, қаншама адам? -а 
Қанша шырша есті екен, құлады екен, -б 
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған? -а 
10. Әдеби-теориялық ұғымдар.
Теңеу: Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай; 
Кейіптеу: Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет