Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


Осы заттармен жұмыс істегенде есте ұстайтын сақтық шаралар



бет3/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Химия лаб

Осы заттармен жұмыс істегенде есте ұстайтын сақтық шаралар:


1. Металл натриймен, калиймен жұмыс істегенде көзге қорғағыш көзілдірік кию керек. Бұл металдарды қолмен ұстауға, тәжірибеден қалғанын жерге, қалдық заттар салатын
2. Егер күкірт қышқылын сұйылту немесе азот қышқылына қосу қажет болса қүкірт қышқылын суға, азот қышқылын күкірт қышқылына аз-аздап тамызу арқылы кең ыдыста қосу керек.
Уландырғыш заттармен жұмыс істеу
Хлор, бром, азот оксидтері, ацетилен т.б. заттармен жасалатын тәжірибелерді жел тартқыш шкафта жүргізеді.
Жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмектер.
1. Егер киімдеріңе, қолдарыңа, беттеріңе, көздеріңе қышқылдың немесе сілтінің шашарандысы тисе, тиген жерді судың қатты ағынымен жуу керек. Көзге тисе жуғышқа құйылған таза сумен жуу керек. Сумен жуғаннан кейін сілтіні – бор қышқылының 1%-тік ерітіндісімен, қышқылды – соданың 1%-тік ерітіндісімен жуу керек.
2. Егер тәжірибе кезінде әртүрлі (азот оксидтері, амин,нитроароматты қосылыстар т.б.) уландырғыш заттар әсерінен тыныс мүшелері қабынып адам улана бастаса, тез арада таза ауаға шығару керек.
3. Егер тәжірибе кезінде пробиркадағы немесе басқа ыдыстағы заттар жана бастаса тез ыдыстың аузын асбеспен немесе су орамалмен жауып, жану күштілеу болса құрғақ құммен, одеялмен өшіреді.


Зертханалық жұмысты жүргізу мен есеп беру тәртібі.


Зертханалық жұмысты (тәжірибені) бастаудан бұрын:
1. Оқулықтан осы зертханалық жұмысқа тиісті тақырыппен танысып, химиялық өзгерістердің мәніне түсіну керек;
2. Оқулықтан немесе әдістемелік ңұсқаудан тәжірибені жүргізу жағдайларымен танысу;
3. Тәжірибені орындағанда, оның жүргізу тәртібімен барлық қауіпсіздік техника ережелерін сақтау керек;
4. Білімгер зертханалық жұмысқа жеке дәптер арнап сыртына білімгердің әкесінің аты, өзінің аты жазылады. Бұл дәптерге оқытушының берген тапсырмысына байланысты жұмыстың қысқаша мазмұнын, әр тәжірибе бойынша реакция теңдеуін, керек есебін есептеп жазу керек. Тәжірибе жасаған кезде онда байқаған өзгерістерді жазып, соңында оған түсінік беріп қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет