Әдістемелік нұсқау



бет24/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
биохим

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №6

БӨЛУ ПРОЦЕСТЕРІ

Бөлу дегеніміз бүйрек, тері бездері, өкпе, қарын және ішек қызметтерінің арқасында организмнен зат алмасу өнімдерінің шығуы. Организмнен су, көміртек тотықтары, белок алмасуының ақырғы өнімдері (мо­чевина, аллантоин, зәр қышқылы, креатинин және т. б.), май және углеводтардың толық тотықпаған өнімдері (сүт, бета-оксимай, ацетон және т. б.), анорганикалық қосылыстар (хлоридтер, фосфаттар, нитраттар, бикорбонаттар және т. б.), организмге кездейсоқ түскен әр түрлі зиянды заттар үздіксіз бөлініп отырады.

Бөліп шығару процестерінде негізгі рольді бүйрек атқарады. Бүйректегі күрделі сүзілу, қайта сіңіру, кейбір заттардың түр өзгерістері және секреция процестерінің арқасында организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы - гомеостаз, сақталады. Бүйректің күрделі қызметі нәтижесінде зәр пайда болады. Зәрдің мөлшері мен құрамы әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет