Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


Сүзгі қағазды дайындау. Сүзгі қағазы және оны пайдалану әдістері



бет5/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Химия лаб

5. Сүзгі қағазды дайындау. Сүзгі қағазы және оны пайдалану әдістері.
Лабораторияда заттарды сүзу арқылы тазартқан жағдайда сүзгі қағазды пайдаланады. Сүзгі қағазының кәдімгі қағаздан өзгешелігі- ол қосымша өңделмеген желім сіңірілмеген, сондықтан қағаздың ұсақ тесіктері ашық болады. Сол ұсақ тесіктерінен сұйықты өткізеді және заттардың ірі бөлшектерін ұстап қалады. Зертханада саңылауларының мөлшері әр түрлі болып келген сүзгі қағаздар қолданылады. Сүзгі қағаздарын жұмыс кезінде пайдалану үшін оларды воронкаға лайықтап кесіп орналастыру, дымқылдау, сұйықтықты воронкаға таяқша арқылы құю дағдыларын меңгеру қажет болады. Ол үшін сүзгі қағазын төрт бұрыштап екіге, одан кейін төртке, сегізге бүктеңіздер.
Воронканың ішіне салып сол қолыңыздың саусақтарымен басып тұрып, оң қолыңыздың саусақтарымен воронкадан асып тұрған жерін қайырыңыздар. Сол қайырылыған шетін кесіп тастаңыздар.Төрт бүктелген сүзгінің бір қабатын айырып конус жасаңыздар. Ол конусты воронкаға салыңыздар.
Воронкаға салынған сүзгі воронканың шетіне 5-6 мм жетпей тұруы керек (Сүзгі воронканың шетімен бірдей не артық болмағаны жөн. Егер сүзгі өте үлкен болса ерітінді сүзгінің ернеуімен асып төгіледі).
6. Штативтің сақинасына сүзгі қағазы бар воронканы орналастырып, оның астына өлшенген таза фарфор тостағаншаны қоясыз. Воронканың төменгі кесілген ұшы тостағаншаның қабырғасына тиіп тұру керек. Ол тұз ерітіндісінің шашырап және шығын болмауы үшін.

  1. Тұз ерітіндісін сүзу.

Ол үшін мына ережелерді есте сақтау керек:
Сүзу – сұйықтарда ерімейтін қоспаларды ажырату үшін жүргізіледі. Қоспа затын стаканға салыңыз да үстіне 100 мл айдалған су құйып шыны таяқшамен жақсылап араластырыңыз. Ерітіндіні қүймастан бұрын сүзгіні таза сумен дымқылдап алыңыздар, егер су сәл артық құйылса воронканың ернеуінен төгіп тастаңыздар. Егер сүзгі дымданса одан өтетін ерітінді сүзінді, қоспа заттан толық айырылмайды, ал сұйық лай күйінде өтуі мүмкін. Ерітіндіні воронкаға таяқша арқылы құйыныздар. Сұйықты сүзгінің шетіне сәл жеткізбеңіздер, сұйық сүзгінің шетіне дейін не одан да жоғары құйылса сүзінді тіпті лас болады. Егер ерітіндідегі бөлшектер аса ірі болса мақта салып да сүзуге болады. Ол үшін воронканың ішіне мақта салады да сумен дымқылдайды, мақтаның шеті воронканың қабырғасына толық тиіп тұруына көніл бөліңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет