Әдіс тәсілдер. Ыстық орындық



бет5/7
Дата23.11.2022
өлшемі0.64 Mb.
#465600
1   2   3   4   5   6   7
ТАСИЛДЕР (1)

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу.
  • Ұйымдастыру:
  • Топтарды сынып бойынша үш-төрттен орналастыру.
  • Жаттығудың сипаттамасы:
  • Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. (ақпарат көзі

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Ұйымдастыру:
  • Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.
  • Жаттығудың сипаттамасы: «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
  •  • Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
  • Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
  • • Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.
  • • Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет