Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021



бет17/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Химия лаб

1-тәжірибе. Әр түрлі тұздар ерітінділерінің реакциялық ортасы.
Жеті пробирка алып, олардың әрқайсысына1/3 –ке дейінгі көлемде лакмус ерітіндісін құйыңыз. Бір пробирканы үлгі ретінде салыстыру үшін қалдырыңыз, ал қалғандарына кішкене қалақшамен мынадай тұздардың кристалдарынан салыңыз. Бірінші пробиркаға натрий ацетатын, екіншісіне – алюминий хлоридін, үшіншісіне – натрий карбонатын, төртіншісіне- аммоний карбонатын, бесіншісіне – калий хлоридін, алтыншысына –аммоний ацетатын. Ерітінділерді араластырыңыз (шыны таяқшаларды бір ерітінділерден екіншісіне ауыстырыңыз). Лакмус ерітіндісінің түсінің өзгеруі арқылы реакция ортасын анықтаңыз. Тұздардың қайсысы гидролизденеді? Гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз. Реакция ортасын анықтап, рН көрсеткішін табыңыз.
2-тәжірибе. Тұздар гидролизінің толық қайтымсыз жүруі.
Екі пробиркаға 6-8 тамшыдан алюминий хлоридінің ерәітіндісін құйыңыз. Бірінші пробиркаға осынша көлемде аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңыз., ал екіншісіне натрий карбонатының ерітіндісін қосыңыз. Бірінші пробиркадан иісі арқылы күкіртті сутектің, ал екіншісінен көпіршік арқылы көміртек диоксидінің өлінетіндігін байқайсыз. Екі жағдайда да тұнбаға алюминий гидроксиді түседі, осы
реакция теңдеулерін жазыңыз. Не себепті алюминийдің сульфиді және карбонаты түзілмейді?
3-тәжірибе. Гидролиздену дәрежесіне температураның әсері. Пробирканың 1/3 бөлігіне дейін дистилденген су құйып, оған кішкене қалақшамен натрий ацетатын салыңыз. Реакцияның иондық теңдеуін жазыңыз, реакция ортасы қандай болады?
Осы пробиркаға 1 тамшы фенолфталейн құйыңыз да, пробирканы қыздырыңыз. Қыздырғанда пробирка түсі қалай өзгереді? ОН- - ионының концентрациясының өзгеруі туралы не айтасыз. Пробирканы қайта суытсақгидролиз реакциясының тепе-теңдігі өзгереді ме? Гидролиз реакциясына температураның әсерін қорытындылаңыз.
4-тәжірибе. Ерітінді сұйылтудың гидролиздену дәрежесіне әсері.
Пробиркаға 2-3 тамшы сурьма (111) хлоридін құйып, оған тамшылатып SbOНC12 ақ тұнбасы түскенше су құйыңыз. Бұл тұнба гидролизденудің 11-ші сатысында
Sb(OН)2Cl – дан су бөлінгенде түзіледі. Гидролиз реакциясының 1-ші және 2-ші сатысының иондық теңдеуін және Sb(OН)2Cl түзілу реакциясының жалпы теңдеуін, гидролиз константасының теңдеуін жазыңыз, осы теңдеу арқылы ерітіндіні сұйылтқанда гидролиздену ьдәрежесінің қалай өзгеретіндігін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет