5. Әрбір білімгер жұмысты бітіргеннен кейін жұмыс орнын тазартып кезекші білімгерге, ал кезекші лаборантка тапсыруы тиіс.
№3 Зертханалық жұмыс. Заттарды тазарту
Жұмыстың мақсаты: суда еритін қатты заттарды бір-бірінен ажыратып тазартудың әдістерімен танысу. Еріту, тұндыру, сүзу, суалту арқылы 0,01г. дәлдікке дейін өлшеу арқылы заттың шығымын (%) анықтау.
Қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер: аналитикалық және техникалық таразылар, фарфор тостағаншалар, воронкалар, су моншасы, сақиналы штатив, 100мл. стакан, шыны таяқша, қайшы, сүзгі қағазы, спирт шамы, электр плиткасы, ластанған ас тұзы.
Жұмысты орындау тәртібі мен реті:
Тәжірибе мәліметтерін жазуға қажетті кестені дайындау.
Фарфор тостағаншаның салмағы (шыны таяқшамен бірге) ( г)
|
Ластанған тұздың
салмағы (г)
|
Таза тұздың салмағы (г)
|
Тұз құрамындағы қоспаның пайыздық мөлшері (%)
|
тұзсыз
|
Ластанған тұзбен
|
Таза тұзбен
|
|
|
|
|
|
|
2 .Шыны таяқшамен бірге таза құрғақ фарфор тостағаншасын өлшеп алып, нәтижесін кестеге жазып алу.
3. Шыны таяқшамен бірге фарфор тостағаншаға ластанған тұзды (3-5г.) салып, салмағын өлшеп, нәтижесін жазу.
4. Тұздың әр бір грамына 3мл.-ден су өлшеп стаканға кұю ( 4г. тұзға – 12мл. су, 5г. – 15мл. су) . Оған абайлап ластанған тұзды салып, стакандағы суды ақырындап қозғай отырып тұзды еріту.
Достарыңызбен бөлісу: |