58
Жазушының творчестволық ерекшелігі әр шығармасында әр қырынан
аңғарылуы мүмкін, сондықтан
жазушының стилі жайлы бір емес, барлық
шығармасын оқып барып байлау жасаған дұрыс. Егер суреткердің
дүниетанымында немесе идеялық бағытында өзгеріс болса,
стиліне де ықпал
ететіні даусыз.
Шын мәніндегі ipi жазушының стилін оның суреткерлік бітімінен бөліп
қарауға, оның бүкіл әдеби беті мен бағытын бүкіл творчествосының мазмұны
мен рухын белгілеген ағымнан не әдістен ажыратып әкетуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: