1-тәжірибе. Мысты ерітіндісінен ығыстырып шығару. Пробиркаға мыс сульфатының ерітіндісін құйып 5 минутқа наждакпен тазаланған темір шегені батырыңыз. Жасалған тәжірибенің нәтижесін кестеге жазыңыз.
Алынған
металдың
формуласы
|
Сыртқы түрі
|
Реакцияның теңдеуі, электрондық теңдеуі
|
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
|
қорытынды
|
|
|
|
|
|
2-тәжірибе. Мыстың екі валенттік мысқа дейін тотығуы.
Мыстың кішкене түйіршігін пробиркаға салып 3 мл концентрацияланған азот қышқылын құйыңыз. Тәжірибені тартпа шкафтың ішінде жасау керек. Жасалған тәжірибенің нәтижесін кестеге жазыңыз.
Алынған
металдың
формуласы
|
Сыртқы түрі
|
Реакцияның теңдеуі, электрондық теңдеуі
|
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
|
қорытынды
|
|
|
|
|
|
3--тәжірибе. Диспропорциялану (өзін-өзі тотықтырып, өзін-өзі тотықсыздандыратын) реакция.
Пробиркаға 2-3 мл бром суын құйып оған сөндірілген әк (известь) ерітіндісінің түсі түссіз болып өзгергенге дейін жайлап қосыңыз. Тәжірибенің нәтижесін жазыңыз
Алынған
металдың
формуласы
|
Сыртқы түрі
|
Реакцияның теңдеуі, электрондық теңдеу
|
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
|
қорытынды
|
|
|
|
|
|
4-тәжірибе. Иод ионының иод молекуласына дейін тотығуы.
А) Пробиркаға 2-3 мл калий бихроматының . K2Cr2O7ерітіндісін, 2-3 мл сұйылтылған күкірт қышқылын және 4 мл калий иодидін құйыңыз.
Б) Пробиркаға 2-3 мл калий иодидінің ерітіндісін және концентрациялы азот қышқылын құйыңыз. Осы екі тәжірибеде болған өзгерісті байқап нәтижелерін кестеге жазыңыз.
Алынған
металдың
формуласы
|
Сыртқы түрі
|
Реакцияның теңдеуі, электрондық теңдеу
|
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
|
қорытынды
|
|
|
|
|
|
Жаттығулар мен өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1. Электрондық тепе-теңдік әдісімен төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріп тотықтырғышпен тотықсыздандыр-ғышты анықтаңыз:1.
. *
3. *
4. *
5. *
6. *
7. *
8. *
9.*
№18,19 Зертханалық жұмыс.
Тотығу-тотықсыздану үрдісіне ортаның тигізетін әсері
Сабақтың мақсаты: Қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқу және тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерінің құрып үйрену.
№1 Тәжрибе. Әр түрлі ортадағы калий перманганатының тотығуы.
Үш пробиркаға 3 мл калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркаға 2 мл күкірт қышқылын, екіншіге 2 мл калий гидроксидін құйыңдар, үшіншісіне 2 мл су. Әр пробиркаға 3 мл натрий сульфитін құйыңдар.
Калий перманганатының түрінің қалай өзгеретіндігін байқаңдар. ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.
MnO4--қызыл көк, Mn2+- түссіз, MnO42—жасыл, MnO2 қоңыр тұнба.
№2 Тәжрибе. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күкірт (ІҮ) қосылыстары.
Бір пробиркаға калий дихромат K2Cr2O7 ерітіндісін, екінші пробиркаға натрий сульфиді ерітіндісін Na2S құйыңдар. Екі пробиркаға да 3 мл күкірт қышқылын және 3 мл натрий сульфиті Na2SО3 ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркадағы ерітінді түрі қалай өзгереді? Екінші пробиркадағы ерітінді түрі неге бұлыңғырланды? Екі ТТР-ның да теңдеуін жазыңдар.
№3 Тәжрибе. Темір (ІІІ) хлоридінің калий иодидымен тотығуы.
Пробиркаға 5 мл темір хлоридінің және 3 мл калий иодиды ерітінділерін құйыңдар. Ашық сары түске боялғанша бұл ерітіндіні сумен сұйылтыңдар да 2-3 тамшы жаңадан жасалған крахмал ерітіндісін тамызыңдар. ТТР теңдеуін жазып, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
№4 Тәжрибе. Диспропорциалану реакциясы.
Екі пробиркаға 2-3 тамшы натрий сульфиті кристалдарын салыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қалтырыңдар. Екінші проибрканы 5-6 минут қыздырыңдар. Пробирканы суытыңдар. Екі пробиркаға да 5-6 тамшы дистильденген су құйыңдар да тұздарды ерітіңдер. Әр пробиркаға 2-3 тамшы мыс (ІІ) сульфаты құйыңдар. Екі пробиркадағы да тұнбаның түсін салыстырыңдар. Екінші пробиркада пайда болған қара тұнба мыс сульфиді.
Натрий сульфитін қыздырғанда екінші шыққан зат натрий сульфаты. Натрий сульфитін қызыдрғанда жүрген ТТР теңдеуін жазыңдар.
№5 Тәжрибе. Молекулааралық ТТР.
Пробиркаға бірнеше мыс нитраты Cu(NO3)2∙3H2O кристалдарын салыңдар. Пробирканы ақырындап. Кристалл түрі өзгереді және одан газ бөлініп шығады. Мыс нитратының ыдырауы нәтижесіндегі ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.
Cu(NO3)2- ақ; Cu(NO2)2- болмайды; CuO- қара; Cu- қызыл; N2, NO, O2- түссіз; NO2- буырыл. Мыс нитраты молекуласындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |