Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021



бет6/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Химия лаб

8. Ерітіндіні суалту. Өздеріңіз сүзгіден өткізіп алған ас тұзының сүзіндісін, отқа берік фарфордан жасалған тостағаншаға құйыңыздар да темір тордың үстіне қойып қыздырыңыздар. Бірақ сүзінді тостағаншаның ернеуінен бір сантиметірдей төмен тұрсын, өйтпесе сұйық қайнағанда тостағаншаның ернеуінен асып төгіледі. Сүзінді қызып ыси бастаған кезде, шыны таяқшамен үздіксіз араластырып отырыныздар. Беттеріңді, көздерінді ыссы сүзіндінің шашырауынан сақтаныздар. Ас тұзы кебе басталған кезде тұздын майда кристалдары жан-жақа шашырайды, оны болдырмау үшін, бөлінген тұз батпайтындай аз су қалғанда қыздыруды тоқтату керек те, араластыра отырып бұған дейін қызған тостағаншаның жылуын
пайдаланып, суды буландырыңыздар немесе су, құм моншасы арқылы құрғатыңыздар. Ол үшін темір қалбырға су құйып қайнау шегіне дейін жеткізесіздер де әлгі фарфор тосағаншадағы тұз ерітіндісін соның үстіне койып біртіндеп суалтасыздар. Егер темір қалбырдағы су азайса аздап құйып отырыңыз.
Бұлай қыздырғанда тостағанша аса қызып кетпейтіндіктен,тұз кристалдары шашырамайтын болады.
9. Тұз әбден құрғағаннан кейін фарфор тостағаншаны су моншаынан алып, бөлме температурасына дейін салқындатып, кептіріп шыны таяқшамен бірге өлшеңіз. Нәтижесін жазыңыз. Тұздың тұрақты салмағы алынғанша мүмкіндігінше бірнеше қайтара өлшеңіз.
10. Төмендегі формула бойынша тұздың ластануының пайыздық мөлшерін шығарыңыз:
мұндағы а - ластанған тұздың салмағы (г);
в – таза тұздың салмағы (г);
Ескерту: су моншасының орнына химиялық стаканды пайдалануға болады.


Жаттығулар мен өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең. Осы газдың молекулалық массасын табыңыз


2. Натрий нитратының 17 г-да неше молекула бар?
3. Оттектің 3,01*1023 молекуласының мольдік мөлшерін анықтаңыз.
4. Массасы 0,486 гр болатын магнийдің мольдік мөлшерін табыңыз.
6. Оттектің ауа бойынша тығыздығын табыңыз.
7. Аллюминий оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) анықтаңыз.
8 1 моль алюминийді тотықтыру үшін қанша г оттегін алу қажет?
9. 333 г кальций гидроксидін алуға жұмсалатын кальций оксидінің массасын анықтаңыз.
10. Қалыпты жағдайда 56 г азот молекуласы (N2) қандай көлем алады?
11. Фтор бойынша тығыздығы 1,16-ға тең белгісіз газдың молярлық массасын анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет