2 - тәжірибе. Жалпы кермектілікті анықтау
Қәзіргі кезде судың кермектілігін ЭДТА реактивін қолданып комплексометрлік әдіспен анықтайды. Ол үшін бюретканы 0,02 н. титрленген ЭДТА ерітіндісімен толтырыңыз. Оқытушы зерттеуге берген судың көлемін пипеткамен өлшеп алып титрлеу үшін конустық колбаға ауыстырыңыз. Оның көлемін дистилденген сумен 100 мл-ге дейін жеткізіңіз ( көлемін мензуркамен өлшеуге болады). Осыған рН-ты 9-10 аралығында ұстап отыру үшін 5 мл буфер ерітіндісін (NH4ОН + NH4СI )
және 2-3 тамшы эриохром қара индикаторын қосыңыз. Осы кезде ерітінді қызыл түске боялады. Ерітіндіні араластырып бірден бюреткадағы ЭДТА ерітіндісімен қызыл түс көк түске ауысқанға дейін титрлеңіз. Титрлеуді 1-ші тәжірибедегідей үш рет қайталаңыз. Тәжірибе мәліметтерін 1-ші тәжірибеде келтірілген кестедей кестеге жазыңыз.
Кесте 2
Судың жалпы кермектілігін (моль ·экв/л) мына формуламен есептейді.
Судың жалпы кермектілігі:
СЭДТА • VЭДТА • 1000
Жалпы кермект.ік = -------------------------------- ;
VН2О
Тұрақты кермектілікті есептеңіз:
Тұрақты кермектілік = жалпы кермектік – уақытша кермектік.
Сіздің зертханада зерттелген судың кермектігі қандай кермектіктің түріне жатады? Неліктен?
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. s-элементтерге жалпы сипаттама.
2. Сутегі және оның физикалық, химиялық қасиеттері алынуы және қолданылуы.
3. Сутектің асқын тотығы, құрылысы, қасиеті және қолданылуы.
4. Су және оның физикалық, химиялық қасиеттері алынуы және қолданылуы.
5. Судың кермектілігі және оны жою жолдары.
6. 1А және 2А топша элементтерінің қасиеттері.
№ 25 Зертханалық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |