Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет51/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


65 
№5 БӨЖ
Тақырыбы: Тақырып, идея 
Тапсырма: 3 шағын көлемді шығарманың тақырыбын, идеясын анықтау 
Үлгі: 
Жал-жая ма? 
Қадірлеген атамыз. 
Коньяк па? 
Аздап дәмін татамыз. 
Бәрін қойып дастарханға
О тоба! 
Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. 
Бүгін көңіл семірді ғой, 
Семірді! 
Бітік егін жауып кетті өңірді. 
Бір жүз грамм арақ емес, 
Бір кезде 
Бір үзім нан алып қалған өмірді. (Қадыр Мырза Әли) 
Тақырыбы: Қазіргі адамдардың нанды қадірлемеуі туралы 
Идеясы: Ac атасы – нан. Наннан үлкен ac жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


66 
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары 
1. Қара өлең - әдеттегі үйреншікті өлең, бұл өлең төрт тармақты, әр тармақта 
жеке-жеке ой жатады. Сондай-ақ бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе төрт 
тармақты өлеңдер мағынасыз болып келеді."- деген тұжырым кімдікі: 
A) С. Сейфуллин. 
B) Қ. Жұмалиев. 
C) Ш. Уәлиханов. 
D) З. Ахметов. 
E) З.Қабдолов. 
2. «Ой, Ардақ, сен –ақ қоян шыңнан қашқан, Артыңда мен–ақ сұңқар түлек 
ұшқан» - деген өлең тармақтарында бейнелі сөздердің қандай түрлері 
қолданған: 
A) Теңеу. 
B) Эпитет. 
C) Метафора. 
D) Литота. 
E) Синонимия. 
3. А. Байтұрсынов тіл образдылығы, тіл бейнелілігі деген ұғымды қалай 
қазақшалаған: 
A) Тіл көрнекілігі. 
B) Тіл тазалығы. 
C) Тіл суреттілігі. 
D) Тіл әсемдігі. 
E) Тіл нақышы. 
4. А. Байтұрсынов әдебиеттің үш тегін қалай атады: 
A) Әуезе, толғау, айтыс-тартыс. 
B) Эпос, лирика, драма. 
C) Ұлы әңгіме, эпос, толғау. 
D) Айтыс-тартыс, эпос, ұзақ әңгіме. 
E) Ұзақ сөз, көңілді сөз, көсем сөз. 
5. Отқа ұшар көбелек,
Қарамай сорлы алды-артын, 
Ойына кіріп шықпайды 
Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдарда тіл ұстартудың қай түріне жатады: 
A) Кейіптеу. 
B) Бернелеу. 
C) Ауыстыру. 
D) Теңеу. 
E) Бейнелеу. 


67 
6. А.Байтұрсынов "ұлы әңгіме» деп қай жанрды атады: 
A) Роман. 
B) Повесть. 
C) Әңгіме. 
D) Поэма. 
E) Драма. 
7. «Дарынды сөз» деп А. Байтұрсынов нені атаған: 
A) Шешендік сөз. 
B) Қара сөзді. 
C) Өлең сөзді. 
D) Көсем сөзді. 
E) Ауызекі сөзді. 
8. Әдеби тек тарапынан бөлгенде әдеби жанрлар қалай бөлінеді: 
A) Романтизм, реализм. 
B) Роман, повесть, әңгіме. 
C) Трагедия, драма, комедия. 
D) Новелла, очерк, лирика. 
E) Эпос, лирика, драма. 
9. Көркемдік әдіс тұрғысынан әдеби жанр екіге бөлінеді: 
A) Эпос, лирика. 
B) Роман, повесть. 
C) Романтизм, реализм. 
D) Комедия, трагедия. 
E) Реализм, классицизм. 
10. Қаламгердің көркем ойды суреттеудегі өзіндік қолтаңбасы, ерекшелігі: 
A) Реализм. 
B) Стиль. 
C) Романтизм. 
D) Тақырып. 
E) Идея. 
11. Сатиралық образдың өзіндік сипаты: 
A) Ұнамсыз тип, сықақпен сыналған керексіз, кесір құбылыс. 
B) Күлкімен, әжуамен түзеу мақсаты жатады. 
C) Қиялдан туған трагедиялық бейне. 
D) Өлеңдегі ақынның өз бейнесі. 
E) Ұнамды кейіпкер. 


68 
12. Шалыс ұйқас қайсы: 
A) Аабб. 
B) Ааба. 
C) Абвгб. 
D) Абаб. 
E) Aaaa. 
13. Кезекті ұйқасты тап: 
A) Ааба. 
B) Aaaa. 
C) Абвб. 
D) Аабвбвббб. 
E) Аабб. 
14. Аралас ұйқас қайсы: 
A) Абабввггджждзз. 
B) Абаб. 
C) Аабб. 
D) Aaaa. 
E) Аабвбвббб. 
15. Төмендегі ұйқастың қайсысы қара өлең ұйқасы: 
A) Aaaa. 
B) Аабб. 
C) Ааба. 
D) Абаб. 
E) Аабв. 
16. Аабб қандай ұйқас: 
A) Ерікті ұйқас. 
B) Егіз ұйқас. 
C) Кезекті ұйқас. 
D) Аралас ұйқас. 
E) Қара өлең ұйқас. 
17. Мәз болады болысың 
Арқаға ұлық қаққанға. 
Шелтірейтіп орысың 
Шенді-шекпен жапқанға, - деген өлеңнің ұйқасы қандай: 
A) Егіз ұйқас. 
B) Кезекті ұйқас. 
C) Ерікті ұйқас. 
D) Шұбыртпалы ұйқас. 
E) Аралас ұйқас. 


69 
18. Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, 
не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да 
ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру: 
A) Кейіптеу. 
B) Метафора. 
C) Эпитет. 
D) Метонимия. 
E) Символ. 
19. Табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып 
оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян: 
A) Әңгіме. 
B) Очерк. 
C) Новелла. 
D) Миф. 
E) Фельетон. 
20. Есімі елге тараған жеке адамдарды мадақтайтын не болмаса ел ішіндегі 
елеулі оқиғаларды дәріптейтін аса көтеріңкі, көңілді жанр: 
A) Романс. 
B) Ода. 
C) Идиллия. 
D) Эпитафия. 
E) Идиллия. 
21. Дүниеден өткен кісі туралы жоқтау өлең: 
A) Эпиграмма.
B) Эклога. 
C) Сюжет. 
D) Ода.
E) Эпитафия. 
22. Қарапайым адамдар тіршілігін суреттейтін, солардың бастарындағы 
күйініш-сүйінішті, қуаныш-ренішті, отбасылық тұрмыстың шырғалаңдарын сөз 
ететін, сезімге табыну көріністері айқын аңғарылатын әдеби ағым: 
A) Классицизм. 
B) Сентиментализм. 
C) Натурализм. 
D) Футуризм. 
E) Фрейдизм. 


70 
23. Зерттеу нысанасы әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі 
болып табылатын әдебиеттанудың көнеден келе жатқан саласын көрсетіңіз: 
A) Әдебиет тарихы. 
B) Поэтика. 
C) Текстология. 
D) Библиография. 
E) Историография. 
24. Өмір құбылыстарына ешқандай идеялық баға бермей, қаз-қалпында 
суреттеуді талап еткен шығармашылық принциптерді ұстанатын әдеби ағым: 
A) Сентиментализм. 
B) Натурализм. 
C) Футуризм. 
D) Фрейдизм. 
E) Модернизм. 
25. Адам өмірінде, немесе хайуанаттар дүниесінде болуға лайық, әр алуан 
қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін 
көркем баян, әсерлі хикая: 
A) Әңгіме. 
B) Повесть. 
C) Новелла. 
D) Ертегі. 
E) Очерк. 
26. Негізінде шындыққа жанасымды, кейде өмірде болған, халық жадында 
сақталған оқшау оқиғалар жиынтығы, әсіре қиял аралас фантастикалық хикая: 
A) Миф. 
B) Аңыз. 
C) Ертегі. 
D) Фельетон. 
E) Әңгіме. 
27. Ұйқас деген не: 
A) Өлең тармақтарындағы буын сандарының бірдей болуы. 
B) Сөз басындағы дыбыстардың қайталануы. 
C) Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының, соңғы буындардың үндестігі, өзара 
ұқсас, дыбыстас естілуі. 
D) Сөйлемдердің синтаксистік құрылымының үйлесімділігі. 
E) Тармақтардың бірдей бунақтарға бөлінуі. 


71 
28. Паралелизм (егіздеу) деген не: 
A) Сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын 
ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. 
B) Сөйлем ішінде атап айтпаса да, түсінікті сөздерді жазбай тастап кету. 
C) Өзара кереғар құбылыстарды бетпе-бет қою. 
D) Негізгі ойды, объектіні астарлап, суреттеу. 
E) Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, қатар қойып, жұптап суреттеу. 
29. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, 
Тізеден кесіп аяғын,- деген өлең жолдары фигураның қай түріне мысал бола 
алады: 
A) Инверсия (сөз орнын ауыстыру). 
B) Элипсис (сөз тастап кету). 
C) Градация (дамыту). 
D) Антитеза (шендестіру). 
E) Қайталау. 
30. Қайтсін, қолы тимепті, 
Өлеңші, әнші есіл ep! 
Ала жаздай ән салсаң, 
Селкілде де, билей бер!- деген өлең жолында троптың қай түрі қолданылған: 
A) Метонимия. 
B) Ирония. 
C) Эпитет. 
D) Метафора. 
E) Литота. 
31. Көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму 
үрдісін зерттейтін ғылым қалай аталады: 
A) Лингвистика. 
B) Стилистика. 
C) Поэтика. 
D) Әдебиеттану. 
E) Әдебиет тарихы. 
32. Әдеби және әдеби-сын шығармалардың, жекелеген қаламгерлер мен 
сыншылар шығармашылықтарының, сондай-ақ көркемдік әдіс-тәсілдердің, 
әдеби түрлер мен жанрлардың тарихи орнын және ерекшеліктерін бағалауға 
негізделген әдебиеттанудың саласын атаңыз: 
A) Тарихи поэтика. 
B) Әдебиет сыны. 
C) Әдебиет тарихы. 
D) Жалпы поэтика. 
E) Әдеби сын теориясы. 


72 
33. Көркем шығармадағы пейзаж: 
A) Кейіпкер мінезін сипаттау. 
B) Кейіпкер келбетін сипаттау. 
C) Көркем шығармадағы материалдық заттар бейнесі. 
D) Көркем шығармадағы табиғат суреті. 
E) Көркем шығармадағы адам еңбегін суреттеу. 
34. Автобиографиялық шығарманың ерекшелігі: 
A) Тарихи дәуірлерді нақты суреттейтін шығарма. 
B) Бүгінгі күн туралы очерктер жинағы. 
C) Автордың өз өмір кезеңдері туралы жазған шығармасы. 
D) Авторға қатысы жоқ шығарма. 
E) Лирикалық толғау. 
35. Драмалық шығарманың бір бөлімі: 
A) Тарау. 
B) Сала. 
C) Параграф. 
D) Акт. 
E) Эпилог. 
36. Публицистикалық жанрды А.Байтұрсынов қалай атады: 
A) Дәйек сөз. 
B) Еркін сөз. 
C) Көсем сөз. 
D) Ақыл сөз. 
E) Пайым сөз. 
37. Белгілі бір қоғамда, ортада танымал сипатқа ие жинақталған жеке адам 
образы қалай аталады: 
A) Мінез. 
B) Тип. 
C) Портрет. 
D) Қосалқы бейне. 
E) Жанама образ. 
38. Негізгі өлшемі екпін болып келетін өлең жүйесі: 
A) Метрикалық. 
B) Силлабикалық. 
C) Тоникалық. 
D) Силлабо-тоникалық. 
E) Дольникалық. 


73 
39. Тип қандай образ: 
A) Дараланған образ. 
B) Маргиналдық образ. 
C) Анық айқындалмаған образ. 
D) Көмескі образ. 
E) Жинақталған образ. 
40. Үш кітаптан тұратын, әр бір кітап жинақталған оқиғаға құрылған, сюжеті 
мен идеясы бір-бірімен жалғасып жатқан шығарма: 
A) Повестер жинағы. 
B) Дилогия. 
C) Эпопея. 
D) Трилогия. 
E) Трибрахия. 
41. "Абай жолы» эпопеясындағы типтік образ: 
A) Кәмшат. 
B) Қамқа. 
C) Шөже. 
D) Баймағамбет. 
E) Дәркембай. 
42. Сәбит Мұқановтың романы: 
A) Махаббат қызық мол жылдар. 
B) Мөлдір махаббат. 
C) Дауылдан кейін. 
D) Қарағанды. 
E) Оянған өлке. 
43. М.Әуезовтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған 
шығармасы: 
A) Өскен өркен. 
B) Абай жолы. 
C) Қилы заман. 
D) Көксерек. 
E) Оқыған азамат 
44. М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы» шығармасы қай жанрда жазылған: 
A) Роман. 
B) Повесть. 
C) Әңгіме. 
D) Драма. 
E) Пьеса. 


74 
45. Әдебиеттанумен байланысы жоқ пән: 
A) Лингвистика. 
B) Эстетика. 
C) Әдебиет теориясы. 
D) Стереометрия. 
E) Тарих. 
46. Әдебиеттанудың қай саласын әдебиетті зерттеудің тәсілдері мен негізгі 
ұстанымдарын айқындайды: 
A) Поэтика. 
B) Әдеби сын тарихы. 
C) Әдебиет теориясы. 
D) Поэтика тарихы. 
E) Мәтін түсініктемесі. 
47. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: 
A) Экспозиция. 
B) Кульминация. 
C) Бұрма экспозиция. 
D) Эпилог. 
E) Шешім. 
48. Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше 
қарама-қайшылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, 
сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекет пен мақсат мүддедегі кереғар құбылыстардың 
өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі: 
A) Тақырып. 
B) Сюжет. 
C) Композиция. 
D) Тартыс. 
E) Деталь. 
49. Адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы сияқты, шығарма 
арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі: 
A) Сюжеттің дамуы. 
B) Сюжеттік байланыс. 
C) Сюжеттің басталуы. 
D) Сюжеттің шарықтау шегі. 
E) Сюжеттің шешімі. 


75 
50. Көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай 
жолдармен дамығанын зерттейтін ғылым саласы:
A) Әдебиет сыны.
B) Әдебиет тарихы. 
C) Әдебиет теориясы. 
D) Әдебиет халықтығы. 
E) Әдебиет таптығы. 
51. Сюжеттің даму сатылары: 
A) Кейіптеу, астарлау, айшықтау. 
B) Мезгеу, градация, экспозиция. 
C) Мамыту, экспозиция, кейіптеу. 
D) Экспозиция, байланыс, шарықтау шегі. 
E) Шешімі, айшықтау, дамыту. 
52. Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан 
қиыстырып тұратын нәрсе - шығарманың… 
A) Экспозициясы. 
B) Байланысы. 
C) Композициясы. 
D) Шарықтау шегі. 
E) Шешімі. 
53. Троптың түрлері: 
A) Эпитет, теңеу, айшықтау. 
B) Метафора, метонимия, кейіптеу. 
C) Метафора, айшықтау, эпитет. 
D) Эпитет, сарказм, теңеу. 
E) Ирония, айшықтау, метафора. 
54. Қайыңдар күмістің сом бақанындай, 
Жиі терек әскердің қатарындай 
Бұтақтар жапырағы сылдырлаған 
Өзбектің батсайы шапанындай,- деген өлең шумағында көркемдеу құралдың 
қайсысы қолданылған: 
A) Теңеу. 
B) Эпитет. 
C) Айқындау. 
D) Метафора. 
E) Синекдоха. 


76 
55. М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні» шығармасының жанры: 
A) Очерк. 
B) Драма. 
C) Трагедия. 
D) Әңгіме. 
E) Роман. 
56. "Қазақтың бас ақыны» деген мақала жазып, Абай Құнанбаев 
шығармашылығы туралы пікір айтқан ғалым: 
A) А.Байтұрсынов. 
B) С.Сейфуллин. 
C) М.Дулатов. 
D) М.Жұмабаев. 
E) Ж.Аймауытов 
57. Көркем шығармада табиғат бейнесінің әр алуан қырынан сипатталуы: 
A) Портрет. 
B) Мінез. 
C) Пейзаж. 
D) Силлабус. 
E) Деталь. 
58. Қаламгердің ақиқат болмысты образды бейнелеу ерекшеліктерін 
әдебиеттанудың қай саласы қарастырады: 
A) Әдебиет сыны. 
B) Жалпы поэтика. 
C) Әдебиет тарихы. 
D) Әдебиет теориясы. 
E) Текстология. 
59. Тура өмірдің өз аясында, көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне: 
A) Лирикалық образ. 
B) Драмалық образ. 
C) Эпикалық образ. 
D) Фантастикалық образ. 
E) Геройлық образ. 
60. Ойдан шығарылмай шындық оқиға да, адам бейнесі де тікелей өмірдің 
өзінен алынатын жанр: 
A) Әңгіме. 
B) Аңыз. 
C) Повесть. 
D) Очерк. 
E) Поэма. 


77 
61. Драмалық шығарманың бір түрі: 
A) Әңгіме. 
B) Поэма. 
C) Комедия. 
D) Проза. 
E) Новелла. 
62. Әдеби тек тарапынан бөлінгендегі образ түрі: 
A) Ююморлық. 
B) Фантастикалық. 
C) Драмалық. 
D) Романтикалық. 
E) Сатиралық образ. 
63. Орта көлемді эпикалық түр: 
A) Роман. 
B) Әңгіме. 
C) Поэма. 
D) Новелла. 
E) Ертегі. 
64. Қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық негізін салушы ғалым: 
A) Ж.Аймауытов. 
B) А.Байтұрсынов. 
C) М.Дулатов. 
D) Ш.Құдайбердиев. 
E) Ә.Бөкейханов. 
65. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе: 
A) Ырғақ. 
B) Тармақ. 
C) Буын. 
D) Бунақ. 
E) Шумақ. 
66. Жоғарғы ерні көк тіреп 
Төменгі ерні жер тіреп /Б.Ж./: 
A) Синекдоха. 
B) Литота. 
C) Эпитет 
D) Гипербола. 
E) Метонимия. 


78 
67. Новелла қандай жанрлық түрге жатады: 
A) Лирикалық драма. 
B) Жоқтау өлең. 
C) Шағын көлемді эпика. 
D) Сюжетті өлең. 
E) Лирикалық жанр. 
68. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласының бірі: 
A) Әдебиет теориясы. 
B) Историография. 
C) Әдебиет тарихы. 
D) Әдебиет сыны. 
E) Реализм. 
69. Бірыңғай дауыссыздардың қайталанып келуі қалай аталынады: 
A) Ассонанс. 
B) Дактиль. 
C) Эвфония. 
D) Дыбысқа еліктеу. 
E) Аллитерация. 
70. Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі: 
A) Анаграмма. 
B) Анекдот. 
C) Анафора. 
D) Антитеза. 
E) Омоним. 
71. Драмадағы ең шешуші нәрсе: 
A) Шарықтау шегі. 
B) Экспозиция. 
C) Тәсіл. 
D) Персонаж. 
E) Тартыс. 
72. Көркем шығармаларды талдап, баға беретін, олардың идеялық-көркемдік 
мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының 
негізгі бір саласы: 
A) Әдебиет тарихы. 
B) Библиография. 
C) Әдебиет сыны. 
D) Текстология. 
E) Әдебиет теориясы. 


79 
73. Өлеңдегі ең үлкен бірлік: 
A) Эпитет. 
B) Шумақ. 
C) Ассонанс. 
D) Буын. 
E) Тармақ. 
74. Алғашқы қазақ романисі: 
A) Ж.Аймауытов. 
B) С.Көбеев. 
C) С.Торайғыров. 
D) М.Дулатов. 
E) С.Мұқанов. 
75. Фабула дегеніміз: 
A) Троптың бір түрі. 
B) Драмалық жанр. 
C) Сюжеттің бөлшегі. 
D) Шығарманың идеялық бағыты. 
E) Сюжет пен композиция іске асатын фон. 
76. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата 
көрсететін айшықтаудың бір түрі: 
A) Глосса. 
B) Декаданс. 
C) Градация. 
D) Дәйектеме. 
E) Инверция. 
77. Классицизмнің әдеби манифесіне айналған /шығарма/ эстетикалық трактат: 
A) Н.Буало. "Поэтикалық өнер". 
B) И.Г.Лессинг. "Лаокон немесе әдебиет пен живопистің шекарасы туралы» . 
C) И.Кант. "Таза санаға сын". 
D) Аристотель. "Поэтика". 
E) Гегель. "Эстетика". 
78. Тіл тазалығы дегеніміз А.Байтұрсыновша айтқанда: 
A) Жергілікті сөздерді қолданбау. 
B) Жаңа сөздерге үйір болмау. 
C) Ана тілді басқа тілдің сөзімен шұбарламау. 
D) Ескі сөздерге жоламау. 
E) Көп мағыналы сөздерді қолданбау. 


80 
79. А.Байтұрсынов лириканы қалай атады: 
A) Әуезе жыр. 
B) Ойламалдау. 
C) Толғау. 
D) Күй. 
E) Көңілді саз. 
80. Эстетика дегеніміз қандай ғылым: 
A) Ақын-жазушының ойлау жүйесі. 
B) Әдемілік туралы ілім. 
C) Өнер тарихын зерттейді. 
D) Шығармашылықтың қыр-сыры. 
E) Суреткердің тұлғасы. 
81. "Өнерді - табиғатқа еліктеу» деп тапқан ойшыл: 
A) Аристотель. 
B) Шеллинг. 
C) В.Г.Белинский. 
D) Платон. 
E) Гегель. 
82. Әдебиеттанудың жанама саласы: 
A) Әдебиет сыны. 
B) Әдебиет тарихы. 
C) Текстология. 
D) Поэтика. 
E) Философия 
83. "Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес» /М.Әуезов/. 
Троптың қай түрі: 
A) Литота. 
B) Аллегория. 
C) Ирония. 
D) Гипербола. 
E) Теңеу. 
84. Драмадағы автор сөзі: 
A) Баяндау. 
B) Монолог. 
C) Түсініктеме. 
D) Декорация. 
E) Ремарка. 


81 
85. Орта көлемді эпикалық түр: 
A) Мемуар. 
B) Памфлет. 
C) Эссе. 
D) Повесть. 
E) Мысал. 
86. Лиро-эпикалық сипаттағы шағын сюжетті өлең: 
A) Пролог. 
B) Новелла. 
C) Эссе. 
D) Баллада. 
E) Арнау. 
87. Библиография: 
A) Әдебиет тарихының объектісі. 
B) Әдебиеттану ғылымының жанама саласы. 
C) Әдеби бағыт. 
D) Жанрдың бір түрі. 
E) Сын жанры. 
88. Кульминация дегеніміз: 
A) Жанрлық түр. 
B) Өлеңдегі қайталау. 
C) Дәстүрлі метафора. 
D) Сюжеттегі шиеленістің шарықтау шегі. 
E) Кейіпкер сөзі. 
89. Лирикалық герой дегеніміз: 
A) Драма кейіпкері. 
B) Әңгімедегі автор бейнесі. 
C) Романдағы өлең жазатын кейіпкер. 
D) Өлеңдегі ақын образы. 
E) Прототип. 
90. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарма: 
A) М. Әуезов «Еңлік-Кебек».
B) С. Сейфуллин «Бақыт жолында». 
C) Ж. Аймауытов «Шернияз». 
D) Б. Майлин «Майдан». 
E) Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу». 


82 
91. Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген 
ойы, сол өмір құбылысына берген бағасын не дейміз: 
A) Тақырып. 
B) Образ. 
C) Идея. 
D) Характер. 
E) Сюжет. 
92. Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөзді 
не дейміз: 
A) Теңеу. 
B) Эпитет. 
C) Табу. 
D) Ассонанс. 
E) Диалектизм. 
93. Әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексертіп, зерттеумен және әдеби 
айналымға кеңінен түсіру мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын 
әдебиеттанудың көмекші саласын көрсетіңіз: 
A) Палеография. 
B) Стилистика теориясы. 
C) Әдеби сын теориясы. 
D) Историография. 
E) Текстология. 
94. «Поэтика өнері жайында» атты трактаттың авторы кім: 
A) Анандавардхана. 
B) Буало. 
C) Платон. 
D) Аристотель. 
E) Әл-Фараби. 
95. Эпос жанрының түрі: 
A) Ода. 
B) Роман. 
C) Комедия. 
D) Баллада. 
E) Трагедия. 
96. Қазақ өлеңі туралы алғашқы теориялық пікір айтқан кім: 
A) Ы. Алтынсарин. 
B) Ш. Уәлиханов. 
C) А. Құнанбаев. 
D) А. Байтұрсынов. 
E) С. Торайғыров. 


83 
97. Реализм деген не: 
A) Әдіс. 
B) Тәсіл. 
C) Бағыт. 
D) Ағым. 
E) Мектеп. 
98. Өлеңде дауысты дыбыстардың қайталауын қалай атайды: 
A) Анафора. 
B) Аллитерация. 
C) Ассонанс. 
D) Эпифора. 
E) Эпитет. 
99. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға 
қойды: 
A) Классицизм. 
B) Сентиментализм. 
C) Натурадизм. 
D) Футуризм. 
E) Формализм. 
100. Мақтауға арналған өлең түрі: 
A) Элегия. 
B) Эпиграмма. 
C) Ода. 
D) Сонет. 
E) Пародия. 
101. М. Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы романның қай түріне жатады: 
A) Хроника. 
B) Диалогия. 
C) Эпопея. 
D) Трилогия. 
E) Роман. 
102. Әдебиет теориясының қазақ әдебиетіндегі тұңғыш авторы: 
A) А. Байтұрсынов. 
B) Қ. Жұмалиев. 
C) Е. Ысмайлов. 
D) З. Қабдолов. 
E) З. Ахметов. 


84 
103. Зат пен құбылысты үлкейтіп көрсететін троптың түрін ата: 
A) Литота. 
B) Символ. 
C) Ирония. 
D) Гипербола. 
E) Метонимия. 
104. Әдебиет өнердің қай түріне жатады: 
A) Кескін. 
B) Сурет. 
C) Сөз. 
D) Мүсін. 
E) Саз. 
105. Романтизм деген не: 
A) Тәсіл. 
B) Бағыт. 
C) Ағым. 
D) Мектеп. 
E) Әдіс. 
106. Поэтиканың авторы кім: 
A) Аристотель. 
B) Буало. 
C) Гегель. 
D) Байтұрсынов. 
E) Тимофеев. 
107. Өлеңде дауыссыз дыбыстардың қайталануын қалай атайды: 
A) Анафора. 
B) Аллитерация. 
C) Ассонанс. 
D) Эпифора. 
E) Эпитет. 
108. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеген кім: 
A) М.Қаратаев. 
B) Т.Кәкішев. 
C) З.Ахметов. 
D) З.Қабдолов. 
E) С.Қирабаев. 


85 
109. Ғ.Мүсіреповтің «Ақан cepi-Ақтоқты» пьесасындағы Қоңқай қандай образ: 
A) Сатиралық. 
B) Лирикалық. 
C) Юморлық. 
D) Силлаби-тоникалық 
E) Қаһармандық. 
110. Қазақ өлеңінің өлшемі: 
A) Тоникалық. 
B) Силабикалық. 
C) Метрикалық. 
D) Гаруз. 
E) Силлаби-тоникалық. 
111. Мына шумақта айшықтаудың қандай түрі бар: 
Біреуі-көк, біреуі-жер тағысы, 
Адам үшін батысып қызыл қанға. 
Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға: 
A) Қайталау. 
B) Дамыту. 
C) Шендестіру. 
D) Егіздеу. 
E) Арнау. 
112. Ш.Уәлиханов қазақ өлеңін нешеге бөлді: 
A) 4. 
B) 3. 
C) 5. 
D) 6. 
E) 7. 
113. “Әдебиет танытқыштың” авторы: 
A) Қ.Жұмалиев. 
B) А.Байтұрсынов. 
C) Е.Ысмайылов. 
D) З.Қабдолов. 
E) З.Ахметов. 
114. Қазақ әдебиетіндегі символизм өкілі: 
A) А.Құнанбаев. 
B) С.Торайғыров. 
C) М.Жұмабаев. 
D) М.Дулатов. 
E) С.Сейфуллин. 


86 
115. “Үш бірлікке» бағынған ағым: 
A) Синтементализм. 
B) Классицизм. 
C) Натурализм. 
D) Формализм. 
E) Символизм. 
116. Мына мысал троптың қай түріне жатады: 
Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады: 
A) Ирония. 
B) Синекдоха. 
C) Гипербола. 
D) Метонимия. 
E) Метафора. 
117. Ф. Энгельс “Трагедияның атасы” деп кімді атаған: 
A) Софокл. 
B) Эсхил. 
C) Эврепид. 
D) Гомер. 
E) Аристотель. 
118. Натурализм деген не: 
A) Тәсіл. 
B) Әдіс. 
C) Ағым. 
D) Стиль. 
E) Мектеп. 
119. Көркем шығарманың құрылысы қалай аталады: 
A) Экспозиция. 
B) Сюжет. 
C) Композиция. 
D) Фабула. 
E) Ситуация. 
120. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салған кім: 
A) С. Сейфуллин. 
B) М. Жұмабаев. 
C) А. Құнанбаев. 
D) М. Сералин. 
E) Ж. Аймауытов. 


87 
121. “Өлең сөздің теориясы» атты еңбектің авторы кім: 
A) М. Қаратаев. 
B) З. Қабдолов. 
C) З. Ахметов. 
D) Қ. Жұмалиев. 
E) Е. Ысмайылов. 
122. Зат пен құбылысты кішірейтіп көрсететін троптың түрін ата: 
A) Гипербола. 
B) Символ. 
C) Сарказм. 
D) Литота. 
E) Метонимия. 
123. Көркем шығарма сюжетінің ең жоғарғы сатысының аты: 
A) Экспозиция. 
B) Ситуация. 
C) Кульминация. 
D) Шешім. 
E) Эпилог. 
124. Мына қандай ұйқас: 
Азамат, жүнжіме, жүрме бос 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Ту ұстап дұшпанға барайық, 
Теңдіктің ұранын салайық: 
A) Қара өлең ұйқасы. 
B) Шұбыртпалы ұйқас. 
C) Егіз ұйқас. 
D) Шалыс ұйқас. 
E) Ерікті ұйқас. 
125. “Абай жолы» романның қай түріне жатады: 
A) Әскери роман. 
B) Сатиралық роман. 
C) Тарихи роман. 
D) Мемуарлық роман. 
E) Әлеуметтік роман. 
126. Батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыс образдары қандай образдар: 
A) Реалистік. 
B) Романтикалық. 
C) Драмалық. 
D) Лирикалық. 
E) Юморлық. 


88 
127. Өлеңді туындыдағы автор қандай кейіпкер болып табылады: 
A) Эпикалық. 
B) Сатиралық. 
C) Драмалық. 
D) Лирикалық. 
E) Трагедиялық. 
128. Тек кейіпкерлер ғана сөйлесетін шығарма: 
A) Эпос. 
B) Лирика. 
C) Драма. 
D) Поэма. 
E) Роман. 
129. “Өнер туындысының ірге тасы» деп нені атаймыз: 
A) Идея. 
B) Сюжет. 
C) Тақырып. 
D) Композиция. 
E) Образ. 
130. Фигураның бір түрі арнаудың неше түрі бар: 
A) 4. 
B) 5. 
C) 3. 
D) 2. 
E) 6. 
131. Мына мысал троптың қай түріне жатады. 
Үйі мәз боп қой сойды. 
Сүйіншіге шапқанға: 
A) Метафора. 
B) Синекдоха. 
C) Метонимия. 
D) Символ. 
E) Кейіптеу. 
132. “Поэзия өнері туралы» трактаттың авторы кім: 
A) Әл-Фараби. 
B) Ибн Сина. 
C) Бируни. 
D) Омар Хаям. 
E) Әл-Хорезми. 


89 
133. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны көрсетуді қалай 
атайды: 
A) Синекдоха. 
B) Метонимия. 
C) Кейіптеу. 
D) Литота. 
E) Ирония. 
134. Фигураның бір түрі – сөз тастап кетуі қалай атайды: 
A) Эпифора. 
B) Анафора. 
C) Эллипсис. 
D) Традиция. 
E) Антитеза. 
135. Мына ұйқас қандай ұйқас: 
Елдің бойы ен тоғай, 
Ел қондырсам деп едім. 
Жағалай жатқан сол елге, 
Мал толтырсам деп едім. 
A) Ерікті ұйқас. 
B) Қара өлең ұйқасы. 
C) Кезекті ұйқас. 
D) Шұбыртпалы ұйқас. 
E) Егіз ұйқас. 
136. М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі Ғазиза образы қандай 
образ:
A) Комедиялық. 
B) Сатиралық. 
C) Юморлық. 
D) Драмалық. 
E) Трагедиялық. 
137. Жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең: 
A) Эпитафия. 
B) Эклота. 
C) Эпиграмма. 
D) Мадригаль. 
E) Элегия. 


90 
138. 
Әдебиеттанудың қай саласы көркем шығарманың құрылысын 
қарастырады: 
A) Әдебиеттің тарихы. 
B) Әдебиет сыны. 
C) Текстология. 
D) Әдебиеттің теориясы. 
E) Библиография. 
139. –дай, –дей жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік құрал: 
A) Эпитет. 
B) Метафора. 
C) Теңеу. 
D) Синекдоха. 
E) Литота. 
140. Әдебиеттің тектері: 
A) Эпос, лирика, драма. 
B) Ертегі, аңыз, мысал. 
C) Батырлық жыр, ғашықтық жыр, тарихи жыр. 
D) Толғау, терме, арнау. 
E) Айтыс, шешендік сөз, әпсана. 
141. Көзі жұмыққа арзан, 
Көзі ашыққа маржан: 
A) Антитеза. 
B) Литота. 
C) Гипербола. 
D) Эпитет. 
E) Метонимия. 
142. Литота ойды қалай бейнелейді: 
A) Әсірелеу, ұлғайту. 
B) Салыстыра суреттеу. 
C) Мүлде кішірейте суреттеу. 
D) Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту. 
E) Сөздердің мағынасын бұрып айту. 
143. Мақтауға арналған өлең түрі: 
A) Элегия. 
B) Эпиграмма. 
C) Ода. 
D) Сонет. 
E) Пародия. 


91 
144. Көркем шығарма тексін зерттеп баспаға даярлайтын қандай пән: 
A) Деректану. 
B) Стилистика. 
C) Текстология. 
D) Библиография. 
E) Историография. 
145. “Абай жолы» романындағы Құнанбай қандай образ: 
A) Лирикалық. 
B) Драмалық. 
C) Эпикалық. 
D) Юморлық. 
E) Сатиралық. 
146. “Мазмұн мен форманың бірлігі” атты еңбектің авторы: 
A) Т.Кәкішев. 
B) С.Қирабаев. 
C) М.Дүйсенов. 
D) З.Қабдолов. 
E) З.Ахметов. 
147. Көркем шығармадағы адамның өз сөзін қалай атайды: 
A) Диалог. 
B) Мінез. 
C) Портрет. 
D) Монолог. 
E) Ремарка. 
148. “Сюжет” сөзі қай халықтың тілінен шыққан: 
A) Ағылшын. 
B) Француз. 
C) Неміс. 
D) Латын. 
E) Грек. 
149. Образ жасауға қажетті негізгі амал-тәсілдер қайсы: 
A) Баяндау. 
B) Композиция, эпилог, пролог. 
C) Портрет, диалог, монолог. 
D) Сюжет. 
E) Әңгімелеу түрлері. 


92 
150. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі 
заттар мен құрал-жабдықтардан бейнеленуі қалай аталады: 
A) Деталь. 
B) Оқшау эпизодтар. 
C) Интерьер. 
D) Пейзаж. 
E) Лирикалық шегініс. 
151. Көркем шығарманың ең соңғы бөлшегінде кейіпкердің тағдыры туралы 
баяндау қалай аталады: 
A) Пролог. 
B) Эпистолог. 
C) Ремарка. 
D) Эпилог. 
E) Комедия. 
152. “Комедияның атасы” деп кімді атаған: 
A) Плавт. 
B) Аристофан. 
C) Мольер. 
D) Теренций. 
E) Расин. 
153. Э. Золя негізін қалаған әдеби ағым: 
A) Символизм. 
B) Натурализм. 
C) Формализм. 
D) Кубизм. 
E) Футуризм. 
154. Әңгіме қандай жанрлық түрге жатады: 
A) Орта көлемді эпикалық түр. 
B) Кең көлемді эпикалық түр. 
C) Шағын көлемді эпикалық түр. 
D) Лирика. 
E) Драма. 
155. Фигураның түрін тап : 
Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр 
Қар үстінде қан тамар, Қанды көр де, бетім көр. 
A) Градация. 
B) Антитеза. 
C) Анафора. 
D) Арнау. 
E) Инверсия. 


93 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет