Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


 Әдебиеттегі өлең жүйелері



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

12 Әдебиеттегі өлең жүйелері 
Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық 
әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше - өлшем) өлең 
жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда – біздің эрадан бұрынғы ҮІІІ 
ғасырда пайда болған да, кейін (б.э.б. III ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан. 
Грек, латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі 
(созымды, созымсыз) мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб тіліндегі 
дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы әдебиетіндегі 
өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшеліктерден туған.
Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. 
Метрикалық жүйенің бірнеше түрі бар: ямб, хорей, дактиль, амфибрахий, 
анапест, антипаст және т.б. 
Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын: ырғақ пен 
шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буынға негізделеді.
Квалитативті (сапалы) топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі 
– орыс поэзиясындағы Тредиаковский рефомасынан (ХҮІІІ) кейін ресми ат 
алып, айдар таққан тоникалық (грекше - екпін), яғни акцентті (латынша - 
екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – 
бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі 
есепке алынатын болса, тоникалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке 
алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.
Сапалы (квалиативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра 
екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі – силлабо-тоникалық өлең. Бұл 
өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі 
де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке 
алынады.


50 
Қазақ өлеңі – силлабикалық, яғни буынға негізделген өлең екенін 
аңғардық. Олай болса буын мәселесі – қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы 
басты мәселе.
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі
поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңдегі өлең ететін ырғақ 
болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес.
Қазақ поэзиясының бүкіл дамуының кезең-кезеңдерінде қалыптасып
уақыт сынынан сіңген буын түрлері: он бір буынды өлең, он буынды өлең,
тоғыз буынды, сегіз буынды, жеті б, алты буынды, бес буынды, аралас буынды 
өлең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет