Әдіс тәсілдер. Ыстық орындық



бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі0.64 Mb.
#465600
1   2   3   4   5   6   7
ТАСИЛДЕР (1)

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • Пікір айту, құндылықтарды көрсету, пікірлердің әртүрлілігін талқылау, қоғамдық талқылауға қатысу.
  • Ұйымдастыру:
  • Спектр үшін жіпті, тақтаны көрсетіп тұратын стрелкаларды пайдаланыңыз; қарама-қарсы қабырғаларға пікірлердің екі ең шеткі нүктелерін орналастырыңыз.
  • Жаттығудың сипаттамасы:
  • Оқушылар немесе оқушылардан құрылған топтар айтылған пікірмен қаншалықты келісетіндігін айта отырып, оған қатысты өз ойларымен бөліседі. Бұны жүзеге асырудың тәсілдері өте көп: оқушылардан олардың өз пікірлерін көрсететін сызықтың нүктелеріне келіп тұруды өтінуге болады немесе олар айтылғанды алдымен топ ішінде талқылайды да, содан кейін топтан бір оқушы шығып өз тобының ұстанымын түсіндіре отырып, тобының белгі/карточкасын сызықтың бойына орналастырады. Бұл – бір сұрақтардың әртүрлі жауаптарын салыстырып, пікірлер арасындағы алшақтықты анықтауға арналған өте жақсы әдіс

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.
  • Ұйымдастыру:
  • Жылжымалы орындықтар болғаны абзал.
  • Жұмыс алгоритмі :
  • Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөз сөйлейді. Оқушылар төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды. Оқушыларға тақырып және ол бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріңіз. Содан кейін талқылау басталады, әр оқушыға үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутке дейін (немесе өзге уақытты таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды.
  • Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әңгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріңіз. Бұл кезеңде оқушылардың өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала отырып сөйлеуге тиіс екенін алдын ала ескертуді ұмытпаңыз, сонымен қатар әңгімені қорытындылау кезеңінде олар жаңа идеяларды енгізе алмайтындығын еске салу қажет (Брукфильд және Прескиль, 1999)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет