Әдістемелік нұсқау



бет3/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#139607
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары

  1. Қандай заттар тануға жатпайды.

  2. Қандай жағдайлардан тануға жатпайды.

  3. Тергеудегі тану мен медициналық танудың ерекшелігі.

  4. Мәйітті эгзгумациялау қандай жағдайда және қандай ретте жүргізіледі.

  5. Қандай жағдайларда тану жүргізуге маман қажет етіледі.

  6. Жеке тінту немен ерекшеленеді.

3 Семинар сұрақтарының



  1. Орында жауап беруді тексеру және нақтылау. Өндірісінің негізі және іс жүргізу реті.

  2. Өндірістік тергеу эксперементінің түсінігі, негізі және қолданудың іс жүргізушілік реті. Тергеу эксперементінің түрлері.

  3. Өндірістік сараптаманың негізі және қолдануының іс жүргізушілік реті.

  4. Өндірістік сараптама тағайындау кезіндегі айыптаушының құқығы.

  5. Салыстырмалы зерттеуге алынатын үлгілердің негізі және іс жүргізіушілік реті.

  6. Эксгумация: негізі және оны өткізудің іс жүргізушілік реті.

  7. Куәландіру: түсінігі, түрлері, өндірісінің іс жүргізушілік реті. Куәландыру кезінде маманның қатысуы.

  8. Есеп шығару.


Бақылау сұрақтары

  1. Оқиғалық жағдайлардың мақсаты.

  2. Сараптама белгілеудің негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз бірінші белгілі бір экспертке тапсырылатын сараптама.

  3. Салыстырмалы зерттеуге алынатын үлгілердің қаулысында не көрсетілуі қажет

  4. Қандай жағдайларда айыптаушы стационарлық сараптамаға жіберілуі мүмкін.


18-тақырып Алдын-ала тергеудің аяқталуы

Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі мен жағдайлары. Айыптау қорытындысын жасаумен алдын ала тергеудің аяқталуы. Айыптау қорытындысын прокурорға бағытталған істер бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталуы туралы хабарлау. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және оның өкілдерін қылмыстық іс материалдарымен таныстыру.

Қылмыстық істердің материалдарымен танысу кезінде туындалған өтініштерді қарау мен шешу.

Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы хаттама: құрылысы мен мазмұны.

Айыптау қорытындысы: түсінігі, маңызы. Айыптау қорытындысының мазмұны мен нысаны, оның тұлғаны айыптаушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулымен байланысты.

Қылмыстық істі прокурорға жолдау.

Алдын-ала тергеуді аяқтау нысандары. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың өкілдерінің іс материалдарымен танысуы.Айыптау қорытындысы, оның мазмұны мен нысаны. Прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша іс-әрекеті. Айыпталушыны сотқа беру.
Семинар сұрақтарының жоспары


  1. Алдын ала тергеуді тоқтатудың шарттары және түсінігі ,пәні, негізі.

  2. Айыпталушыны іздестіру.

  3. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ретін тоқтата тұру және қайта өндіру.

  4. Алдын ала тергеуді бітірудің түсінігі және формасы.

  5. Іс жүргізуге қатысушылардың іспен танысуының іс жүргізушулік реті.

  6. Айыптау қортындысы. Оның мазмұны мен формасына қойылатын талаптар.

  7. Қылмыстық істі прокуратураға жіберуі.

  8. Есеп шығару.


Бақылау сұрақтары

  1. Қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың жалпы және жеке шарттарын атаңыз.

  2. Іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың іс жүргізушілік салдары қандай.

  3. Айыптау ретіндегі адамда тану үшін тергеуші қандай әрекеттер қолданады.

  4. Өндірістік істі тоқтата түру кезіндегі айыпталушыны іздеу хабарландыруының реті.

  5. Іс бойынша анықтау өндірісін тоқтата тұру мүмкін бе, егер бұған алдын ала тергеу міндетті болса.

  6. Егер тоқтатылған іс қандай жағдайларда қайта қозғалады.

  7. Алдын ала тергеу өндірісі міндетті емес, анықтаушы істің аяқталуы мен алдын ала тергеудің аяқталуының айырмашылығы.

  8. Айыпталушы мен оның қорғаушысының іспен танысу реті.

  9. Қылмыстық іс тоқтатылған кездегі айыптаушы мен жәбірленушінің қандай құқықтыры болады.

  10. Айыптау қортындысының мағынасы қандай? Айыптау қортындысын құрастыру тәсілдеріне қысқаша мінездеме беріңіз?


19-тақырып Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық

Басты сот талқылау сатысының мәні, маңызы және міндеттері. Басты сот талқылауы жалпы шарттарының ұғымы мен маңызы. Сот талқылауының тікелей ауызша және үздіксіз болуы.

Басты сот талқылауына сотталушының қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Сотталушысыз істі талқылаудың негіздері. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Қорғаушының сот талқылауына келмеудің салдары.

Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Жәбірленушінің сот талқылауына келмеудің салдары.

Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына қатысуы, олардың құқықтары мен міндеттері. Олардың келмеудің салдары.

Басты сот талқылауының шегі.

Басты сот талқылауын кейінге қалдырудың негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Қылмыстық істі тоқтата тұрудың негізі мен іс жүргізушілік тәртібі.

Бұлтартау шарасы туралы және олардың мерзімдері туралы мәселелерді шешу.

Басты сот талқылауында қылмыстық істерді қысқарту.

Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртіптері. Басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар.

Соттылық ұғымы, маңызы және түрі. Істердің пәндік белгіге байланысты соттылығы. Істердің аумақтық белгісіне байланысты соттылық. Істердің жеке дербестік субъект белгіге байланысты соттылығы. Қылмыстық істі соттылығы бойынша беру. Соттылық туралы дауларды шешу. Қылмыстық істерді біріктіру негізіндегі соттылықты анықтау.
Семинар сұрақтарының жоспары


  1. Басты сот талқылауының мәні, мағынасы және мақсаттары.

  2. Сот талқылауының жалпы шарттары.

  3. Келіп түскен қымыстық іс бойынша соттық әрекеті. Басты сот талқылауын тағайындау формасы.

  4. Алдын ала таңдауды өткізудің түсінігі, негізі және реті.

  5. Басты сот талқылауының құрылымы.

  6. Сот талқылауының дайындық бөлімі.

  7. Есеп шығару.


Бақылау сұрақтары

  1. Неліктен басты сот талқылауы, қылмыстық іс жүргізудің орталық сатысы болып табылады.

  2. Қылмыстық іс жүргізу жүргізу қағидалары мен сот талқылауының жалпы шараларының арақатынасына анализ беріңіз?

  3. Сот талқылауының шегі қандай критерилермен анықталады.

  4. Қандай жағдайда қылмыстық іс сотта айыпталушыз қарастырылуы мүмкін?

  5. Қандай жағдайда сот талқылау кейінге шегерілуі мүмкін?

  6. Басты сот талқылауын тағайындау қаулысының мазмұны қандай талапқа сай келуі қажет?

  7. Келіп түскен іс бойынша сот шешімді қандай мерзімде шешім шығару қажет?

  8. Қылмыстық істі сот қосымша тергеуге қайтарып жіберу реті мен негізі.


20-тақырып Басты сот талқылауын тағайындау. Басты сот талқылауы
Басты сот талқылауын тағайындау сатысының ұғымы мен маңызы, міндеттері. Келіп түскен қылмыстық істер бойынша соттың іс әрекеттері. Келіп түскен істер бойынша судъя қабылдайтын шешімдердің түрлері. Шешімдерді қабылдаудың мерзімдері. Сотқа келіп іс бойынша анықталуға жататын мәселелер.

Алдын ала тыңдауды тағайындаудың түсінігі мен тәртіптері. Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Алдын ала тыңдау процесінде прокурордың айыпты өзгертудің салдары.

Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптері. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулының мазмұны мен нысаны.

Қосымша тергеуді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарудың негіздері мен тәртіптері. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқартудың негіздері мен тәртіптері.


21-тақырып Басты сот талқылауы
Басты сот талқылауы сатысының ұғымы, оның жүйесі. Басты сот талқылауы сатысының мәні, міндеттері және маңызы. Басты сот талқылауы – қылмыстық іс жүргізудің басты сатысы.

Басты сот талқылауының құрылысы.

Сот талқылауының дайындық бөлімі, оның түсінігі, мазмұны, міндеттері мен маңызы. Басты сот талқылауын ашу. Басты сот талқылауына шақырылған тұлғалардың келуін тексеру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сотталушының жеке басын анықтау, соттың құрамын жариялау, залдан куәларды шығару, өтініштер мен қарсылықтарды шешу тәртіптері.

Сот тергеуі, оның мәні, маңызы және тәртібі. Сот тергеуінің басталуы. Сот тергеуінде сотталушының позициясын анықтау. Сот тергеуіндегі соттың атқаратын іс-әрекеттері.

Сотталушыдан жауап алу. Сотталушының жауабын жариялау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу. Кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу ерекшеліктері. Жәбірленушіден, куәнің жауаптарын жариялау. Сараптама тағайындау. Сарапшыдан жауап алу. Заттай дәлелдемелерді алу. Заттай дәлелдемлерді қарау. Жерлерді және тұрғын үйді қарау. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу негіздері. Сот тергеуінің аяқталуы.

Сот талқылауында істі қысқартылған тәртіппен қарау: түсінігі, негіздері.

Сот жарыссөзінің мазмұны, тәртібі, олардың мазмұны. Сот жарыссөзіне қатысушы тұлғалардың репликалары.

Сотталушының соңғы сөзі: түсінігі, маңызы. Сот тергеуін қайта жаңғырту.

Үкім: түсінігі, маңызы, мәні. Үкім қылмыстық іс бойынша сот төрелігінің акті ретінде. Үкімнің, айыптау қорытындысының, айыпталушыны сотқа беру туралы қаулының, және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулының ара қатынастары.

Үкімді шығару. Үкімнің заңдылығы мен негізділігі. Үкімді шығару кезінде сот шешетін мәселелер. Судьялардың кеңесу құпиясы. Судьялардың кеңесу тәртіптері. Судьяның ерекше пікрі.

Үкімнің түрлері. Айыптау үкімін шығарудың негіздері. Айыптау үкімінің түрлері. Ақтау үкімін шығару нысандары. Үкімді жасау.

Үкімді жариялау. Сот отырысы заңының сотталушының қамаудан босатудың негіздері. Үкімнің көшірмесін ұсыну.

Соттың жеке анықтамалары, негіздері, және оның шығарудың тәртіптері.

Үкімді шығарумен бірге сот шешетін меселелер.


Семинар сұрақтарының жоспары

  1. Соттық тергеу оның мәні, мағынасы және мазмұны.

  2. Сот тергеуін жаңарту реті мен шарты.

  3. Ұсталған немесе айыптаушының ақырғы сөзі оның мазмұны және мәні.

  4. Үкімнің мазмұны және формасы.

  5. Үкім түсінігі, мәні және мағынасы.

Әдебиеттер [1,3,7,9,30,39,44,62]
22-тақырып Соттың заңды күшіне енбеген үкімдерді мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялык өндіріс)
Апелляциялық өндіріс сатысының ұғымы, маңызы және міндеттері. Үкімге апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге құқылы субъектілер.

Апелляциялық тәртіппен істерді қарайтын соттар. Үкімге апелляциялық шағымдар мен наразылық берудің тәртіптері мен мерзімдері. Шағым мен наразылықты беру мерзімін қалпына келтіру тәртіптері. Шағымда беру және наразылықты келтіру туралы хабарлау. Шағымда беру мен наразылықты келтірудің салдары.

Бірінші сатылы сот қаулысына жеке шағым мен наразылық беру.

Апелляциялық қарау пәні, және апелляциялық сатыда істі қараудың шегі. Істі апелляциялық сатыда қарау мерзімі.

Апелляциялық шағым мен наразылық : нысаны мен мазмұны.

Апелляциялық сатылы сотта отырысты тағайындау. Істі апелляцияық сатыда қараудың іс жүргізу тәртіптері мен мерзімдері.

Бірінші сатылы соттың үкімін өзгерту мен жою негіздері.

Ақтау үкімін жою мен өзгерту жағдайлары. Сот тергеуінің біржақтылығы мен толықсыздығы. Қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзылуы. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау. Сот тағайындаған жазаның сәйкес келмеуі.

Қылмыстық қысқарту мен айыптау үкімін жою. Жаңа сот талқылауына жіберу арқылы үкімді жою.

Апелляциялық қаулының мазмұны, оны шығарудың тәртібі. Апелляциялық сатылы соттың қаулысын орындауды жүзеге асыру тіртіптері.

Апелляциялық сатылы сотта істі қайта қарау.

Бастапқы үкім жойылғаннан кейін бірінші сатылы сотта істі қарауы.



Семинар сұрақтарының жоспары.

  1. Апеляциялық өндірістің мағынасы және негізі. Апеляцияның негіздері.

  2. Апеляциялық шағымданудың мерзімдерінің реті.

  3. Апеляциялық инстанциядағы істерді қарау мерзімдері, пәні және іс жүргізу реті.

  4. Апеляциялық қаулылар олардың түрлері және мазмұны. Шешімді өзгерту және алып тастау негізі.

  5. Есеп шығару.


Бақылау сұрақтары

  1. Апеляциялық инстанциядағы дәлелдеу бағасының ерекшеліктері қандай.

  2. Апеляцияның негізгілерін атаңыз.

  3. Апеляциялық инстанциядағы прокурордың рөлі қандай.

  4. Апеляциялық инстанцияны жаман жаққа бұрылуына жол бермеудің мәні немен қортындыланады.

  5. Бірінші инстанциядағы сот тергеуінен, апеляциялық инстанциядағы сот тергеуінің айырмашылығының спецификасы.

  6. Апеляциялық инстанциядағы іс қандай жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

Әдебиеттер [1,3,7,9,30,39,44,50,62].
23-тақырып Соттың үкімдері мен қаулыларын орындау
Үкімді және қаулыны орындау сатысының мәні мен маңызы. Үкімді орындау сатысында қылмыстық іс жүргізу принциптерін жүзеге асыру. Сот үкімдері мен қаулыларын орындауға кірісу тәртібі. Үкім мен қаулыны орындаудағы ішікі істер органдарының рөлі. Кәмелетке жасқа толғандары бас бостандығынан айыру үкімін орындау.

Үкімді орындауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар.

Үкімін орындалуын кейінге қалдыру.

Үкімді орындау кезінде соттың қарайтын мәселелері.

Кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру үкімдерін орындау. Үкімді және қаулыны орындау. Кезінде туындалатын іс жүргізушілік мәселелер. Соттылықты алу туралы өтініштерді соттың қарауы.

Жазаны ауыстыру, өзгеру, жою және жазадан босату. Соттың үкімі мен қаулысының орындалуы заңдылығына прокурордың қадағалауы.


Семинар сұрақтарының жоспары.

  1. Шешімді орындау сатысының түсінігі және мәні.

  2. Шешімінің заңды күшке енуі және шешінің орындалу реті.

  3. Шешімінің орындалуын шегеру.

  4. Шешімінің орындалу сатысында туындайтын сұрақтар.

  5. Шешімінің орындалуымен байланысты сұрақтарды шешудің іс жүргізушілік реті.

  6. Шешімінің орындалу сатыларының заңдылығын прокурорлық қадағалау.

  7. Есеп шығару.


Бақылау сұрақтары

  1. Шешімінің орындалу реті

  2. Шешімінің орындалуын жүзеге асыратын огандар

  3. Шешімінің орындалуына байланысты сұрақтарды шешуге құқылы соттар.

  4. Шешімінің орындалуын шегерудің іс жүргізушілік және материалдың негіздері.

  5. Жазаны атқару кезінде сот шешімге өзгерту енгізуге құқығы барма?

Әдебиеттер [1,3,7,9,30,39,44,62]
24-тақырып Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау өндірісі
Қадағалау өндірісінің ұғымы, маңызы және міндеттері. Апелляциялық өндірістен ерекшелігі. Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын қайта қару негіздері.

Қадағалау өндірісін қорғау тәртібі. Қадағалау тәртібінде қарсылық беру құқығы бар тұлғалар шеңбері. Қадағалау саты саттарының шешімдерінің түрлері мен мазмұны. Үкімді жою немесе өзгерту негіздері.

Сотта қадағалау шағымдарын алдын ала қараудың тәртібі мен мерзімдері. Тексеру жүргізу үшін соттан істі сұратып алу. Шағымды алдын ала қарудың іс жүргізу салдары. Сот үкімдерін, қаулыларын орындауды тоқтата тұрудың негіздері мен тәртіптері.

Қадағалау сатысында істі қарау тәртібі. Қадағалау сатылы соттың отырысына қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері.

Қадағалау сатылы соттың шығаратын шешімдердің түрлері. Заңды күщіне енген сот үкімдерін, қаулыларын өзгерту мен жою негіздері. Аса ауыр қылмыстар немесе қылмыстық істі қысқарту туралы заңды қолдану қажеттілігі немесе тағайындалған жаза жеңілдігіне байланысты ақтау үкімін, айыптау үкімін қадағалау тәртібімен жою жағдайлары.

Қадағалау сатылы сотта істі қарау кезінде дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктері.

Қадағалау сатылы соттың қаулысына қойылаттын талаптар.

Үкімді және сот қаулысын жоюдан кейін істерді қарау.

Сот үкімдеріне, қаулыларына қайтадан шағымдану, наразылық келтіру тәртіптері.
Семинар сұрақтарының жоспары


  1. Қадағалау инстанциясындағы өндірістің басталу негізі және мағынасы, мәні.

  2. Қадағалау инстанциясында сот өндірісінің іс жүргізушілік реті.

  3. Қадағалау инстанциясындағы сот шешімінің мазмұны және түрлері.

  4. Қадағалау инстанциясындағы сот шешімін өзгерту немесе тоқтату негізі.

  5. Сот қаулысы мен шешімін тоқтатқан кейін істі қарау.

  6. Есеп шығару.

Бақылау сұрақтары

  1. Кассациялық және апеляциялық өндірістен қадағалау өндірісінің айырмашылығы.

  2. Істі соттық қадағалау реті бойынша қандай соттың инстанцияллар қарауға құқылы.

  3. Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қараудың іс жүргізушілік реті.

  4. Шешімге шағым түскенде қылмыстық іс қандай жағдайда алынады.

  5. Сот шешімінің орындалуын тоқтатып негіз не болып табылады.

Әдебиеттер [1,3,7,9,30,39,44,62]
25-тақырып Жанадан ашылағн мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
Жанадн ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау сатысының мәні, маңызы және міндеті. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта басталатын қылмыстық істер бойынша соттар шешімдері.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негізі мен тәртібі.

Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеу тәртіптері. Тексеріс және тергек жүргізілгеннен кейінгі прокурордың іс әрекеттері. Прокурор қорытындысы.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізу туралы мәселелерді соттың шешуі. Прокурордың қорытындысын қарау бойынша сот шығаратын қаулылар түрлері.

Сот шешімдерін жоюдан кейін жүргізілетін іс жүргізу.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау кезіндегі азаматтық талап.


Семинар сұрақтарының жоспары

  1. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты істі қайта қараумәні, мағынасы және мақсатты.

  2. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты істі қайта қарау мерзімдерінің негізі.

  3. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты істі қайта қараудың іс жүргізушілік реті.

  4. Тексеру және тергеу аяқталғаннан кейінгі прокурордың әрекеті.

  5. Сот шешімін алып тастағаннан кейінгі сот ісі.

  6. Есеп шығару.

Әдебиеттер [1,3,7,9,30,39,44,62]
26-тақырып Қылмыстық ісьердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмытық ізге түсу жеке түрде асырылуы мүмкін қылмыстар тізбегі.

Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті. Жеке айыптау істері бойынш шағымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері.

Жеке айыптау істері бойынша тараптар ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау. Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері. Кері шағым жеке айыптау істерімен біріктіру бойынша сот отырысында қарау тәртіптері. Тараптардың келісуі. Сот тергеуі.

Жеке айыптау істері бойынша соттың шығаратын шешімдері. Жеке айыптау істерін қысқартудың негіздері.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың халықаралық стандартты және тәртіптері.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар тізбесі; кәмелетке толмағандардың істері бойынша жариялылықты шектеу тәртібі істері бөлек өндіріске бөлектеу; кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау ерекшеліктері; кәмелетке толмағаннан жауап алужәне қорғаушының, заңды өкілдердің, педагог және психологтың қатысуы. Кәмелетке толмағанға қатысты кешенді психология-психиатриялық, психологиялық сараптама жүргізу. Кәмелетке толмағанды арнайы балалар мекемесіне орналастыру.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – барлығының заң және сот алдындағы теңдігі туралы.

Қазақстан Республикасының депутатына қатысты қылмыстық істі қозғау, қамауға алу, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысыт қылмыстық іс қозғау, қамауға алудың, күштеп алудың іс жүргізушілік тәртіптері.

Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері.

Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммуниттері бар тұлғалар. Дипломатиялық иммуниттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері.

Дипломатиялық иммуниттері бар тұлғаларды ұстау емн қамауға алу. Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммуниттері.


Семинар сұрақтарының жоспары

  1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісінің тергеу ерекшеліктері.

  2. Кәмелетке толмағандардың ісін алдын ала тергеу ерекшеліктері.

  3. Бірінші сот инстанциясында кәмелетке толмағандар ісін жүргізу.

  4. Кәмелетке толмағандар ісіндегі шектеу.

  5. Тәрбиелік міндеттеу шараларын қолдануға байланысты жазадан бастау негізі.

  6. Есеп шығару.


Бақылау сұрақтары

  1. Ювекалдық юстиция концепциясына жалпы бінездеме беріңіз.

  2. Кәмелетке толмағандардың іс жүргізу ерекшелігі немен ерекшеленеді.

  3. Бұл категориядағы істің дәлелдеу пәнінің ерекшелігі.

  4. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі, психологиясы, оқытушысы қандай іс жүргізушілік қызмет атқаруы қажет?

  5. Тәрбиелік міндеттеу шарасын қолдануға байланысты жазадан босату негіздерін атаңыз.

Әдебиеттер [1,3,7,9,44,56,61]
27-тақырып Қылмыстық іс жүргізудегі айырықша іс жүргізу
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері. Аталмыш сипаттағы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар. Психикалық аурулармен ауыратын тұлғаларға қатысты қауіпсіздік шаралыры.

Ата аналарының, қамқоршысының, асырап алушының қарамағына беру, арнайы медициналық мекемеге орналастыру.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолдану туралы іс жүргізілетін тұлғаның құқықтары.

Алдын ала тергеудің аяқталуы. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа істі бағыттау туралы қаулының мазмұны мен нысаны. Осы санаттағы істер бойынша қысқартудың негіздері мен тәртібі.

Есі дұрыс емес тұлғалардың қоғамға аса қауіпті қылмыстары туралы істер бойынша сот талқылауының ерекшеліктері.Осы істер бойынша сот шешетін мәселелер. Сот қаулылардың түрлері. Сот қаулыларына шағымдану мен наразылық келтіру. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қысқартудың, өзгертудің және ұзартудың негіздері. Медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылатын тұлғаларға қатысты қылмытсық істі қайта жаңғырту. Құқықтық көмекті көрсету мәселелері бойынша қатынас жасау тәртібі. Іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы орындау мазмұны. Іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманың мазмұнына және нысына қойылатын талаптар.

Куәні, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, және олардың өкілдерін, сарапшылар шақыру және олардан жауап алу.

Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру үшін іс материалдарын жолдау. Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және қылмыстық ізді қозғау туралы өтініштерді орындау.

Қылмыстық жауапқа тарту үшін және үкімді орындау үшін тұлғаны беру туралы талапты жолдау. Шетел мемлекетінің азаматын беру туралы талапты орындау. Берілген тұлғаның қылмыстық жауапкершілігінің шегі. Бруден бас тарту. Азаматтығы жоқ тұлғаға, басқа мемлекеттің азаматына қатысты қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және оларды беру. Экстрадициялық қамауға алудың негіздері мен тәртібі.

Жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау туралы өтінішін қарау.

Шетел мемлекеті соының үкімін орындауына байланысты мәселелерді соттың шешу тәртіптері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет