Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

классицизм (латынша classicys - үлгілі, өнегелі бағыт).
Бұл ағымның өкідері (Расин, Мольер, Корнель) баяғы көне дүние 
классикасын өздеріне өнеге тұтты; әдеби шығармаларын сол үлгімен жазды. 
Бұл ағымның көркем шығарма мазмұны мен пішініне қоятын қатал талабы, «үш 
бірлік» (уақыт, орын, оқиға) атанған бұлжымас шарты болды.
«Үш бірлікке» бағынған шығарманың мазмұны:
1) бір-ақ тәулік ішіндегі шындық;
2) тек бір орында өтетін тартыс;
3) бір ғана сюжеттік желінің бойында жататын оқиға.
Бұл – сөз өнерін ақиқат өмірден алшақтатып, нәтижесінде, әдеби ағым 
классикалық сипаттан әншейін схемаға көшіп бара жатты.
Осы тұста (ХҮІІІ ғасырдың орта кезінде) өмірдегі абсолютизммен күрес 
идеясынан туған сентиментализм (французша – сезімталдық) өнерде 
классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты.
Сентиментализм әуелі Англиядан – ағылшын жазушысы Стерннің 
«Сентиментальдық саяхатынан» басталды да, кейін Францияға (Pycco), 
Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас 
Жуковский) ауысты. Сентиментализм классицизммен күресте біраз қажет 
нәрседен айырылып қалды: әдебиетті ipi тақырыптардан аулақ әкетті
тіршіліктегі ұсақ-түйек, күйкі жайлармен көбірек әуестенді; адаммның жеке 
басына ден қойынқырап, қоғамдағы халықтық мәні бар келелі мәселелерден 
сырт қалып қойды. Сондықтан бұл ағымның да ғұмыры онша ұзаққа бармады. 
О. Әбдиманұлы өзінің «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты 
оқулығында сол тұстағы әдебиет өкілдерін идеялық ұстанымы, өмірдің өзекті 
мәселесін көркемдік шындық арқылы көрсете білуі, қоғамдық-әлеуметтік 
көзқарасы тұрғысынан үш бағытқа бөледі: діни-ағартушылық, ағартушы-
демократтық және ұлт-азатшылдық. Ғалымның ойынша, «осы «бағыт» ұғымы 
олардың ерекшелігін дәл айқындайтын секліді». 
?!
Тапсырмалар
 
1) Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдар жайында мәлімет жинап, 
презентация әзірлеңіздер 
2) Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, кестені толтырыңыздар: 
Бағыт 
Бағыттың басты сипаты 
Бағыттың белгілі өкілдері 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет