Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет20/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Химия лаб

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды?
2.Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?
3.Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан?
4.Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері:
а)период бойынша (солдан оңға қарай)
б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді?
5. Эквиваленттің молярлық массасын тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш үшін қалай есептейді?
20,21 Зертханалық жұмыс. Электролиз және м еталдардың коорозиясы.


Жұмыстың мақсаты: Лекция сабағында өткен теориялық материалды есте бекіту, іс жүзінде электролиз процесін жүргізуді уйрену және коррозия процесінің жүру механизиін үйреніп оның түрлерін анықтау.
Қажетті ыдыстар, құралдар және ыдыстар: Электролизер, тоқ көрсеткіш, графитті, алюминий, мыс электродтары және сымдары, Nа2SO4, Си SO4, КІ, Н2SO4, К3[ Fe (CN) 6 ], сынап нитратының ерітінділері, металдық Zп, Fe, Sп , АІ.
Жұмыстың мазмұны.
1-тәжірибе. Натрий сульфаты ерітіндісінің электролизі.
U – тәрәзді электролизерге натрий сульфаты ерітіндісін құйып 2-3 тамшы метилоранж қосыңыз да, екі графит электродын ерітіндіге батырыңыз. Электродтарды 5-6 В тұрақты электр тогына жалғаңыз. Электролиз процесінің жүру уақытын бақылаңыз Электродтың қасында метилоранждың түсі қалай өзгереді? Электродтарда қандай газдар бөлініп шығады? Электролиз процесі жүрген кездегі құбылысты түсіндіріңіз, катодта және анодта жүретін реакциялардың теңдеуін жазып, қандай заттың тотығатынын, қандай заттың тотықсызданатынын көрсетіңіз.
.2-тәжірибе. Мыс сулфаты ерітіндісінің электролизі.
Электролизерге 30%-к мыс сульфатының ерітіндісін құйып оған тұрақты электр тогына қосылған екі грфит электродын батырыңыз. 6-А электр тогымен электролизді бірнеше минут жүргізіп, қандай өзгертер болып жатқанын байқаңыз. Анодта қандай газ бөлініп шығады? Электродтарда жүретін реакциялардың теңдеуін жазып, қандай заттың тотығатынын, қандай заттың тотықсызданатынын көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет