49
Мысалға алып отырған Абайдың бұл өлеңі – абаб (шалыс) ұйқасты, 7-8
буынды, 2 бунақты, шумағы 4 тармақтан тұратын өлең.
Сырт көзге поэзиялық шығарманың
сырт пішінінің өзі прозалық
шығармадан өзгеше, бөлек: әр тақта – шумақ, әр шумақтың әр жолы – тармақ,
әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы – бунақ. Мұның бәрі шартты
нәрсе, өйткені тақтасыз да тұтаса беретін өлеңдерде шумақтардың жік-жігін
ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ – аяқталған синтаксистік ой,
жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ,
тармақ бар
жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана
ажырата аламыз.
Қазіргі қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлері өте көп. Екі тармақ, үш
тармақ,
төрт тармақ, бес тармақ,
алты тармақ, жеті тармақ,
сегіз тармақ; бір
бунақ, екі бунақ, үш бунақ, төрт бунақ және т.б.
З. Қабдоловтың пайымдауы бойынша, шумақ пен тармақ түрлерінің көбі
– шартты зат. Сондықтан осы саладағы тәжірибе мен теория арасын тым
алшақтатапау үшін өлең өлшемін ғылыми байыптау мөлшерінен аспаған дұрыс.
Байыптау ырғақ маңында болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: