Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021



бет15/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Химия лаб

Жұмыстың мақсаты: Лекцияда берілген материалдарды пысықтау және әр түрлі концентрациялы ерітінділер дайындауға есептеу жұмысын жүргізуде практикалық тәжірибе жинақтау.
Қажетті ыдыстар және реактивтер: пробирка, өлшегіш цилиндр және ареометр, натрий гидроксиді және фосфор қышқылының ерітінділері, натрий хлоридінің кристалы.
Жұмыстың мазмұны.
1-тәжірибе. Ерітіндінің тығыздығын және оның концентрациясын анықтау.
Зертханада бар фосфор қышқылы мен натрий гидроксидінің ерітінділерінің ерітінділерінің тығыздығын және олардың концентрацияларын анықтаңыз. Ол үшін лаборантан концентрациясы белгісіз фосфор қышқылы мен натрий гидроксидінің ерітідісін 100 мл өлшеуіш цилиндрге құйып алыңыз да ареометр арқылы олардың тығыздығын анықтаңыз. Көрсетілген тығыздықты жазып алып, анықтама оқулықтан соған сәйке келетін концентрацияларды табыңыз. Мәліметтерді жазыңыз. Зат массасы мен ерітіндінің тығыздығы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
2-тәжірибе. Концентрациясы жоғары және төменгі ерітінділерді араластырып белгілі концентрациялы ерітінді дайындау.
NаОН-тың 30%-тік және 5%-тік ерітіндісін пайдаланып 200 мл 10%-тік натрий гидроксинінің ерітіндісін дайындау қажет. Анықтама оқулықтан дайындалатын және дайындауға қажет бастапқы ерітінділердің концентрациясы (%) арқылы тығыздығын жазып алыңыз. Бастапқы 30 % және 5 %-тік ерітінділердің қандай көлемін алу керек екендігін есептеңіз. Крест ережесі арқылы былай есептеледі.
С1 М1


С3

С2 М2


Мұнда С3 дайындалатын ерітіндінің концентрациясы %, С1 және С2 – дайындауға алынған бастапқы ерітінділердің концентрациясы %. М1 және М2 бастапқы ерітінділерді араластыру қатынасын анықтайды: М1= С1 – С3 ; М2= С2 – С3 ;


Крест ережесін қолданып бастапқы 30 % және 5 %-тік ерітінділердің массасын табыңыз. Тығыздықтарын пайдаланып көлемін табыңыз. (мл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет