Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:
Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиетінің дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.
Үй тапсырмасы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыреттілігінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып-ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде оқушы өз білімін пысықтайды.
Мұғалімдердің назарына!!!
Оқулықта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері берілген. Бұл – авторлардың тарапынан мұғалімдерге оқушылардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасын нығайту үшін берілген әдістемелік көмек.
Егер мұғалім сабақты басқаша ұйымдастыратын болса, онда топтық, жұптық тапсырмаларды оқушыларға жеке орындатуға да болады. Сонымен бірге оқулықта топтық, жұптық тапсырмалардың болуы, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды саралап беруіне мүмкіндік ашады.
Әдістемеліктің қысқамерзімді жоспарында берілген 1, 2, 3 тапсырмалар оқулықтың «Практикалық жұмыс», «Орында» және «Ойлан» айдарларынан алып нөмірлеп қойылған.
Скретч 2.0 программалау ортасын көшіріп алу үшін төмендегі сілтемені пайдалану керек: https://scratchet.top/scratch-2-0/
Роботқа арналған Mindstorms EV3 программасы
Mindstorms EV3 программасын тегін көшіріп алу үшін төмендегі сілтемені пайдалану керек:
Достарыңызбен бөлісу: |