Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021



бет7/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Химия лаб

№4,5 Зертханалық жұмыс


Заттың эквивалентінің молярлық массасын анықтау.


Жұмыстың мақсаты: Лекция сабақтарында өткен материалдарды бекіту, іс жүзінде заттың эквивалентінің молярлық массасын есептеу және тәжірибе жүзінде анықтау.
Қажет ыдыстар мен реактивтер: 250 мл өлшегіш цилиндр, тостақша, пробиркалар, газ жүретін түтікше, барометр, штатив, мөлшерленген металл түйірі, 2 н НСІ ерітіндісі,
Жұмыстың мазмұны,
Заттың эквивалентінің молярлық массасын анықтау үшін 250 мл-лік өлшеу цилиндрінің ернеуіне дейін суға толтырылады, тостақшаға да су құйылады. Өлшеу цилиндрін тегіс әйнекпен жауып аударып, тостақшадағы суға ернеуін батырып, цилиндрге ауа кетпейтіндей етіп оны штативке бекітіңіз. Газ жүретін түтікшені тығынмен жалғастырып цилиндрдің ішіне бағыттаңыз. Заттың мөлшерленген түйірін оқытушыдан алыңыз, оны салмағы 0,12 г-нан кем болмау керек. Колбаны ашып 3-4 мл 2 н НСL ерітіндісін құйыңыз, оған берілген металды салып тез колбаны газ жүретін түтікшемен жалғасқан тығынмен жабыңыз, колбада жүретін реакция:
Ме+2 НСL МеСL22
Бөлініп шыққан сутегіні өлшеу цилиндріне жинап реакция барысын қадағалаңыз. Реакция аяқталған соң газ өткізгіш түтікшені өлшеу цилиндрінен босатып, кристализатордағы су деңгейі мен өлшеу цилиндріндегі су деңгейінің ара қашықтығын 1 (мм) өлшеңіз. Өлшеу цилиндрінде жиналған сутегінің көлемінің (V) (мл) анықтап, тәжірибе кезіндегі температураны (t), атмосфералық қысымды (Р) өлшеп, су буының қысымын (һ) анықтаңыз. Алынған деректерді кестеге жазыңыз.



Заттың мөлшері массасы, m. гр.

Сутектің көлемі Vt, мл

Судың бағанасы-ның биік-
тігі, ℓ мм

Цилиндр-дегі су бағанасы-
ның қы-сымы Рв, мм..с.б. (Па)

Атмосфе-ралық қы
сымы Рв, мм.с.б. (Па)

Тәжірибе темпера-турасы
t. C0

Су буының қы
сымы, һ мм.с.б. (Па)


























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет