Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Перифраз (грекше: periphrasis: peri-айнала, төңірек, phrazo-айтамын)



Pdf көрінісі
бет32/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Перифраз (грекше: periphrasis: peri-айнала, төңірек, phrazo-айтамын) 
айтылатын нәрсені айнытып, ұқсасымен бүркемелеп айту. Және бұнда 
метафора яки теңеудегідей нәрсемен оның ұқсатылған баламасы қатар тұрмай, 
тек ұқсатылған балама ғана тұрады. Перифраз бұл орайда жұмбаққа
фразеологизмдерге келеді. Жұмбақтың бәрі, фразеологизмдердің көбісі-
перифраз. Мысалы: 
Өз қолымен ұнамды тон піштірмес. 
(«Тұтқын», М.Д. – ға хат) 
Перифраз болатын фразеологизмдер: қоңыз теріп кету, қой үстіне 
бозторғай жұмыртқалаған заман т.б. 
Жұмбақтың перифраз болуы: Тақиям толған – сөк, таңертең тұрсам жоқ.
(Тақиям толған – сөк – түнгі жұлдызды аспан, таңертең тұрсам жоқ – таң 
атқандағы жұлдызсыз, таза аспан// түнгі жұлдызды аспан– нәрсе, Тақиям 
толған сөк– нәрсеге ұқсатылған балама). 
Метонимия«Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын 
ауыстырып, бірінің орнына бірін айту» (А. Байтұрсынов).
Мысалы: «Абайдың сөзінен, яки кітабынан көшіріп жазу деудің орнына 
«Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін айтамыз. Яғни, сөз 
құрылымынан керекті бір сөзді тастап кету. Бірақ, одан мағынаға зардап 
келмейді.
Шындық өмірдің әр түрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бір-бірімен 
байланысып ұштасып жатады. Оның түрлі жағы болады. Осы құбылыстардың 


40 
түрлі жақтарынан не тек қана бір жағын алып, не атын ғана айтып көрсету 
күнделік сөздерде де, әдебиетте де өте жиі кездеседі. 
Әрине, бұл үшін не нәрсенің аты, не сол құбылыстың бір жағы кездейсоқ 
алына салмайды. Сол құбылысты бүтіндей көрсете алатын өзгеше көңіл аудара 
алады деген сөздер қолданылады. 
Арасында ошақ пенен бесіктің 
Айдай кездер өтіпті, pac, есіттім. 
Саны қанша енді міне, 
Сізді күтіп сағынатын есіктің. 
Міне, осылар сияқты не құбылыстың бір жағы, не аттары алынып, өз 
мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің 
орнына екіншісі алмастырылып қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете 
алса метонимия дейді. 
Метонимияны қолданғанда да автор өзінің айтайын деген пікіріне 
бейімдей және ең өткір, ерекше көзге түседі дегендерін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет